Гибридті және қашықтан жұмыс форматтары бүгінде ешкім үшін экзотика емес. Жұмыс іздеушілер оларды work-life balance-ты сақтағаны үшін артық көреді. Жұмыс берушілер – әлемнің кез келген нүктесінен таланттарды жалдау мүмкіндігін қолдайды. Сондай-ақ, бұл компанияға бейілділікті арттырудың тамаша құралы, өйткені “қашықтан жұмыс” көптеген адамдар үшін маңызды артықшылық болып табылады.

Қашықтан жұмыс істеу жағдайында команданың қауіпсіз жұмысын қалай ұйымдастыруға болады? Бұл ретте маңызды деректерді қалай қорғауға болады? Бұған Jamf – Apple корпоративтік құрылғыларын орталықтандырылған басқару шешімі көмектесе алады.

Гибридті жұмысжаңа бизнес-формат

COVID-19 пандемиясынан кейін адамдар енді кеңселерге оралуға асықпайды. Кейбір қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу форматын, ал басқалары гибридті – кеңсе мен үйді кезектестіріп жұмыс істеуді жөн көреді. Өтініш берушілердің ұстанымы анық: жұмысты жақсы орындау үшін оны белгілі бір жерде жасаудың қажеті жоқ.

Бірақ жұмыс беруші тарапынан бәрі дәл солай анық деуге болмайды. Штат неғұрлым үлкен болса, IT-инфрақұрылымды басқару соғұрлым қиын болады. Әсіресе, ол әртүрлі елдерге бөлінген болса. Қашықтықтан команда ішінде коммуникация орнату қиынырақ, тиімділікті бақылау және тәртіпті сақтау мәселесі өткір тұр. Қызметкерлер пайдаланатын құрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды: бұл деректердің жылыстауына жол бермейді.

Компанияда бизнес-процестерді нақты құруға ASBC-тен ірі және шағын бизнес үшін қолайлы шешім болып табылатын Jamf көмектеседі.

Қызметкерлеріңізді кеңселерден пәтерлерге шығынсыз көшіріңіз

IТ-ресурстарды ішкі оңтайландырудың ең тиімді әдістерінің бірі – MDM (Mobile Device Management) енгізу. Бұл компанияның IT қолдауына қызметкерлердің корпоративтік құрылғыларын, тек компьютерлерді ғана емес, планшеттерді, ұялы телефондарды және жұмыс мақсатында қолданылатын басқа да құрылғыларды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер.

MDM-шешімдер нарығындағы көшбасшы – аттас америкалық әзірлеушінің Jamf бағдарламалық жасақтамасы. Jamf ІТ-компанияларға, ауруханаларға, мектептерге, мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға құрылғыларды қашықтан қосуға және басқаруға көмектеседі. Java платформасының көмегімен MacBook-ты алғаш қосқан кезде автоматты түрде конфигурациялауға және жекелендіруге болады. Сондай-ақ оны өмір бойы үздіксіз басқаруға және кибершабуылдарға жылдам жауап беруге болады.

Jamf-ты таңдауға 6 себеп

1. Кеңсеге бармай-ақ, қолданбаларды лезде орнатуСіздің қызметкеріңіз бірден жұмысқа кірісе алады, өйткені әкімші оның компьютерін қашықтан дайындайды: қажетті бағдарламаларды жүктеп, қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

2. Уақытылы жаңартуОперациялық жүйенің жаңа нұсқасы шыққаннан кейін, ол компанияның барлық корпоративті құрылғыларында бірден қолжетімді болады.

3. Жүйеге қосылған барлық құрылғыларды автоматты түгендеу. Арнайы смарт-топтар “компьютер-пайдаланушы” байламындағы барлық маңызды өзгерістерді бақылайды. Оның ішінде софт жаңартуларын шығару, кепілдік мерзімінің аяқталуы, дискіні шифрлау және тіпті құпиясөз туралы мәліметтер: ол жеткілікті күрделі ме және соңғы рет қашан өзгертілген. Бұл ақпарат бір шерту арқылы жиналады.

4. Осалдылықтарды анықтауМысалы, БЖ-ны әзірлеуші соңғы нұсқадан басқа барлық нұсқаларда осалдық бар екенін жариялады. Компания қауіпті нұсқалардың қай компьютерлерде орнатылғанын мүмкіндігінше тез анықтап, оларды шұғыл түрде жаңартуы керек. Jamf-тың көмегімен бұл оңай: жүйе сізде дискредиттелген нұсқалары бар қанша құрылғы бар екенін, олардың қайда екенін және олардың иесі кім екенін көрсетеді. Содан кейін ақпараттық қауіпсіздік бөлімі бағдарламаны мәжбүрлі жаңарту процесін бастайды.


5. Қолданбаларды көп мөлшерде сатып алу және орналастыру. Jamf Pro Apple девайстарын қашықтан басқару құрылғысы – Apple Business Manager-мен бірігеді. Сондықтан Apple ID-ді пайдаланбай қолданбаларды пайдаланушыларға немесе құрылғыларға оңай тағайындай аласыз. Бағдарламаларды App Store, B2B App Store немесе ішкі дүкеннен алып орнатыңыз. Қажет болса, сіздің қызметкерлеріңіз басқа құрылғыда қайта пайдалану үшін қолданба лицензияларын сұрата алады.

6. Форс-мажор жағдайында деректерді қашықтан жоюMacOS – әлемдегі ең қорғалған операциялық жүйелердің бірі. Ал Jamf-пен бірге сіздің деректеріңіз максималды қауіпсіздікте. Қызметкердің компьютері ұрланса немесе оны жоғалтса да, сіздің support-инженеріңіз құрылғыны қашықтан пішімдей алады.

