15 қазан күні Apple компаниясы жаңа M5 чипін таныстырды – бұл Apple процессорларының дамуы жолындағы үлкен серпіліс. Ол өнімділікті айтарлықтай арттырып, жасанды интеллект тапсырмаларын орындау жылдамдығын жоғарылатты. Жаңа M5 чипі MacBook Pro мен iPad Pro құрылғыларының негізіне айналды – енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.

M5 чипі: мәні неде

Жаңа чип – жай ғана жаңарту емес, технологиялық тұрғыдан үлкен серпіліс. Ол 3 нанометрлік техпроцесс негізінде жасалып, энергия тиімділігі жақсартылған. M5 чипіндегі жасанды интеллект өнімділігі M4-пен салыстырғанда 3,5 есе артқан.

Процессор жаңа буындағы GPU, қуатты CPU, жетілдірілген нейрондық қозғалтқыш және жад арасындағы деректер алмасудың жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді.

КомпонентСипаттамасыМаңыздылығы неде
CPU10 ядро: 6 тиімді, 4 өнімді ядроКөпағынды есептеу өнімділігі M4-пен салыстырғанда 20%-ға жоғары
GPU10 ядро, әрқайсысында нейрондық үдеткіш бар 3 сәулелерді іздеу технологиясыграфикалық өнімділік M4-тен 30%-ға жоғары сәуле трассировкасын пайдаланатын қосымшаларда графика 45%-ға дейін артқан
Neural Engine16 ядро. Процессорлардағы нейрондық үдеткіштерді толықтырады.LLM және жасанды интеллектке байланысты функциялардың айтарлықтай жылдамдауы
ЖадӨткізу қабілеті – 153 ГБ/с (шамамен +30%)Компоненттер арасындағы деректер алмасу жылдамырақ, ауыр жобалармен жұмыс істеу біркелкі әрі тұрақты

MacBook Pro M5: таныс дизайн, алайда іші тұнып тұрған жаңашылдық

Apple компаниясы жаңа чиптің барлық қуатын бұрыннан таныс дизайнда біріктірді. M5 чипімен жабдықталған MacBook Pro бейнемонтаж мамандарына, IT-сарапшыларға және шығармашылық сала өкілдеріне арналған. Ол рендерингті, кодты құрастыруды, генеративті модельдермен, визуалды эффектілермен және 3D-сахналармен жұмысты едәуір жылдамдатады. Сонымен қатар, құрылғы батареясының ұзақ жұмыс істеуімен ерекшеленеді.

  • Жылдам процессор. M5 бұрынғыдан да тиімді әрі жылдам. 10 ядролық процессор өнімділікті M4-пен салыстырғанда 20%-ға арттырады. Бұл код компиляциясын, шығармашылық қолданбалармен және көптапсырмалы режимдегі жұмысты жылдамдатады. Мұндай MacBook Pro аналитиктерге, дизайнерлерге, әзірлеушілерге және Python, Rhino, Notion немесе Jira секілді платформалармен жұмыс істейтін іскер мамандарға өте қолайлы. Жадтың өткізу қабілеті 150 ГБ/с-тан жоғары болғандықтан, құрылғы үлкен AI модельдері мен күрделі 3D-сахналарды тікелей өңдей алады.
  • Жақсартылған графика. GPU қуаты айтарлықтай артты: M5 кәсіби қолданбалар мен ойындарда M4 негізіндегі MacBook Pro-ға қарағанда 1,6 есе жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Әр ядродагы нейрондық үдеткіш M5-ке интеллектуалды тапсырмаларды – мысалы, суреттерді генерациялау мен тану, бейне және сөйлеуді талдау – жылдамырақ орындауға мүмкіндік береді. Егер жаңа чипті Apple Silicon-ның алғашқы буынымен (M1) салыстырсақ, жасанды интеллект тапсырмалары M5-те 6 есе жылдамырақ өңделеді!
  • Жеделдетілген SSD жүйесі: M4-пен салыстырғанда екі есе жылдам. Файлдарды, RAW-суреттерді импорттау, үлкен бейнелерді экспорттау және жергілікті LLM іске қосу аз уақыт алады.
  • Жинақтаушы жад: 4 ТБ-қа дейін.
  • Керемет автономдылық: 24 сағатқа дейін. Жобаларыңызды өзіңізбен бірге алып, розеткасыз ұзақ жұмыс істеуге болады.
  • Экран: 14 дюймдік Liquid Retina XDR. HDR жарықтығы – 1600 нитке дейін, SDR – 1000 нитке дейін. Бликтерге қарсы нанотекстуралы нұсқасы бар.
  • Толық жұмыс жиынтығы: 12 Мп Center Stage камерасы, 6 динамик, порттардың кең таңдауы және macOS Tahoe жүйесі.

iPad Pro M5: өте жұқа әрі аса қуатты

iPad Pro – компания желісіндегі ең жұқа құрылғы: қалыңдығы бар болғаны 5,1 мм. Өлшемі өткен жылғыдай болса да, ішкі құрылымы айтарлықтай жаңартылған. Жаңа iPad Pro M5 – кәсіби ноутбук деңгейіндегі қуатты планшет.

