Қыркүйекте дәстүрлі дәптер мен қаламға қосымша оқуды тиімді ететін арнайы гаджеттер де қажет болады. Apple құрылғылары пайдалы құралға айналды: телефон, планшет, тіпті сағат та назарды бөле қоймайды, қайта керісінше – зейінді жинақтауға, жоспарлауға және уақытты үнемдеуге көмектеседі. Біз сіз үшін оқуға арналған Apple-дің үздік гаджеттерін жинадық – таңдап алыңыз. 

Шуды басатын AirPods 

Дауылды мектеп дәлізі немесе студенттерге лық толы аудитория зейінді бөлмеуі тиіс. Сондықтан белсенді шуды басу функциясы бар құлаққап таңдаған жөн. Бұл мүмкіндік бірнеше модельде қолжетімді: 

  • AirPods 4 ANC – күнделікті қолдануға арналған ықшам құлаққаптар; 
  • AirPods Pro 2 – силиконды қондырмалары бар, автономдылығы жоғары нұсқа; 
  • AirPods Max – ең терең дыбыс сапасын ұсынатын толық өлшемді гаджет. 

Барлық құлаққаптар жеке кеңістік сезімін қалыптастырады: қоғамдық көлікте отырып параграфты оқып шығуға немесе дәрісті қайта тыңдауға болады. Сонымен бірге оларда «мөлдірлік режимі» бар, яғни құлаққапты шешпей-ақ айналадағы дыбыстарды естуге мүмкіндік береді. 

Уақытты басқаруға арналған Apple Watch 

Смарт-сағат – назарды бөлмей, уақытты тиімді басқаруға көмектесетін ыңғайлы құрал. Қолдан тікелей хабарламаларды қарап шығуға, оларға жауап беруге болады, тіпті телефон рюкзакта болса да. Сондай-ақ аз байқалатын, бірақ пайдалы функциялары бар: 

  • фото мен жазбалар әрқашан қолда – iPhone-дағы «Таңдаулылардан» қысқаша шпаргалкаларды ашуға болады (әрине, бәрін өзіңіз оқып үйренген дұрыс, бірақ кейде шағын көмек қажет болады); 
  • аудио жазу – кіріктірілген диктофон дәрістерді немесе өз ойларыңызды сақтауға мүмкіндік береді; 
  • фокус пен демалыс – «Саналы болу» бағдарламасы күйзелісті азайтып, зейінді жинақтауға және тыныс алуды бақылауға көмектеседі. 

Мұндай Apple техникасы оқушыларға қозғалыс жасауға еске салады, жаттығуға кеңес береді және белсенді өмір салтын ұстануға ынталандырады. Ал Apple Watch Series 10 спорт пен белсенділікке арналған мүмкіндіктерді бұрынғыдан да кеңейтті. 

Конспект, сурет салу және ойын-сауық үшін iPad 

Оқуға арналған әмбебап құрылғыны таңдау қажет болса, iPad әрқашан алдыңғы қатарда болады. Ол дәптерді, жазба кітапшасын және сурет салатын планшетті оңай алмастырады. Стилустың көмегімен қолмен конспект жазуға, сызбалар сызуға немесе PDF құжаттарында маңызды жерлерді белгілеуге болады. Ал қосымша пернетақта планшетті шағын ноутбукке айналдырады. 

2025 жылғы студент үшін iPad – жобаларды иллюстрациялауға, графикамен жұмыс істеуге немесе сабақ үстінде бірден презентация жасауға мүмкіндік. Болашақ инженерлер мен дизайнерлер оны жылдам нобайлар мен сызбалар жасау үшін қолдана алады. 

Егер ресурсты көп қажет ететін тапсырмаларды орындау керек болса, Pro-сериядағы үлгілерді таңдаған жөн. Мысалы, iPad Pro 13 M4 функционалы мен өнімділігі жағынан ноутбукпен салыстыруға болады. Ал күнделікті тапсырмалар үшін iPad Air 11 M3 және iPad mini A17 Pro жеткілікті. 

MacBook Air немесе Pro – студенттің басты құралы 

Оқу барысында ең негізгі гаджет – ноутбук. Apple оны екі серияда ұсынады: MacBook Air және MacBook Pro. Қай модельді таңдау керегін төмендегі кестеден көруге болады. 