MacBook сіздің бизнесіңізді қорғайды

M1 Pro немесе M1 Max чиптеріндегі MacBook Pro – бұл ІТ-сегмент үшін сапа, қауіпсіздік деңгейі және баға бойынша оңтайлы таңдау. Бұл компьютерлер қуатты әрі сенімді. Олар Apple құрылғыларын ауқымды басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоғары қалдық құны бар және құпия деректерді қорғайды.

“Қашықтан жұмыс” кеңінен тарала бастағандықтан, қашықтықтан жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін компаниялар жаңа digital-шешімдерді енгізуге мәжбүр. Және олар хакерлердің мақсатты нысаны болуы мүмкін. Сондай-ақ, жылыстау байқаусызда: пайдаланушылардың интернеттегі ұқыпсыз мінез-құлқына байланысты болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн. Бұл тәуекелді барынша азайту үшін Apple MacBook-ті қорғаныс құралдарымен жабдықтайды. Олар бірден бірнеше деңгейде жұмыс істейді.

1. Mac OS қауіптерді танып біліп, олардан шебер қорғана алады. Ол үшін компьютерге ХРrotect – зиянды БЖ-ны анықтайтын және жоятын антивирустық жүйе орнатылған. Ол пайдаланушыға байқалмай жұмыс істейді және компьютердің жұмысына әсер етпейді. Тағы бір кіріктірілген технология – Gatekeeper. Ол Apple қауіпсіздік тексеруінен өтпеген немесе тіркелген әзірлеуші қол қоймаған жағдайда қолданбаның іске қосылуына жол бермейді. Бағдарламалардың өзі алғаш ашылған кезде оқшауланған ортада (“құмсалғышта”) іске қосылады және жүйенің маңызды параметрлеріне қол жеткізе алмайды.

2. FileVault 2 деректерді шифрлау жүйесі жүктеу дискісіндегі ақпаратты кодтайды және оған рұқсатсыз кіруге жол бермейді.

3. Apple барынша аз дерек жинайдыКөптеген техногиганттар өз пайдаланушылары туралы ақпаратты басқа фирмаларға сатудан ақша табады. Бірақ Apple емес: компания тек өз қызметтерінің дұрыс жұмыс істеуі және транзакцияларды өңдеу үшін қажет деректерді ғана жинайды. Бұл байланыс ақпараты, құрылғы және есептік жазба туралы мәліметтер, төлем туралы мәліметтер болуы мүмкін – бұл сіздің Apple-мен қалай қарым-қатынас жасайтыныңызға байланысты. Барлық ақпарат шифрланған түрде сақталады және үшінші тұлғаларға берілмейді.


4. Үлкен көлемдегі деректер тікелей құрылғыда өңделедіApple өз техникасына арналған аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы дербес әзірлейді. Ол қауіпсіздік мәселелерінде бір-бірін оңтайлы толықтырады және серверге хабарласпай операцияларды өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Siri дауыстық көмекшісі Apple ID-ге байланысты емес және Apple-мен де, басқа компаниялармен де мәліметтерді бөліспейді. Сұраулар тікелей құрылғыда Neural Engineering көмегімен өңделеді.
 

5. Қауіпсіздік функциялары mac OS-та орнатылған. MacBook-та Safari браузері бар, ол қауіпті беттер туралы ескертеді және брокерлер мен жарнама берушілерге пайдаланушыларды анықтауға немесе олардың мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік бермейді. Әдепкі бойынша, Safari-ге iP-адресті трекерлерден жасыратын “Бақылаудың алдын алу” функциясы қосылады.

Компания қызметкерлері көбінесе корпоративтік желіге әртүрлі нүктелерден қосылады. Осы уақытта деректерді қорғау үшін macOS аутентификацияны, авторизацияны және шифрлауды қамтамасыз ететін стандартты желілік протоколдарды ұсынады. MacOS WPA2 Enterprise, App Transport Security және Тransport Layer Security (TLS) және VPN протоколдарын қолдайды. Сонымен қатар, жүйеде Mac-ты желілер арқылы кіруден және “қызмет көрсетуден бас тарту” шабуылдарынан қорғау үшін брандмауэр орнатылған.

Басты нәрселер туралы қысқаша

M1 Pro және M1 Max чиптеріндегі MacBook Pro Jamf-пен бірге – бұл өнім мен сервистің ең жақсы үйлесімі. Әсіресе гибридті немесе қашықтағы жұмыс форматтарын қолданатын бизнес үшін. Mac сіздің командаңыздың өнімділігі үшін керемет мүмкіндіктер береді және компьютерде сақталған деректерді қорғайды.

MDM-шешімдердің көмегімен MacBook-ты және басқа Apple техникасымен құрылғыларда сақталған ақпаратты қосып, конфигурациялау және оны қорғау оңай. Jamf-ты қосу арқылы сіздің қолдау қызметіңіз құрылғыларды автоматты түрде және қашықтан басқара алады. Осы себептен Mac бизнес ортасында өте танымал.

Біреудің сөзіне сенбеңіз – өзіңіз байқап көріңіз

Өз кеңсеңізде JAMF артықшылықтарымен танысыңыз. ASBC тестілеуді ұсынады, оның аясында сіз бұл MDM-шешімнің қандай мүмкіндіктер ашатынын түсіне аласыз. Компания қызметкерлері сізге JAMF ерекшеліктері туралы айтып береді, лицензияның тиісті түрін таңдауға және БЖ-ны сіздің бизнесіңізге енгізуге көмектеседі. Сынақ кезеңінде бұл толығымен тегін

Толығырақ asbck.kz сайтынан біліңіз. 

Будьте в курсе всегда!

Подпишитесь на рассылку и узнавайте первым о новых акциях и спецпредложениях магазина!  

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған