Жеткізу және төлеу
Алматы және Астана қалалары бойынша 3 сағат ішінде жеткізу
- Жедел жеткізу тек Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша өткізіледы
- 9:00 бастап 18:00 дейін ресімделген тапсырыстар 2 сағат ішінде жүзеге асырылады.
- Көрсетілген уақыттан тыс ресімделген тапсырыстар келесі күні жүзеге асырылады.
- Құны 30 000 теңгеден асатын барлық тапсырыстар. тегін жеткізіледі
Сомасы 30 000 теңгеден төмен тапсырыстарға - жеткізу құны 1 500 теңге.
iSpace дүкендері бар қалаларда жеткізу
- Құны 30 000 теңгеден асатын тапсырыстар. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларының әкімшілік шекаралары шегінде тегін жеткізіледі;
- Сомасы 30 000 теңгеден төмен тапсырыстарға - жеткізу құны 1 000 теңге.
- Алматы қаласының келесі алыс аудандарына жеткізу құны Курьерлік қызмет тарифтері бойынша есептеледі:
Медеу ауданы: Алатау ш/а. (Ядролық физика институты), Бутаковка, Медеу ш/а., Шымбұлақ;
Бостандық ауданы: Алмарасан шатқалы (Дулати көшесінен жоғары);
Алатау ауданы: Көкқайнар ш/а.;
Наурызбай ауданы: Қарағайлы ш/а., Құрамыс ш/а., Таусамалы ш/а., Ақжар ш/а., Тастыбұлақ ш/а., Таужолы ш/а., Абай саяжайлары.
Қазақстан бойынша жеткізу
- Жеткізуді курьерлік қызмет «есікке дейін» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады;
- Курьерлік қызметтің жеткізу мерзімі таңдалған аймаққа байланысты және 2 бастап 7 жұмыс күніне дейін созылады. Тапсырысты растау кезінде біздің менеджер тауарды алудың нақты мерзімін хабарлайды;
- Қазақстан бойынша жеткізу құны - 1 500 теңге;
- Шығу алдында курьер тапсырысты алудың ыңғайлы уақытын және жеткізу мәліметтерін нақтылау үшін Сізбен байланыс телефоны арқылы міндетті түрде хабарласады.
Өздігінен алып кету
- Тауарды алу үшін тапсырыс сатып алушының жеке басын куәландыратын құжатты және тапсырыс нөмірін көрсету қажет;
- 12:00 дейін тапсырыстарды беру сол күні жүргізілуі мүмкін;
- Өздігінен алып кетудің жұмыс кестесі дүкендердің жұмыс кестесімен сәйкес келеді.
Өздігінен алып кетуге қолжетімді дүкендер:
-
Алматы қ.:
«Esentai Mall» СОО, 2 қабат
«Dostyk Plaza» СОО, 2 қабат
MEGA Center Alma-Ata, 1 қабат -
Нұр-Сұлтан қ.:
«MEGA Silk Way» СОО, 1-қабат
«Keruen City» СОО 2-қабат,
«Керуен» СОО, 1-қабат -
Қарағанды қ.:
«City Mall» СОО, 1 қабат -
Ақтау қ.:
«Shum» СОО, 1 қабат
Ақтөбе қ.:
«Keruen City« СОО| 1 қабат
Шымкент қ.:
«Shymkent City Mall« СОО| 1 қабат
Оплата - Өздігінен алып кету пункттерінде қолма-қол ақшамен;
- Курьерге қолма-қол ақшамен, тек Алматы қаласында;
- Сайтта тапсырысты ресімдеу сәтінде банктік картамен онлайн-төлем жасау;
- Төлем терминалы арқылы, өздігінен алып кету пунктінде немесе курьерде (тек Алматы қаласында) банк картасымен;
- Apple Pay;
- Бөліп төлеу немесе кредит;
- Заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Тапсырыс бергеннен кейін менеджер төлем шотын жібереді, ол үш банктік күн ішінде жарамды.
Онлайн банк картасымен төлеу шарттары
Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған және Сіз қызметті Visa немесе Mastercard банк картасымен төлей аласыз. Таңдалған Тауарды немесе қызметті растағаннан кейін CloudPayments процессинг орталығының төлем парақшасы бар қорғалған терезе ашылады, онда Сізге Сіздің банк картасының деректерін енгізу қажет. Карта ұстаушысының қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер сіздің Эмитент-банкіңіз осы технологияны қолдаса, Сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендіру қағидалары мен әдістері туралы ақпаратты Сізге Банк картасын берген Банктен нақтылаңыз.