 MacBook Air MacBook Pro 
Оқу және тапсырмалар Конспектілер, эссе, презентациялар, онлайн-дәрістер Бағдарламалау, дизайн, бейнемонтаж, 3D-модельдеу 
Өнімділік Күнделікті тапсырмалар мен жеңіл қосымшалар Ауыр бағдарламалар және көп міндетті орындау 
Автономдылығы Қуаттаусыз 18 сағатқа дейін жұмыс істейді Қуаттаусыз 20–24 сағатқа дейін жұмыс істейді 
Салмағы мен қолайлылығы Ықшам әрі жеңіл Экран диагоналі үлкен, бірақ жеңілдігін сақтайды 
Кімге лайық Оқушыларға, гуманитарлық және экономикалық бағыттағы студенттерге Болашақ инженерлерге, дизайнерлерге, бағдарламашыларға, архитекторларға 

Apple экожүйесі файлдарды оңай синхрондауға мүмкіндік береді: жобаны Mac-та бастап, оны iPad немесе iPhone-да жалғастыруға болады. Ал AirPods автоматты түрде Apple құрылғылары арасында ауысып қосылады. 

iPhone – әмбебап көмекші 

iPhone – оқу мен күнделікті өмірге арналған Apple-дің әмбебап құрылғысы. Ол ақпаратты тез табуға, онлайн-платформаларға, мессенджерлерге және бұлттық сервистерге қосылуға мүмкіндік береді. Тағы не істеуге болады: 

  • камера мен мәтінді тану арқылы дәріс конспектілерін сақтау. Камераны тақтаға немесе оқулыққа бағыттап, қажетті мәтінді көшіру жеткілікті; 
  • еске салғыштар орнату, жазбалар мен тапсырма трекерлерін жүргізу, соның ішінде виджеттер арқылы; 
  • AirDrop арқылы файлдармен бөлісу – мессенджерлерсіз және қосымша гаджеттерсіз. 

iPhone 14 сенімді негіз болып саналады: оның өнімділігі жеткілікті және Apple экожүйесіне толық интеграцияланған. Келесі серияда камера жетілдіріліп, жаңа Dynamic Island қосылды. Ал егер жасанды интеллект қолданғыңыз келсе, iPhone 16 үлгісіне назар аударыңыз. Айтпақшы, соңғы модельде автономдылық пен камера мүмкіндіктері де жақсарған. 

Қорытынды: оқушы мен студентке қай Apple гаджетін таңдау керек 

Оқушыға не таңдау керек деген сұраққа Apple бірден бірнеше гаджет ұсынады. AirPods зейінді шоғырландыруға көмектеседі, Apple Watch байланыста болуды жеңілдетеді, iPad дәптер мен сурет салуға арналған планшетті алмастырады, MacBook толыққанды жұмыс орнына айналады, ал iPhone осының бәрін біртұтас жүйеге біріктіреді. Таңдау – сіздің оқу стиліңіз бен қажеттіліктеріңізге байланысты. Бірақ бір нәрсе анық: Apple гаджеттері оқуды жеңілдетіп, оны өнімдірек етеді. 

iSpace дүкенінде брендтің барлық заманауи гаджеттері қолжетімді. Сайт арқылы тапсырыс беріп, Қазақстан бойынша жеткізуді рәсімдеуге немесе біздің офлайн-дүкендерге келуге болады. Планшеттер, смартфондар, сағаттар және басқа техника ашық қолжетімділікте: әр гаджеттің мүмкіндігін өзіңіз тексеріп көре аласыз. Егер сұрақтарыңыз болса, біздің мамандардан кеңес алыңыз. 

СОНДАЙ-АҚ ОҚЫҢЫЗ

iSpace Apple Premium Partner дүкендеріндегі trade-in

Apple техниканы қай жерден сатып алған дұрыс және IMEI iPhone туралы не білуіңіз керек?

Жаңа MacBook-ты қалай дұрыс баптау және оңтайландыру керек?

iPad-ты толыққанды ноутбукке қалай айналдыруға болады: ең үздік керек-жарақтар мен баптаулар

Әркім білуге тиісті AirPods 8 функциясы

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!