Apple-ден жаңа өнім сатып алғыңыз келе ме? Мұны экологиялық жағынан iSpace-тің trade-in бағдарламасымен жасаңыз. Ескі құрылғыларды қосымша төлеммен жаңасына айырбастаңыз. Trade-in-мен iPhone және Mac сатып алу кезінде, сіз iSpace-тен қосымша бонус аласыз. Бұл Apple-дің түпнұсқалық техникасын ресми кепілдікпен сатып алудың ең ыңғайлы және тиімді әдісі.

Неліктен бұл ыңғайлы?

  • Жылдам. Сіз ескі құрылғыны сату туралы хабарландыруды орналастыруға және сатып алушылармен кездесуге уақыт кетірмейсіз.
  • Қауіпсіз. Сіз алаяқтармен байланысу қаупінен арыласыз.
  • Экологиялық таза. Сіздің ескі құрылғыңыз қоқыста емес, өзінің жаңа иесімен қолданысқа ие болады. Бұл сіз және бүкіл планета үшін ұтылыссыз нұсқа.

Trade-in бағдарламасына қандай өнімдер қатысады?

  • iPhone;
  • iPad;
  • AirPods;
  • Apple Watch;
  • MacBook Air;
  • MacBook Pro;
  • iMac.
  • Сондай-ақ, Honor, Huawei, Oppo, Realme, Samsung, Vivo және Xiaomi брендтерінің смартфондарын Trade-in-де қабылдайды.

Trade-in-мен iPhone және MacBook сатып алудың қосымша пайдасы

iSpace – Apple компаниясының Қазақстандағы ресми серіктесі – trade-in-мен iPhone және Mac сатып алудың эксклюзивті шарттарын ұсынады! Енді айырбастау кезінде:

  • iPhone-ді iPhone-ға,
  • MacBook-ті MacBook-ка

Сіз iSpace-тен қосымша пайда табасыз. Біз сіздің пайдаланылған гаджеттің бағалау құнына қосылатын бонусты есептейміз. Жаңа құрылғы үшін соңғы қосымша ақы одан да аз болады! Бонустың нақты мөлшері мына жерде.

Бүкіл процесс 5 минуттан аспайды

1 қадам: ескі құрылғыны (немесе бірнешеуін) желі дүкендерінің кез келгеніне әкеліңіз. Оның алдын-ала құнын біздің онлайн-калькулятор арқылы білуге болады.
2 қадам: оның құнын дәл бағалау үшін құрылғыны жедел диагностикаға беріңіз;
3 қадам: жаңа гаджетті сатып алу кезінде бағалау құнын пайдаланыңыз. Егер сіз бірнеше пайдаланылған құрылғыларды әкелсеңіз, онда олардың құны қосылады. Жаңа құрылғыларды сатып алуға ешқандай шектеулер жоқ: сіз кез-келген жаңа өнімді таңдай аласыз. Қалған соманы қолма-қол ақшамен, картамен, сондай-ақ, бөліп-бөліп немесе несиемен төлеуге болады.

Ескі Apple техникасы қалай бағаланады

Есепке алу сомасы құрылғының моделі мен күйіне байланысты. 

Алдын ала құнын trade-in-нің онлайн калькуляторы арқылы есептеуге болады. Бірақ нақты соманы гаджетіңізді физикалық диагностикадан кейін iSpace маманы айтады. 

Trade-in бағдарламасы бойынша қандай құрылғыларды айырбастауға болады

Айырбастауға GSM, Bluetooth, Wi-Fi жұмыс модульдері, сондай-ақ, жұмыс істейтін сенсорлық экраны, камерасы, саусақ ізінің сканері бар (егер олар қарастырылған болса) техника қабылданады. Корпуста қатты механикалық зақым болмауы керек – мысалы, деформация, зарядтау немесе құлаққап орнының сынығы. 

Ішке бөгде заттардың, судың түсуінен болатын және тотығу іздері бар механикалық зақымдарға жол берілмейді. 

