Қайтару және кепілдіктер

Егер тауар пайдаланылмаған, тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, қаптамасы, пломбалары, заттаңбалары сақталған болса, Ispace дүкені Сізге тауарды сатып алған сәттен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде айырбастауға немесе қайтаруға кепілдік береді («Тұтынушының құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабының 1-тармағы).

Тиісті сападағы тауарды қайтару шарттары:

  1. Тауардың пайдалану іздері болмауы тиіс, оның қаптамасы, тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалары, зауыттық заттаңбасы, сондай-ақ құжаттары (чегі) сақталуы тиіс;
  2. Егер тауар ашылған болса, сатушы тауарды қайтарудан бас тартуға құқылы («Тұтынушының құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабының 1-тармағы);
  3. Дүкен айрықша тізімге кіретін тауарларды: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында сипатталмаған себептер бойынша SIM-карталарды қолдайтын абоненттік құрылғыларды (ұялы телефондар, планшеттер, балалар сағаттары, Wi-Fi роутерлері) қайтаруды немесе айырбастауды жүргізбейді;
  4. Дүкенге баға айырмашылығын төлеу арқылы сатып алынған сапалы өнімді бірдей бағадағы ұқсас өнімге немесе басқа модельге айырбастауға болады;
  5. Тиісті сападағы тауарды айырбастау және қайтару тек жеке тұлғалар үшін ғана мүмкін болады және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР қолданыстағы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылғының жұмысында ақау анықталған жағдайда, Apple Авторландырылған Сервистік Орталықтарының (АСО) біріне хабарласу қажет:

Алматы қ.:

  • «Esentai Mall» СО, Әл-Фараби даңғылы, 77/8, 2-қабат. Тел: +7(701)387-92-15. Жұмыс режимі: күнделікті 10:00-ден 22:00-ге дейін. Демалыссыз.
  • «Dostyk Plaza» СОО, Самал-2, 111, 2-қабат. Тел: +7(701)813-96-70. Жұмыс режимі: күнделікті 10:00-ден 22:00-ге дейін. Демалыссыз.

АСО-ға жүгінген кезде мамандарға тауардың дүкеннен сатып алынғанын растайтын құжаттарды – чекті ұсыну қажет. Құрылғы сараптамаға тапсырылады.

Жеке тұлғаларға ақша қаражатын қайтару:

Банк картасымен төленген кезде (QR бойынша төлеу):Сатып алушы өнімді қайтару үшін кез келген іSpace дүкеніне баруы керек. Тауарды қайтарудың барлық шарттары сақталған жағдайда – ақша қаражаты өтініш берілген күннен бастап 5 банктік күн ішінде сатып алушының есеп шотына аударылады.

Қолма-қол ақшамен төленген кезде:Бұл жағдайда Сатып алушы төлем жасалған дүкенге баруы керек. Тауарды қайтарудың барлық шарттары сақталған жағдайда – ақша қаражатын қайтару дүкенде жүзеге асырылады.

Кредитке/бөліп төлеу арқылы сатып алған жағдайда: Сатып алушы кез келген іSpace дүкеніне барып, тауарды қайтару туралы дүкеннен растама алуы керек. Содан кейін келісімшартты бұзу үшін кредит немесе бөліп төлеу ресімделген банк менеджерлеріне хабарласыңыз. Қайтару жүргізілгеннен кейін сома сатып алушының есеп айырысу шотына немесе сатып алуды рәсімдеген банктің есеп айырысу шотына қайтарылады. Ақша қаражатын қайтару өтініш берілген күннен бастап 5 банктік күн ішінде жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар:

  1. Чектің түпнұсқасы;
  2. Тауарға кепілдік жүкқұжаты;
  3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Сатып алушының тауарды қайтаруға немесе айырбастауға өтініші;
  5. Тауарда зауыттық ақау болғанын растайтын құжат;
  6. Банктік қарыз шарты (кредит/бөліп төлеу).

