«Ноутбук бар кезде 2026 жылы үстелдік компьютердің не керегі бар?» деген сұрақ жиі қойылады. Осы сұраққа нақты жауаптың бірі — iMac. Бұл құрылғы жылдар өтсе де өзектілігін жоғалтпай келеді.

iMac — «бәрі бір жерге жиналған» форматына жататын әмбебап компьютер. Ол күнделікті жұмысқа да, шығармашылыққа да, ойын-сауыққа да ыңғайлы. Ал M4 чипінің арқасында өнімділігі өте мықты.

Ерекше жұқа әрі сәнді дизайнмен, жеті түрлі қанық түсте ұсынылатын iMac кез келген интерьердің көркін кіргізеді. Моноблок форматындағы компьютер — яғни монитор мен жүйелік блок бір құрылғының ішінде. Артық сымдары жоқ, күрделі баптаусыз минимализмді қалайтын жандар үшін бұл таптырмас шешім.

2026 жылы үстел үсті компьютері кімге керек десеңіз

Әдетте үстел үсті компьютерін оны тасып жүру емес, үлкен экран керек болған кезде таңдайды. Жұмысқа, оқуға, кино көруге немесе ойын ойнауға кең экран әрдайым ыңғайлы. Әсіресе бір компьютерді бірнеше адам пайдаланатын отбасылар үшін бұл өте тиімді шешім.

Сондықтан 24 дюймдік iMac үлкен отбасыға арналған жақсы таңдау: мысалы, ересектер жұмыс істесе, балалар мектеп тапсырмасын орындап, кешке барлығы фильм көріп немесе басқа қаладағы туыстармен бейнеқоңырауға шығады. Бір уақытта бірнеше терезені қатар ашып, сурет өңдеп отырып дәріс тыңдауға да болады.

iMac-ты тұрақты жұмыс құралы керек фрилансерлер де, идеяларын жылдам іске асырып, нәтижесін бірден жариялағысы келетін креаторлар да таңдайды.

Өмірді жеңілдететін «бәрі бір жерге жиналған» дизайн

iMac-қа қарағанда бірден көзге түсетін нәрсе — ол үлкен Retina дисплейі. Үй шаруасынан бастап құжатпен жұмыс істеуге, фото өңдеуге немесе фильм көруге дейін бәріне келеді. 

Қуат адаптері шағын әрі магнит арқылы жалғанады — жұмысқа кірісіп кетем деген қолданушыға бір ғана кабель жеткілікті. Кейбір нұсқаларында Gigabit Ethernet порты адаптердің өзіне орнатылған. Соның арқасында жұмыс үстелі артық сымсыз, жинақы көрінеді.

Яғни мұндағы инженерлік шешімдер жай сипаттамасында ғана емес, күнделікті қолданғанда да шынымен сезіледі.

Қорабынан шығара салып, қолдану мүмкіндігі

iMac қосымша дайындықты қажет етпейді. Қорабында керектінің бәрі бар: компьютердің өзі, USB-C кабелі, қуат адаптері, Magic Keyboard пернетақтасы мен тінтуір. Аштыңыз — қосып, жұмыс істей бересіз.

Touch ID бар Magic Keyboard жүйеге жылдам кіруге, Apple Pay арқылы төлем жасауға және әр пайдаланушылардың тіркелгісін алмастыруға мүмкіндік береді.

Touch ID-ді бірнеше адамға баптауға болады. Әр отбасы мүшесі өз жеке, қорғалған тіркелгісіне ие болады.

«Көшіру ассистенті» арқылы ескі компьютердегі файлдар мен баптауларын оңай әрі қауіпсіз көшіруге болады — артық әуре-сарсаңға салынудың керегі жоқ.

Артық құрылғысыз байланыс, сапалы дыбыс пен бейнеқоңырау

iMac-қа 12 мегапиксельді камера орнатылған, оған қоса динамиктері мен микрофондары бар. Қосымша құрылғы жалғаудың қажеті жоқ. «Кадр ортасында» функциясы бейнеқоңырау кезінде сізді автоматты түрде кадрда ұстап тұрады. Ал «Жұмыс үстеліне шолу» режимі үстелді жоғарыдан көрсетіп тұрғандай әсер береді.

Студиялық деңгейдегі үш бағытты микрофон FaceTime, онлайн-конференция немесе подкаст жазу кезінде дыбысты анық әрі таза жеткізеді. «Дыбысты оқшаулау» режимі сыртқы шуды азайтып, сөйлесуді жайлы етеді.

iMac — Apple экожүйесінің бір бөлігі

Егер сізде iPhone немесе iPad бар болса, iMac біртұтас жүйенің бір бөлшегіне айналады. «Үздіксіздік» функциясы жұмысты бір құрылғыда бастап, екіншісінде жалғастыруға мүмкіндік береді.

Мысалы, iMac-та хат жазып бастап, оны iPhone-да аяқтауға болады. Бір құрылғыдан екіншісіне мәтін не сурет көшіру, iPad-та Apple Pencil арқылы құжатқа белгі қойып, нәтижесін бірден iMac экранынан көру — бәрі оп-оңай.

«Хабарламалар», «Ескертпелер», «Күнтізбе» сияқты қосымшалар синхрондалады. Сондықтан құрылғылар арасында ауысу байқалмайды десе де болады.

Таңғалдыратын өнімділік

iMac тек үйге ғана емес, кәсіби жұмысқа да лайық. Оған Microsoft Office сияқты кеңселік бағдарламалар, бейнебайланыс сервистері және дизайн мен жобалауға арналған кәсіби қосымшаларды еркін қосуға болады.

Жаңартылған графикалық процессор сәулелерді аппараттық деңгейде өңдеуінің арқасында өте шынайы графика береді. Ал жетілдірілген Media Engine-мен бірнеше 4K бейне ағынын кедергісіз өңдеуге болады.

M4 чипі мен біріктірілген жедел жады ойын кезінде де, қосымшалар арасында ауысқанда да жүйенің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

Ойын-сауық

Қазіргі графикасы күрделі ойындар iMac модельдерінде жақсы жұмыс істейді. Арнайы ойын режимі процессор мен графика ресурстарын ойынға тікелей бағыттап, AirPods пен сымсыз контроллерлердегі кідірісті азайтады. iMac-қа Xbox және PlayStation контроллерлерін қосуға болады. Дәл осы заттардың арқасында компьютерді әмбебап ойын-сауық орталығына айналдыру мүмкіндігі әбден қолжетімді.

Қорытынды: сонымен, 2026 жылы iMac кімге керек?

2026 жылы iMac — жұмысқа да, шығармашылыққа да, демалысқа да арналған қуатты, әдемі әрі түсінікті құрал іздегендер үшін орынды таңдау.

Модельдер қатарымен танысып, корпоративтік тапсырысты Apple-дің ресми серіктесі — iSpace дүкендерінде рәсімдеуге болады. Қазақстандағы Mac бойынша сарапшыларымыз сізге қуана кеңес беріп, ең тиімді шешімді таңдауға көмектеседі.

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!