Ескі құрылғыны бағалауға өткізбес бұрын, оның тысқабын, беткі қабатын немесе қорғаныш әйнегін алып тастау керек. Қорытынды құны құрылғының күйіне байланысты. Олар 5: 

1. «Мінсіз». Дисплей мен корпуста сызаттар, кетіктер, жарықтар және сызаттар жоқ, барлық батырмалар мен функциялар дұрыс жұмыс істейді. Жиынтықта қорап, зарядтағыш, гарнитура және нұсқаулар бар.  

2. «Жаңа сияқты». Дисплейде, корпуста және артқы әйнекте (егер ол қарастырылған болса) сызаттар, кетіктер, нақыштар жоқ. Барлық батырмалар мен функциялар жұмыс істейді. 

3. «Жақсы». Дисплейде және корпуста белгілі бір бұрыштамамен жақсы жарықта ғана көрінетін 10-нан аспайтын ұсақ сызаттар (мұндай сызаттар тырнақпен үйкелген кезде ілінбейді). Корпуста 2 мм-ге дейінгі бір ғана сызат бола алады. Кез-келген жарықта және кез-келген бұрыштамада көрінетін терең сызаттар, ойықтар, кетіктер, дисплей мен корпустың әйнегіндегі нақыштар мен жарықтарға жол берілмейді. Барлық батырмалар мен функциялар жұмыс істейді. 

4. «Жұмыс жасайтын». Дисплейде және корпуста рұқсат етіледі: белгілі бір бұрыштамамен жақсы жарықта ғана көрінетін 10-нан аспайтын ұсақ сызаттар; 1 және одан да терең сызаттар (мұндай сызаттар тырнақпен үйкелген кезде ілінеді); кез келген сызаттар мен нақыштар. Корпус майысқан және кетіктер болуы мүмкін. Саусақ ізін сканерлеуге және үйге/ негізгі экранға (iPhone-да) оралуға жауапты батырмалардан басқа бір немесе бірнеше ақаулы батырмаларға рұқсат етіледі. Дисплей мен корпустың әйнегінде сызаттар болмауы тиіс (егер модельде қарастырылса). Барлық функциялар жұмыс істейді.

5. «Сынған». Корпус пен дисплейдің сынған әйнегіне рұқсат, бірақ сенсорлық экран толық жұмыс қалпында болуы керек (iPhone дисплейі бүкіл аумақты басқанда жауап береді). Матрицаның кез-келген ақаулары жоқ (сынған пикселдер, бұрмаланулар, жолақтар). Саусақ ізін сканерлеуге және үйге/ негізгі экранға (iPhone-да) оралуға жауап беретіннен басқа, батырмалардың бұзылуына жол беріледі. Құрылғының барлық функциялары жұмыс істеуі керек.

Егер біреу менің деректеріме, Apple ID қол жеткізе

iSpace дүкендеріне құрылғыларды өткізу қауіпсіз. Біздің сарапшылар олардан барлық жеке ақпаратты жояды.

Trade-in бағдарламасы қайда жұмыс істейді? 

Қызмет барлық iSpace дүкендерінде жұмыс істейді: 

Алматы қ.:

  • | Esentai Mall СОО | 2 қабат
  • | MEGA Alma-Ata  СОО | 1 қабат
  • | Dostyk Plaza СОО | 2 қабат

Астана қ.:

  • | MEGA Silk Way СОО | 1 қабат
  • | Keruen City СОО | 2 қабат
  • | Керуен СОО | 1 қабат

Ақтөбе қ.

  • | Keruen City СОО | 1 қабат

Шымкент қ.

  • | Shymkent City Mall СОО | 1 қабат

Атырау қ.

  • | Infinity Mall СОО | 1 қабат

Қарағанды қ.

  • | City Mall СОО | 1 қабат

iSpace-пен бірге тиімді жаңарту!

Будьте в курсе всегда!

Подпишитесь на рассылку и узнавайте первым о новых акциях и спецпредложениях магазина!