Мазмұны
iPhone-ның он жетінші сериясындағы базалық және Pro үлгілері бір-біріне ұқсас: екеуінде де ProMotion технологиясының арқасында қозғалыс бірқалыпты көрінетін Super Retina XDR дисплейі, жаңа чиптер, жасанды интеллект қолдауы және жетілдірілген алдыңғы камера бар. Дегенмен, айырмашылықтары да аз емес. Таңдау жеңіл болуы үшін iPhone 17 және iPhone 17 Pro-ның басты ерекшеліктерін салыстырайық.
Алдымен iPhone 17 және iPhone 17 Pro үлгілерінің дизайнын қарастырайық. Екі телефон да Ceramic Shield 2 қорғаныш әйнегімен жабдықталған: ол сызаттарға үш есе төзімді және шағылысты азайтады. Базалық үлгіде бұл әйнек тек экранды қорғаса, Pro нұсқасында артқы бет те қапталған.
Дисплей өлшемі бірдей – 6,3 дюйм. Ал iPhone 17 Pro Max 6,9 дюймдік экранмен шықты. Базалық үлгідегі көптен күткен жаңалық – ProMotion технологиясы: экран пайдаланушы әрекетіне қарай жаңарту жиілігін 1-ден 120 Гц-ке дейін автоматты түрде реттейді. Бұл қозғалыстарды бірқалыпты көрсетіп, көздің шаршауын азайтады әрі энергияны үнемдейді.
Құрылғы қаңқасы бұрынғыдан ықшам әрі сымбатты. Базалық үлгіде алюминий тек жақтау ретінде қолданылса, Pro нұсқасында ғарыш саласында пайдаланылатын алюминий қорытпасынан жасалған тұтас корпус орнатылған. Артқы камера блогы енді бүкіл ені бойымен орналасқан – бұл Apple-дің Pro үлгілерінде алғаш рет қолданылған шешім.
iPhone 17 және iPhone 17 Pro арасындағы тағы бір айырмашылық – түс палитрасы. Базалық үлгі бес түсте қолжетімді: ақ, қара, лаванда, жасыл сұр және тұманды көк. Ал iPhone 17 Pro үш жаңа түспен толықтырылды: ғарыштық қызғылт сары, қанық көк және күміс.
Екі үлгі де A19 сериялы чиппен жабдықталған. Төменде олардың негізгі сипаттамалары көрсетілген:
Критерий | iPhone 17 (A19) | iPhone 17 Pro (A19 Pro) |
Техпроцесс | 3 нм (3-буын) | 3 нм (3-буын) |
Орталық процессор (CPU) | 6 ядро | 6 ядро, үлкейтілген кэш және сәулені қадағалау қолдауы |
Графикалық процессор (GPU) | 5 ядро, A15-пен салыстырғанда екі есе жылдам | – |
Салқындату | Стандартты | Булы салқындату жүйесі (булы камера) |
Мақсаты | Күнделікті тапсырмалар, жаңа деңгейдегі мобильді ойындар | AAA санатындағы ойындар, бейнемонтаж, жергілікті ЖИ-модельдер |
Жад нұсқалары да әртүрлі: iPhone 17 – 256 немесе 512 ГБ, ал iPhone 17 Pro – қосымша 1 ТБ конфигурациясымен ұсынылған.
iPhone 17 Pro-ның басты жаңалықтарының бірі – жаңа бу қаптамалы салқындату жүйесі. Корпус ішінде иондардан тазартылған сумен толтырылған герметикалық камера орналасқан. Ол процессор жылуын тиімді шығарып, смартфонды ұзақ түсірілім кезінде де қызып кетуден қорғайды.
Камера – екі үлгінің арасындағы басты айырмашылық. iPhone 17 артқы жағында 48 Мп ажыратымдылықтағы екі Fusion камерамен жабдықталған: негізгі және ультракең бұрышты. Бұл кең форматта немесе макро режимде әлдеқайда анық суреттер түсіруге мүмкіндік береді.
