Жаңа смартфон таңдау – әрдайым дилемма. Не сатып алу керек: озық функциялары бар жаңа үлгіні ме, әлде күнделікті тапсырмаларға арналған базалық модельді ме? Мүмкін, өткен жылдың флагманын таңдаған жөн шығар? Өйткені Apple жыл сайын жаңа құрылғылар шығарады – және әрдайым жаңалық үшін артық төлеу қажет бола бермейді. 2025 жылы өзіңізге мінсіз сай келетін iPhone-ды қалай таңдауға болатынын қарастырайық.

Неге назар аудару керек: iPhone-ның негізгі сипаттамалары

Егер сіз құрылғының техникалық мүмкіндіктерін білуді ұнатпасаңыз, ең бастысына назар аударыңыз:

  • қуат. Смартфонның қаншалықты жылдам және бірқалыпты жұмыс істейтіні чипке байланысты;
  • экран – сіз оған үнемі қарап отырасыз, сондықтан жайлылық маңызды: өлшемі, матрицаның сапасы, жаңарту жиілігі;
  • камералар. Заманауи iPhone – бұл қалтаңыздағы фотостудия. Сізге шынымен қандай функциялар қажет екенін түсіну маңызды;
  • аккумулятор;
  • жады көлемі: ойындар мен фотосуреттер мен бейнелердің гигабайттары үшін үлкенірек жады қажет;
  • бағасы. Логикалық тұрғыдан алғанда, жоғары деңгейлі функцияларды қолдайтын флагмандар қымбатырақ. Мәселе мынада, сізге бұл опциялар қажет пе.

iPhone 16 – 2025 жылдың үздік таңдауы

Себебі бұл желі ең заманауи болып табылады. Және ол әрбір пайдаланушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын 5 модельді қамтиды. Өзіңізге жақын біреуін таңдаңыз.

Үздіктердің үздігі: iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max

Бұл – қазіргі уақытта Apple компаниясының ең озық смартфондары. Олар ауыр қосымшаларды да жылдам орындайтын A18 Pro чипімен жабдықталған. Сонымен қатар, Assassin’s Creed Mirage, Resident Evil, Death Stranding сынды заманауи ойындарды оңай іске қосады. Apple Intelligence ақылды функцияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал LiDAR сканері 3D нысандармен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Бұл модельдер экран өлшемімен ерекшеленеді: iPhone 16 Pro – 6,3 дюйм, ал iPhone 16 Pro Max – 6,9 дюйм. Қайсысы жақсы? Егер смартфонда көп оқып, ойын ойнап немесе фотосуреттерді өңдейтін болсаңыз, үлкенірек нұсқасын таңдаған жөн. Алайда, iPhone сатып алмас бұрын, дүкенге барып, екі құрылғыны қолыңызға ұстап, өзіңізге қайсысы ыңғайлы екенін салыстырып көрген дұрыс.

Pro модельдеріндегі OLED-дисплей сапасы бірдей: Super Retina XDR, ProMotion технологиясымен және 120 Гц жаңарту жиілігімен жабдықталған. Минималды жарықтығы – 1 нит, ал ең жоғарысы – 2000 нитке дейін жетеді. Бұл экранда қанық түстер, жоғары контраст, тегіс айналдыру және анимацияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, iPhone-ды ашық күн сәулесінің астында да ыңғайлы пайдалануға болады.

СипаттамаiPhone 16 ProiPhone 16 Pro Max
Жады көлемі128, 256, 512 ГБ және 1 ТБ256, 512 ГБ және 1 ТБ
ТүстерDesert Titanium, Natural Titanium, Black Titanium, White Titanium

iPhone 16 Pro кездейсоқ ең үздік «камерофондар» рейтингінің көшін бастап тұрған жоқ. Екі модельде де антибликті жабыны бар үш негізгі объектив бар: 48 МП Fusion-камера, 5 есе оптикалық зуммен жабдықталған «телевик» және 48 МП ультра-кең бұрышты камера. Сонымен қатар, жасанды интеллект суреттердің сапасын одан әрі жақсартады. 48 МП макро түсірілімдері шынымен де таңғалдырады! Корпустың оң жағында жаңа Camera Control батырмасы орналасқан.

Флагмандардың автономиясы да жоғары деңгейде: егер смартфонды үнемі қолданбасаңыз, қуаты 1,5-2 күнге жетеді. Ал егер сағаттап ойын ойнап, TikTok қарасаңыз, бір күнге жетерлік заряд бар. Apple келесі деректерді келтіреді: iPhone 16 Pro – үздіксіз 27 сағаттық видео ойнату, ал iPhone 16 Pro Max – 33 сағатқа дейін.

