Жыл өткен сайын iPad құрылғысы қуаттырақ болып келеді, ал оның мүмкіндіктері бұрынғыдан да сан алуан бола түсті. Бүгінде «Apple планшетті ноутбугы» енді смартфон мен компьютердің арасындағы өткел сияқты көрінбейді – ол толыққанды жұмыс құралына айналды. 2025 жылы көптеген қолданушылар: «iPad-ты ноутбук ретінде пайдалануға бола ма?» – деген сұрақты жиі қояды. Жауабы – иә. Әсіресе сізде соңғы буындағы iPad Pro немесе iPad Air болса. Бұл құрылғыны ноутбукке айналдыру үшін не істеу керек және қандай керек-жарақтар қажет болатынын айтып береміз.

iPad ноутбуктың орнына: кімге пайдалы болады

Басты негізден бастайық. Егер сіз үшін мобильділік пен ықшамдылық маңызды болса – iPad ең тиімді шешім бола алады. Ол студенттерге, SMM-менеджерлерге, цифрлық суретшілерге, маркетологтарға, кәсіпкерлерге және жолда жүріп жұмыс істейтін барша мамандарға өте қолайлы.

iPad-та сенсорлы экран бар – бұл ноутбукта мүмкін емес әрекеттерді орындауға жол ашады. Сонымен қатар, Apple iPad планшетті ноутбугы креативті ортада да үлкен сұранысқа ие: орнатылған камераның көмегімен контентті бірден құрылғының өзінде түсіріп, өңдеуге болады. Бұл iPhone-мен суретке түсіріп, оны ноутбукта ретуштап, кейін stories жариялау үшін қайтадан смартфонға жібергеннен әлдеқайда ыңғайлы.

Әділдік үшін планшет ноутбукты толықтай алмастыра алмайтын жағдайларды да атап өткен жөн. Егер сіз macOS немесе Windows жүйесінде жұмыс істейтін арнайы софтта жұмыс істесеңіз, iPad бұл жағдайда жарамсыз. Мысалы, бухгалтерлік жүйелерде, CAD-бағдарламаларда, сәулеттік немесе құрылыс жобаларында жұмыс істейтін болсаңыз. Мұндай қосымшалар iPad-та мүлде қолжетімсіз болуы мүмкін немесе шектеулі түрде ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, егер сіз Blender, Godot сияқты күрделі бағдарламаларды қолдансаңыз, толыққанды код жазып, үлкен деректермен жұмыс істесеңіз – iPad бұл міндеттерге арналмаған. Мысалы, қаржыгерлер, аналитиктер және алып Excel файлдарын өңдеп, дерекқорлар мен серверлерге қосылатын ғалымдар әдетте iPad орнына ноутбукті таңдағанды жөн көреді.

iPad-тан ноутбук жасаймыз: нені баптау қажет

3 қадам сізге жұмыс кеңістігін ұйымдастыруға көмектеседі:

  1. Ыстық пернелер мен ым-ишараларды баптаңыз. Бұл навигацияны жеңілдетіп, қолданбаларда жұмыс істеуді әлдеқайда ыңғайлы етеді. Негізгі ым-ишаралардан бөлек, сіз iPad құрылғысын трекпад немесе тінтуірмен бірге пайдалануға арналған қосымша қимылдарды да баптай аласыз. Бір ғана түртумен Slide Over режиміне өтіп, ашық қолданбалар арасында ауысып, тағы да басқа көптеген әрекеттерді орындай аласыз.
  2. Жылдам пәрмендер құрыңыз. Бір күн ішінде планшетті қалай қолданатыныңызға назар аударыңыз. Содан кейін ең жиі орындалатын әрекеттерді шорткатқа бекітіңіз. Мысалы, бір ғана түрту арқылы VPN қосу, ең жақын жанармай бекетіне маршрут құру немесе үйден кеңсеге келгенде iPad баптауларын бірден өзгертуге болады.
  3. Көпміндетті жұмыс режимдерін меңгеріңіз. Split View, Slide Over және Stage Manager күнделікті жұмысты едәуір жеңілдетеді. Split View режимінде екі қосымшаны қатар ашып, бір уақытта жұмыс істеуге болады. Slide Over режимінде бір бағдарлама толық экранда ашылады, ал екіншісі оң немесе сол жақ шетінде шағын терезе түрінде көрсетіледі. Бұл туралы толығырақ – мына жерден оқуға болады. Ал Stage Manager терезелерді өзіңізге ыңғайлы етіп орналастыруға мүмкіндік береді. Барлық осы режимдермен танысып, өзіңізге ең қолайлысын таңдаңыз.

iPad-ты ноутбук-ке айналдыратын керек-жарақтар

Сонымен, iPadты ноутбуктың баламасы ретінде пайдалану – әбден мүмкін. Бірақ бұл үшін Apple-дің немесе басқа брендтердің дұрыс таңдалған керек-жарақтары қажет. Қандай түрі сізге керек? Мұның жауабы – сіздің жеке қажеттіліктеріңізге байланысты.