Center Stage технологиясымен жабдықталған 18 Мп алдыңғы камера шаршы сенсорға ие, сондықтан көлденең түсірілім үшін телефонды бұрудың қажеті жоқ. Dual Capture мүмкіндігі негізгі және алдыңғы камерадан бір мезгілде бейнежазба жасауға жағдай жасайды. Бейнетүсірілім 4K HDR айырымдылығында, 60 кадр/с жиілігімен жазылады, Dolby Vision және кеңістіктік дыбысты қолдайды. Нәтижесінде бейнелер бірден кинематографиялық әсер береді.
Ал iPhone 17 Pro камерасы мүмкіндіктерді жаңа деңгейге шығарады. Мұнда 48 Мп ажыратымдылықтағы үш Fusion камера орнатылған. Басты жаңарту – телефото үлкейткіш:
Бейнетүсірілім де дамыды: 4K айырымдылығында 120 кадр/с дейін жазу, ProRes RAW пішімін қолдау, бірнеше камераны Genlock арқылы синхрондау және кең Log 2 түстік диапазон. Мұндай мүмкіндік блогерлерге, бейнеоператорларға, пайдаланушы жасаған контент авторларына және шығармашылықпен әуестенетіндерге арналған мінсіз құрал.
Ал Pro үлгісіне артық төлеу керек пе деген сұрақ әркім үшін жеке. Бұл модель кәсіби түсірілімге өте ыңғайлы, шығармашылық аясын кеңейтеді. Ал базалық үлгі күнделікті жоғары сапалы суреттер түсіруге жеткілікті. LiDAR сенсоры басқа орынға ауыстырылғанымен, кадр тереңдігін арттыруды жалғастырады.
iPhone 17 үлгісінде басты назар тепе-теңдікке берілген: құрылғы бейне көру режимінде 30 сағатқа дейін жұмыс істейді. Бұл алдыңғы буыннан 8 сағатқа артық. Жылдам қуаттау мүмкіндігі де бар: Apple 40W Dynamic Power Adapter көмегімен батарея небәрі 20 минут ішінде 50%-ға дейін қуатталады.
iPhone 17 Pro – бұдан да ұзақ жұмыс істейді, дәл сол режимде 33 сағатқа дейін. Қуатты графикалық жүйе мен жетілдірілген салқындату арқасында алдыңғы буыннан шамамен 6 сағатқа ұзақ автономдылық қамтамасыз етілді. Тіпті ойын, ұзақ түсірілім немесе бейнемонтаж кезінде де құрылғы тұрақты өнімділікті сақтайды.
2025 жылғы екі смартфон да айтарлықтай жаңартулар алды. iPhone 17 – күнделікті қолдануға ыңғайлы, теңгерімді сипаттамалары бар нұсқа. iPhone 17 Pro – ең жоғары өнімділік пен кеңейтілген камера мүмкіндіктерін қалайтындар үшін мінсіз таңдау.
Өзіңізге қолайлы үлгіні таңдап, iSpace дүкендерімізге келіңіз. Біздің сауда орындары Астана, Алматы, Шымкент және өзге де қалаларда орналасқан. Мұнда барлық жаңа үлгілер қолжетімді, құрылғының дизайнын, түсін және камерасын өзіңіз көріп бағалай аласыз.
Сонымен қатар, біздің мамандар әр үлгінің артықшылықтары мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Таңдауыңызды жасаған соң смартфонды интернет-дүкен арқылы оңай тапсырыс беруге болады. Сайтта үлгілерді салыстыруға, пікірлерді оқуға және iPhone 17 мен iPhone 17 Pro бағаларын көруге мүмкіндік бар. Жеткізу Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді.
СОНДАЙ-АҚ ОҚЫҢЫЗ
iSpace Apple Premium Partner дүкендеріндегі trade-in
Apple техниканы қай жерден сатып алған дұрыс және IMEI iPhone туралы не білуіңіз керек?
Apple iOS 26: телефоныңызға қандай жаңа мүмкіндіктер келді?
Apple Watch SE 3, Ultra 3 немесе Series 11: қайсысын таңдау керек?
Обзор AirPods Pro 3: что нового появилось в наушниках?
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!