Әр күн үшін тамаша смартфондар: iPhone 16 және iPhone 16 Plus

iPhone 16 және iPhone 16 Plus модельдері Pro желісі сияқты экран өлшемі мен автономды жұмыс уақыты бойынша ерекшеленеді.

Екі смартфон да A18 Bionic процессорымен жабдықталған. Ол күнделікті тапсырмалардан бастап ойын ойнау мен Apple Intelligence AI-функцияларымен жұмыс істеуге дейінгі барлық міндеттерді оңай атқарады.

iPhone 16 6,1 дюймдік OLED-дисплейге ие, ал iPhone 16 Plus – 6,7 дюймдік. Стандартты жарықтығы – 1000 нит, ал ең жоғарғысы – 2000 нитке дейін жетеді. Жаңарту жиілігі – 60 Гц.

.

СипаттамаiPhone 16iPhone 16 Plus
Жады көлемі128, 256 және 512 ГБ
ТүстерUltramarine, Teal, Pink, White, Black

Жаңартылған камера модулі – жаңа iPhone-ды бірден ерекшелендіретін басты белгі. Алдыңғы буындардан айырмашылығы, iPhone 16 модельдерінде камералар диагональ бойынша емес, бірінің астында бірі орналасқан. Бұл жерде 2 есе оптикалық зуммен жабдықталған 48 МП Fusion-камера және автофокусы бар 12 МП ультра-кең бұрышты камера бар. Базалық модельдерде де Camera Control батырмасы қарастырылған.

Енді автономдылыққа тоқталсақ. iPhone 16 видео ойнату режимінде 22 сағатқа дейін жұмыс істей алады, ал iPhone 16 Plus – 27 сағатқа дейін. Зарядтау да өте жылдам: 30 минут ішінде 50%-ға дейін қуатталады.

iPhone 16eжелідегі ең жаңа және қолжетімді модель

Бұл модельді Apple 2025 жылдың ақпанында таныстырды. Ол iPhone SE 3-ші буынының орнына шықты. Алайда, бұрынғысы бюджеттік құрылғы болып есептелсе, жаңартылған нұсқа кеңірек аудиторияға бағытталған. iPhone 16e тек бір негізгі камерамен жабдықталған және экранның жоғарғы бөлігінде Dynamic Island жоқ. Бірақ ол флагмандық құрылғылардың басты мүмкіндіктерін алды: OLED-дисплей, 48 МП камера және қуатты A18 чипі.

Бұл модельдің «миы» – iPhone 16-дағыдай A18 Bionic чипы. Бірақ графикалық ядролар саны біреуге аз: 5-тің орнына 4. Бұл ауыр ойындарда аздап әсер етуі мүмкін, бірақ күнделікті тапсырмалар үшін аса маңызды емес. Сондай-ақ, Apple Intelligence функциясы қолдау көрсетеді.

6,1 дюймдік Super Retina XDR дисплейі iPhone 16-дағыдай сапалы, бірақ ProMotion және Always-On Display функцияларынсыз. Стандартты жарықтығы – 800 нит, ал HDR режиміндегі ең жоғарысы – 1200 нит.

.

СипаттамаiPhone 16e
Жады көлемі128, 256 және 512 ГБ
ТүстерWhite, Black

Камера біреу-ақ, бірақ қандай! 48 МП, f/1.6 диафрагма, оптикалық тұрақтандыру және 2 есе оптикалық зум. Күндіз түсірілген суреттер қанық әрі айқын, ал түнгі кадрлар – жоғары детализацияланған. Макро түсірілім режимі жоқ, бірақ оны көпшілік онша пайдаланбайды. Айтпақшы, Apple бұл камераны «2-і 1-де камералық жүйе» деп атайды.

Төзімді батарея – iPhone 16Е-нің тағы бір артықшылығы: құрылғы үздіксіз бейне ойнату режимінде 26 сағатқа дейін жұмыс істейді.

iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max – 2023 жылдың қуатты флагмандары

Apple құрылғыларды жылдар бойы өзекті болатындай қуатты етіп шығарады, сондықтан 2023 жылғы Pro-модельдер әлі күнге дейін көптеген бәсекелестерін басып озады.

iPhone 15 Pro сатып алуға тұрарлық ең басты себеп – A17 Pro чипі. Ол 6 ядролы CPU және 6 ядролы GPU-мен жабдықталған, сондықтан кез келген қосымша мен ойын мінсіз жұмыс істейді. Бірнеше бағдарламаны қатар іске қосып, браузерде ондаған бет ашсаңыз да, құрылғы лагтарсыз және тежелусіз жұмыс істейді.