  • Smart Keyboard немесе Magic Keyboard магнитті пернетақтасы. Жабық күйінде – қап, ашылғанда – тіреуіш пен пернетақта қызметін атқарады. Планшетті толыққанды теру құрылғысына айналдырып, экран пернетақтасының дисплейін жаппай-ақ мәтін теруге мүмкіндік береді.
  • Трекпад. Курсормен басқаруға (ноутбуктегідей) және свайптарды қолдауға мүмкіндік береді. Қысым күшін тану функциясының арқасында трекпад сурет салу үшін де таптырмас құрал. Жолда немесе «тізеде» жұмыс істегенде трекпад әлдеқайда ыңғайлы.
  • Тінтуір. Excel-мен жұмыс істеу, графиканы өңдеу немесе код жазу сияқты дәлдік пен ұзақ әрекеттерді талап ететін тапсырмалар үшін қажет. Оны қолда ұзақ уақыт ұстау оңай, әрі ол дәл меңзеуді қамтамасыз етеді.
  • Apple Pencil. Сурет салу, қолмен жазба жасау, PDF файлдарын түзету, графикамен және дизайнмен жұмыс істеу үшін таптырмас құрал. Стилустың көмегімен мәтінді белгілеу, түсініктеме жазу және ұсақ элементтермен жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы – мұндай дәлдікті саусақпен алу мүмкін емес.
  • .USB-C хабтар — флешканы, HDMI және басқа жабдықты қосу.

iPad-ты ноутбук-ке қалай қосуға болады

iPad Pro-ны ноутбук ретінде пайдалану мүмкін бе? Әрине, мүмкін, себебі ол тіпті ілгері деңгейдегі қолданушыларға да лайық. Көптеген мамандар iPad-ты графикалық планшет немесе ноутбуктің қосымша мониторы ретінде қолданады. Бұл экранның жұмыс аймағын кеңейтеді, әсіресе графикамен, бейне және кестелермен жұмыс істегенде өте ыңғайлы. Әрине, мультитапсырмалық режимде жұмыс істеу де осылайша әлдеқайда жеңіл: мысалы, Mac-та рендер жасап отырсаңыз, iPad-та чаттар мен поштамен хат алмасуға болады. iPad пен ноутбук арасындағы синхрондау кабельсіз жүзеге асады және Mac үшін Sidecar, Windows үшін Spacedesk бағдарламалары арқылы іске асады. Бұл туралы біз толығырақ осында жазғанбыз.

Қорытынды: iPad vs ноутбук

Сонымен, енді сіз iPad-ты қалай ноутбукқа айналдыруды білесіз. Орнатуларды түсініп, жылдам пәрмендер мен ым-ишаралар жасауыңызға шамамен бір сағат уақыт кетеді. Ал содан кейін күн сайын оның қаншалықты мінсіз жұмыс істейтінін рахаттана көресіз.

Кәсіби ортада ноутбуктың орнына көбінесе iPad Pro қолданылады: М4 және М3 чиптеріндегі модельдердің өнімділігі компьютерлермен сай келеді. Ал егер сізге құжаттарды өңдеп, мәтін жазып, презентациялар жасап, ойын ойнап, интернетті серфинг жасау үшін үлкенірек экран керек болса, басқа нұсқалар да жарайды: М3 чипімен жабдықталған 13 немесе 11 дюймдік iPad Air, сондай-ақ iPad A16.

Apple планшетін және оған арналған керек-жарақтарды iSpace дүкендерінен сатып ала аласыз. Біздің сарапшылар сіздің қажеттіліктеріңізге қарай модельді таңдауға көмектеседі, ал дүкенде техника ашық түрде қойылғандықтан, оны тікелей сынап көруге болады.

СОНДАЙ-АҚ ОҚЫҢЫЗ

Суретшінің көзімен Apple планшеттеріне шолу: шығармашылыққа арналған ең жақсы модельдер

Жазғы демалысты Apple техникасын тиімді сатып алудан бастаңыз

Apple техниканы қай жерден сатып алған дұрыс және IMEI iPhone туралы не білуіңіз керек?

iSpace Apple Premium Partner дүкендеріндегі trade-in

iPhone-ды тікелей Mac-тан басқарыңыз. MacOS Sequoia жаңа керемет опцияларына шолу

Будьте в курсе всегда!

Подпишитесь на рассылку и узнавайте первым о новых акциях и спецпредложениях магазина!