  • Apple M5 чипі орнатылған iPad Pro 10 ядролы (4 өнімді, 6 тиімді) процессормен жұмыс істейді. Жадтың өткізу қабілеті 150 ГБ/с-тен асады, яғни M4-пен салыстырғанда шамамен 30%-ға жоғары. Мұндай қуат пайдаланушыларға бірнеше тапсырманы қатар орындауға, жасанды интеллект модельдерін жылдам өңдеуге, көп есептеу қуатын қажет ететін ойындарды ойнауға және тағы басқа күрделі процестерді атқаруға мүмкіндік береді.
  • Жаңа деңгейдегі графика. iPad Pro M5 жасанды интеллектпен жұмыс істеуге арналған. Планшетте әр ядросында нейрондық үдеткіші бар жетілдірілген графикалық процессор орнатылған. Интеллектуалды тапсырмалар – дауысты танудан бастап, Draw Things сияқты диффузиялық модельдер арқылы тікелей құрылғыда сурет салуға дейін – бұрынғыдан жылдамырақ орындалады. Apple компаниясының мәліметінше, M5 чипі жасанды интеллектке қатысты тапсырмаларды M4-тен 3,5 есе тез орындайды.
  • 16 ядролы Neural Engine барлық жасанды интеллект тапсырмаларын жылдамдатады. Ол Foundation Models негізіндегі қолданбалармен және Apple Intelligence функцияларымен, мысалы, Image Playground-та сурет генерациялаумен тамаша үйлеседі.
    Жаңа процессордың арқасында планшет сәулелерді іздеу технологиясы бар 3D-рендерингті 1,5 есе жылдам орындай алады. Айта кетерлігі, мұнда 3-буынды сәулелерді іздеу технологиясы қолданылған: жарық, шағылысу мен көлеңкелер бұрын-соңды болмағандай шынайы бейнеленеді. Сондықтан iPad Pro M5 ойынға да тамаша жарайды.
  • Ultra Retina XDR дисплейі – әлемдегі ең жетілдірілгендердің бірі.Ол жоғары жарықтығымен, контрасттылығымен және ProMotion мен True Tone технологияларын қолдауымен ерекшеленеді. Стандартты жарықтығы – 1000 нит, HDR режимінде – 1600 нитке дейін. Түстермен жұмыс істеу немесе жарық ортада пайдалану үшін нанотекстуралы әйнек нұсқасы бар. Ол шағылыстарды азайтып, кескін сапасын төмендетпейді.
  • Жаңа C1X ұялы модемі (iPhone Air үлгісіндегідей).
  • Өлшемдері өзгеріссіз қалды. Бұрынғыдай, iPad Pro M5 екі нұсқада шығарылады: 11 дюйм (5,3 мм) және 13 дюйм (5,1 мм).
  • Батареяның жұмыс уақыты: Wi-Fi арқылы бейне көру режимінде – 10 сағатқа дейін.
  • Сымсыз байланыс: Wi-Fi 7 және Bluetooth 6 – жаңа буын стандарттары.
  • Жедел жад / жинақтаушы жад көлемі: 12 ГБ / 256 ГБ, 12 ГБ / 512 ГБ, 16 ГБ / 1 ТБ және 16 ГБ / 2 ТБ. Мұндай конфигурация DaVinci Resolve немесе Unreal Engine сияқты ірі жобалармен жұмыс істеуге жеткілікті.
  • Жылдам қуаттау: 40–60 Вт адаптер қолданғанда iPad Pro 2025 бар болғаны 30 минутта (11 дюймдік нұсқасы) немесе 35 минутта (13 дюймдік нұсқасы) 50%-ға дейін қуатталады.
  • Аксессуарлар: Apple Pencil Pro және Apple Pencil (USB-C), Magic Keyboard пернетақтасы мен Smart Folio магнитті қап-тұғыры қолданылады.
  • Камералар: Негізгі және алдыңғы камералар – әрқайсысы 12 Мп.
  • Операциялық жүйе: жаңа iPadOS.

Жақын уақытта жаңа үлгілер iSpace дүкендерінде сатылымға шығады. Қазақстандағы ресми бағалар ispace.kz сайтында жарияланады. Ал алдын ала тапсырыс туралы жаңалықтарды біздің сайттан немесе Instagram парақшамыздан біле аласыз. Жазылыңыз, жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!