Екі модель де Super Retina XDR дисплейімен жабдықталған, ProMotion және 120 Гц адаптивті жаңарту жиілігін қолдайды. Жарықтығы – 2000 нитке дейін.  iPhone 15 Pro диагоналі – 6,1 дюймді, ал iPhone 15 Pro Max – 6,7 дюймді құрайды. Бұл көрсеткіштер 16-шы сериядағы жаңа үлгілерден сәл кішірек.

СипаттамаiPhone 15 ProiPhone 15 Pro Max
Жады көлемі128, 256, 512 ГБ және 1 ТБ256, 512 ГБ және 1 ТБ
ТүстерBlue Titanium, Natural Titanium, Black Titanium, White Titanium

Құрылғылардың камералары ұқсас, бірақ маңызды айырмашылық бар: 5 есе оптикалық зум тек iPhone 15 Pro Max-та, ал iPhone 15 Pro моделінде ол 3 есе ғана. Қалған жағдайда камера модулі бірдей. «Телевиктен» басқа, негізгі камера – 48 МП және ультра-кең бұрышты камера – 12 МП.
iPhone 15 Pro – 23 сағатқа дейін үздіксіз видео ойнатады, iPhone 15 Pro Max – 29 сағатқа дейін ойнатады. Күнделікті орташа пайдалану кезінде смартфонды әр 1,5-2 күнде бір рет қуаттау жеткілікті.

Қорытындылар: 2025 жылы қандай iPhone сатып алуға болады?

Көпшілік арасында iPhone-ды үш жылда бір рет ауыстыру керек деген пікір бар. Себебі, дәл осы уақыт аралығында технологиялар айтарлықтай алға жылжиды. Сондықтан біз соңғы буын құрылғыларын немесе алдыңғы жылдың флагмандарын таңдауды ұсынамыз. Бұл смартфондардың кез келгені заманауи тапсырмаларды оңай орындап, танымал ойындарды еш қиындықсыз іске қосады.

Сонымен, егер сізге ең жоғарғы деңгейдегі құрылғы керек болса және оған ақша жұмсауға дайын болсаңыз, iPhone 16 Pro немесе оның үлкен нұсқасы – iPhone 16 Pro Max-ты таңдаңыз.

 Егер флагмандық мүмкіндіктер (5x зум, 120 Гц ProMotion) аса қажет болмаса, iPhone 16 немесе оның «үлкен ағасы» iPhone 16 Plus – тамаша таңдау. Бұл смартфондар көпшілікке толықтай жарайды. Ал iPhone 16e – ақылға қонымды құны үшін заманауи, өзекті құрылғыны қалайтындар үшін керемет модель. Егер алғаш рет Apple экожүйесіне өтуді ойлап жүрсеңіз және флагманның ең жоғарғы функциялары қажет пе, жоқ па – әлі білмесеңіз, бұл модельді қарастыруға тұрарлық. Ал уақытпен сыналған iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max та назардан тыс қалмауы керек. Олар үш деңгейлі камерамен, озық функциялармен жабдықталған және жаңа модельдерден аса қалыспайды.

Қайсысын таңдасаңыз да, сіз өкінбейсіз!

Егер сіз әлі де таңдау жасамаған болсаңыз немесе iPhone-дарды өз қолыңызға ұстап көріп, салыстырып, жеке шешім қабылдағыңыз келсе, iSpace-ке келіңіз!

Бізде барлық жаңа үлгілер ашық түрде қолжетімді – сіз оларды еркін пайдаланып көре аласыз. Ал білікті кеңесшілеріміз сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, арманыңыздағы iPhone-ды таңдауға және сатып алуға көмектеседі.

СОНДАЙ-АҚ ОҚЫҢЫЗ

iSpace: iPhone-ды Trade-in арқылы сатып алған кезде 100 000 теңгеге дейін сыйға алыңыз

Apple техниканы қай жерден сатып алған дұрыс?

Қазақстанда Apple кепілдігі қалай жұмыс істейді және сервистік қызмет туралы не білуіңіз керек?

2025 жылы iPhone үшін ең қажетті топ-5 аксессуарлар

Сіз білмейтін керемет iOS 18 фишкалары

Будьте в курсе всегда!

Подпишитесь на рассылку и узнавайте первым о новых акциях и спецпредложениях магазина!