Онлайн-төлем қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады, ол үшін деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы берудің ең өзекті әдістері пайдаланылады. Банк картасының деректерін енгізу CloudPayments төлем парақшасындағы қорғалған терезеде жүзеге асырылады.
Төлем бетіндегі өрістерге карта нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (Visa үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті деректер банк картасының бетінде көрсетіледі.
CVV2 / CVC2 — картаның артқы жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды.
Содан кейін сол терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Сіздің эмитент-банкіңіздің парақшасы ашылады. Егер сізде статикалық 3-D Secure бапталмаған болса, ол сіздің телефон нөміріңізге SMS арқылы жіберіледі. Егер 3-D Secure коды сізге келмесе, онда сіздің эмитент-банкке жүгіну керек.
3-D Secure — бұл интернет желісіндегі карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушының түпнұсқалығын біржақты анықтауға және алаяқтық карта операцияларының қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Онлайн төлем қауіпсіздігі кепілдіктері
CloudPayments процессингтік орталығы Сіздің банктік картаңыздың деректерін PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Ақпаратты төлем шлюзіне беру SSL шифрлау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты одан әрі беру сенімділіктің ең жоғары деңгейіне ие жабық банктік желілер арқылы жүзеге асырылады. CloudPayments Сіздің картаңыздың деректерін бізге және басқа үшінші тұлғаларға бермейді. Карта ұстаушысының қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады.
Егер Сізде жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, Сіз төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметіне [email protected] электрондық поштасы бойынша хабарласа аласыз.
Онлайн-төлемдер қауіпсіздігі
Сіз ұсынатын дербес ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефоны, e-mail, кредит картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді. Сіздің кредиттік картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.
Сіздің браузеріңіз арнайы парақшада онлайн төлем жасау үшін жеткілікті қауіпсіз екенін тексеруге кеңес береміз.
Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «CloudPayments Kazakhstan» ЖШС кепілдік береді. Төлем карталарымен байланысты барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру кезінде карточкалық онлайн-төлемдердің қауіпсіздігінің мамандандырылған технологиялары пайдаланылады, деректерді өңдеу процессингтік компанияның қауіпсіз жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.
Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:
- Авторизация жүйесі сатып алушыға оның төлем картасының төлем деректемелері (нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспеуін қамтамасыз етеді, өйткені бұл деректер авторизация серверінде сақталмайды және ұрланбайды.
- Сатып алушы өзінің төлем деректерін интернет-дүкеннің сайтына емес, CloudPayments авторизациялау жүйесіне тікелей енгізеді, сондықтан сатып алушы карточкасының төлем деректемелері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.
Тапсырысты алу және төлеу қағидалары
Егер Сіз тапсырыс беру кезінде төлем жасауды жоспарласаңыз, курьерге немесе алып кету пунктіндегі кассаға төлем жасау қажет. Төлем жасалғаннан кейін Сізге iSpace интернет-дүкенінен сатып алу фактісін растайтын чек пен кепілдік талоны беріледі.
Тапсырысты алған кезде тауардың жиынтықталуын, зақымданбауын, ілеспе құжаттардың: чектердің, кепілдік талондардың, жеткізу бланкілерінің, шот-фактуралардың және ұйымдарға арналған актілердің болуын және дұрыс толтырылуын міндетті түрде тексеріңіз.
Тауардың сыртқы түріне, жиынтықталуына және санына қатысты барлық наразылықтар тауарды беру сәтіне дейін қабылданады. Жеткізу бланкісіне қол қойылғаннан кейін тапсырыс орындалды деп саналады.
Сатып алушы жеткізу мекенжайы бойынша болмаған жағдайда, курьерлер 15 минуттан аспайтын уақыт күтеді, содан кейін сатып алушыға жеткізуді болдырмау туралы хабарлайды. Қайта жеткізу үшін сіз сатып алған дүкенге жүгінуіңіз керек.
Қайта жеткізу қосымша төленеді.
БЖ орнату және құрылғыларды бастапқы іске қосу бойынша қосымша қызметтер, жеткізу қызметтері - көрсетілмейді. Ол үшін Сіз сайттан қажетті қызметті таңдай аласыз немесе онлайн-консультацияға тапсырыс бере аласыз.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына (30-бап 1-тармақ) сай, біз айрықша тізімге кіретін тауарларды қайтаруды/айырбастауды жүргізбейміз: ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары (мобильді телефондар, планшеттер, балалар сағаттары, Wi-Fi роутерлері және SIM-картаны қолдайтын басқа құрылғылар).