Оглавление
Сыйлық әзірлеу – қысқы мереке алдындағы ең жауапты сәт. Жақындарыңыз бен достарыңызға тосын сый әзірлегенде дұрыс таңдау жасау өте маңызды. Егер сіз олардың тілектер тізіміне не кіретінін және Жаңа жылға оларға не сыйлау керектігін білмесеңіз, Apple Watch-ті байқап көріңіз. Функционалды және стильді гаджет жаңа жылғы түнде ғана емес, кейін пайдаланған әрбір сәтінде сізге қуаныш сыйлайтын болады. Ал енді, ақылды сағаттың неліктен кез келген адамға үйлесетінін бірге талдап көрейік.
1. Сағат неше болғанын көрсетіп, ұйқыңыздан оятады
Apple Watch-тің сағат деп аталуына тікелей себепкер болып табылатын негізгі функциясы – уақытты көрсету. Ол сондай-ақ жұмысқа ұйықтап қалмауға да көмектеседі – оятқыш дыбысына діріл қоссаңыз, онымен оянуыңыз жұмсағырақ өтеді. Сондықтан, егер сіз уақытында оянуға қиналатын адамға Жаңа жылға не сыйлайтыныңызды білмей жүрсеңіз, мәселеңіздің тамаша шешімі бар – бұл Apple Watch.
Егер ұйқы кезінде сағат кедергі келтірсе, оны “Түнгі режимге” қосып, төсегіңіздің жанында қалдырыңыз. Уақытты көру үшін сағат жанындағы тумбочканы қолыңызбен соғып жіберсеңіз жеткілікті..
Гаджет жақын арада болатын келіссөздер, жоспарланған кездесулер туралы ескертеді, көшедегі ауа температурасын айтып, елдегі экономикалық жағдайдан да хабардар етіп тұрады. “Ауа-райы” және “Акциялар” қолданбалары – бұл үлкен жиынтықтың азғантай бөлігі ғана. Пәрменіңіз бойынша Siri қажетті нөмірді теріп беріп, таймерді орната алады.
Apple Watch-тің көмегімен сіз маңызды хабарламаны немесе қоңырауды өткізіп алмайсыз – барлық хабарламаларды тікелей білегіңізден көруге болады. Ақылды сағат бүгінде смартфон қолдың жалғасына айналды деген пікірді жоққа шығарады. Енді хабарламаға смартфонсыз да жауап беруге болады: мәтінді дауыстап айтып, оны қол гаджетінен жібере саласыз. Көлік басқаруды немесе жұмысыңызды тоқтатпастан, сөйлесе бересіз. Жаңа жылға іскер ер адамға оның жұмыс процестерін жеңілдететін нәрсені сыйға беру – ең дұрыс шешім.
4. Білім сақшысы
Оқушылар үшін Apple Watch-та “Оқу уақыты” режимі қарастырылған. Ол мектеп сабақтары кезінде немесе оған дайындық барысында гаджеттің функцияларына шектеу қояды, осылайша бала назарын тек оқуға бөледі.
Ақылды сағат студенттерге жүктемені біркелкі бөліп, демалыс пен спорт туралы ұмытпауға көмектеседі. Apple Watch сабақ басталатын уақытты еске түсіріп қана қоймай, емтихан кезінде де көмек береді. Гаджет арқылы студент өзінің алдын-ала жасап қойған дәрістерінің суретін байқатпай ашып, оқи алады.
Apple Watch – бұл спортпен шұғылданатын жігітке Жаңа жылға сыйлық мәселесінің тамаша шешімі. Гаджет бір күнгі физикалық белсенділікті бақылап, көбірек қозғалу керек болған кезде кеңес беріп отырады. Сағат қадамдар мен жанған калорияларды есептейді, егер сіз жұмыста ұзақ отырып қалсаңыз, жұмсақ дірілмен жаттығу уақытын есіңізге салады.
Физикалық жүктеме туралы ақпаратты “Белсенділік” қолданбасы талдайды. “Жаттығу” режимінде гаджет спорттық жаттығулардың тиімділігін бақылайды. Бұл адамды бірте-бірте баурап алады. Сөйтіп, ақылды сағат иелері көп қозғалудың пайдалы әдетін қалай ұстана бастағандарын өздері де байқамай қалады.
6. Өзіңізбен бірге суға кіреді
Apple Watch 10 дайвинг үшін жасалған, өйткені соңғы модельдің жаңа мүмкіндігі — оны 6 метрге дейінгі тереңдікке суға батыруға болады. Гаджет сіздің қаншалықты терең сүңгігеніңізді өлшеп, судың температурасын анықтайды. Мұндай ылғалға төзімділік күнделікті өмірде де керемет мүмкіндік болып табылады. Өзіңіздің физикалық жүктемеңізді енді бассейнде де бақылап отыруыңызға болады.
7. Денсаулық күнделігі
Apple Watch 10 сағатын оның бірден бірнеше денсаулық гаджетін: жүрек соғу жиілігін бақылау құралын, термометрді және сатурацияны бақылау құралын ауыстыра алатындықтан да сатып алған жөн. Ақылды сағат тіпті ЭКГ де жасай алады, осылайша жүрек ырғағының мәселелерін бірден көрсетеді. Оның тағы бір опциясы — ұйқыны талдау. Apple Watch Series 10 адамның түнде тыныс алуын бақылап, апноэ синдромын анықтай алады. Тыныс алуды босаңсыту жаттығулары үшін “Тыныс алу” қолданбасы әзірленген. Медитация мен йога үшін бөлек софттар қарастырылған.
8. Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Адам қиын жағдайға тап болса, Apple Watch жедел қызметтерге қоңырау шалып, оның жақындарына бірден хабар береді. Сағатта “Медициналық карта” қосымшасы бар: оған төтенше жағдайда қажет болып қалуы мүмкін жеке деректерді, қан тобын және бірнеше телефон нөмірін жазып қойған дұрыс.
Апат болған кезде, ақылды сағат мұны бірден түсініп, өз бетімен көмекке шақыра алады.
“Байланыста” функциясы, пайдаланушы мақсатты жерге жеткенде, оның туыстарына бұл туралы хабар береді. Енді әжеңізге не сыйлау керектігін ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ: Apple Watch-тің көмегімен жақындарыңыз әрқашан қауіпсіздікте болады, ал сіз үнемі оларды ойлап, уайымдамайтын боласыз.
9. Қолымызды бір сермеп төлейміз
Apple Рау сағатпен синхрондалады, сондықтан оның көмегімен төлем жасауға да болады. Бар болғаны, бүйірлік батырманы екі рет басып, гаджет тағылған білекті терминалға жақындату керек. Бұл мүмкіндік уақытты үнемдейді және барлық қолма-қол ақша немесе банк карталары қол астында болмаған жағдайда жақсы көмектеседі.
10. Жаңа жылды музыкамен бастаймыз
AirPods ақылды сағатқа қосылады, соның арқасында музыка серуендеу кезінде де, залдағы жаттығуларда да сізбен бірге болады. Тікелей сағат арқылы өзіңіздің сүйікті әуеніңізге ауысып, дыбыс деңгейін арттыра аласыз.
Көрсетілген 10 ерекшелікпен қатар, Apple Watch сізге Mac-ты бұғаттан шығару, Apple TV, смартфондағы камера және ақылды үйді басқару қажет болған кезде көмектеседі.
Apple Watch Series 10 сағаты екі ядролық S10 чипімен жабдықталған. Жаңа өнім — нәзіктіктің өзі: титан нұсқасында тот баспайтын болаттан жасалған Apple Watch 9-дан 20%-ға жеңіл. Бұған қоса оның жеңіл алюминийден жасалған тағы бір нұсқасы бар.
Сәнді түстер бірден мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Титан корпусты модельдер Natural titanium, Gold titanium, Slate titanium-да, алюминий корпустылары — Jet Black, Rose Gold, Silver-де ұсынылған.
Соңғы модельдің жарқын және үлкейтілген OLED дисплейі бұрынғыдан да кең бұрышты болды. Егер экранға қиғашынан қарасаңыз, сурет 40%-ға жарқынырақ болып көрінеді. Көшеде де бәрі анық көрінеді — мәтін де, сурет те. Көзіңізді қысудың немесе білектің дұрыс орналасу қалпын іздеудің қажеті жоқ.
Бірақ Apple Watch Series 9 модельдері де барлық танымал мүмкіндіктерді ұсынады, су мен шаңға төзімді. Сипаттамаларды алдыңғы нұсқалармен салыстырып көрейік. Apple Watch 10 нұсқасы Apple Watch 9 нұсқасына қарсы:
Сипаттама | Apple Watch Series 10 | Apple Watch Series 9 |
Өлшемдері | 46×39×9.7 мм 42×36×9.7 мм | 45×38×10.7 мм 41×35×10.7 мм |
Корпусының материалы | Алюминий немесе аэроғарыш класты титан | Алюминий немесе тот баспайтын болат |
Салмағы | 29.3-тен 36.4 г-ға дейін —алюминий корпуста 34.4 және 41.7 г — титан корпуста | 31.9-дан 39 г-ға дейін —алюминийден 42.3-тен 51.5 г-ға дейін — тот баспайтын болаттан |
Түстері | 6 ұстамды түс | 8 түс, жарқын түстермен қоса |
Автономды жұмыс уақыты | 18 сағат Төмен энергия тұтыну режимінде 36 сағат | 18 сағат |
Дисплей | LTPO3 OLED Always-on Retina display Кең бұрышты, қиғашынан 40%-ға жарқын | LTPO OLED Always-on Retina display |
Экран ауданы | 1220 және 989 мм² | 1143 және 904 мм² |
Судың тереңдігі мен температурасының датчигі | Бар | Жоқ |
Жылдам зарядтау | 80%-ға — 30 минутта | 80%-ға — 45 минутта |
Apple Watch – бұл функционалды гаджет қана емес, минимализм мен классикадан бастап кантри мен спорттық стильге дейінгі кез келген стильге сәйкес келетін кірпияз аксессуар. Сондықтан бұл сағат жасөспірімдерге де, әсем қыздарға да, іскер ер адамдарға да сыйлық ретінде ұсынуға әбден лайық.
Біз барлық қиындықтарды артта қалдырып, жетістіктерге қарай алға ұмтыламыз. Apple компаниясының күнделікті өмірде де, жұмыста да сенімді көмекшіңізге айналатын жаңа өнімдерін сатып алу бұл жоспарға сай келеді.
Жақындарыңызға сыйлық таңдағанда, өзіңізді қуантуды да ұмытпаңыз: жыл бойы сіз көп іс атқардыңыз және ең жақсы сыйлыққа лайықсыз. Неліктен Apple Watch 10 сағатын немесе басқа бір модельді сатып алмасқа? Кейінге қалдырудың қажеті жоқ: iSpace-те әдейі Жаңа жылға Apple техникасына арнайы бағалар дайындалды.
Мұнда сізді бұдан да көп жаңа жылдық ұсыныстар күтуде.
Подпишитесь на рассылку и узнавайте первым о новых акциях и спецпредложениях магазина!