Заңды тұлғаларға ақша қаражатын қайтару:

Сатып алушы өнімді қайтару үшін кез келген іSpace дүкеніне баруы керек. Тауарды қайтарудың барлық шарттары сақталған жағдайда, ақша қаражаты келесі әдістердің бірімен өтеледі:

  • Өтініш берілген күннен бастап 5 банктік күн ішінде банктегі есеп айырысу шотына;
  • Қолма-қол ақшамен, ақша қаражатын алатын тұлғаға ресімделген сенімхат ұсынылған кезде.

Қажетті құжаттар:

  1. Құрылғының сериялық нөмірі көрсетілген чектің немесе шот-фактураның түпнұсқасы;
  2. Тауарда зауыттық ақау болғанын растайтын құжат;
  3. Жеткізушіге қайтарылатын жүкқұжат, мөрмен және қолтаңбамен бекітілген;
  4. Сатып алушыдан қайтару жүкқұжаты, мөрмен және қолтаңбамен бекітілген;
  5. Салыстыру актісі, мөрмен және қолтаңбамен бекітілген;
  6. Банк деректемелерін көрсете отырып, салыстыру актісі негізінде ақша қаражатын қайтаруға өтініш;
  7. Дүкенде ақша қаражатын алатын тұлғаға ресімделген сенімхат.

Тиісті сападағы тауарды айырбастау және қайтару тек жеке тұлғалар үшін ғана мүмкін және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР қолданыстағы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Кепілді міндеттемелер:

  1. Apple Inc. негізгі өнімдері үшін кепілді мерзім – 12 ай;
  2. Пернетақталар, тышқандар, кабельдер, жалғастырғыштар, адаптерлер, қуат блоктары, батареялар, аккумуляторлар, қаптар, сөмкелер үшін кепілдік мерзімі – 90 күнтізбелік күн;
  3. Apple Inc., ТОО ASBC KAZAKHSTAN кепілді қызмет көрсету үшін берілген құрылғыларда болған ақпараттың және орнатылған бағдарламалық жасақтамалардың сақталуына жауап бермейді;
  4. Сатып алушы үйлесімді қосымша жабдықты өз бетінше орната алады, бұл ретте оны орнатудың, пайдаланудың дұрыстығына және осы әрекеттердің кейінгі салдарына жауапкершілікті толығымен өзі атқарады;
  5. Бағдарламалық жасақтаманы қайта орнату және қалпына келтіру кепілді қызмет көрсетумен көзделген жұмыстар тізіміне кірмейді;
  6. Кепілдік құрылғының шыны, пластик, боялған және эмальданған бөліктерінің механикалық зақымдалуына қатысты қолданылмайды;
  7. Кепілдік құрылғының косметикалық аққауларына таралмайды.

Кепілді қызмет көрсету жүргізілмейді:

  1. Құрылғының және оның тасымалдау қаптамасының механикалық зақымдануы болған кезде;
  2. Тауардың қаптамасы, құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ құрылғы толық жинақталмаған кезде;
  3. Құрылғыны жөндеу (ашу) әрекеті уәкілеттендірілмеген сервистік орталықта жасалғаны анықталған кезде;
  4. Егер пайдаланушы құрылғының және қауіпсіздік техникасының пайдалану шарттарын бұзса;
  5. Құрылғы кернеудің жоғарылауы немесе пайдалану кезінде электрмен жабдықтау стандарттарына сәйкес келмеуі салдарынан зақымдалған кезде;
  6. Құрылғы бөгде бағдарламалық жасақтаманың әрекеті нәтижесінде зақымдалған кезде;
  7. Егер құрылғы бөгде заттардың: сұйықтықтардың, жәндіктердің, шаңның және т.б. кіруіне байланысты зақымдалса;
  8. Құрылғыға қолжетімділіктің болмауына байланысты. Егер пайдаланушы құрылғының қорғаныс функцияларын өшіруден бас тартса (экранды бұғаттау, «Iphone-ды табу» функциясы және т.б.).

Қайтаруға жатпайтын тауарлардың тізімі:

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес тауарлардың мынадай санаттары қайтарылуға/айырбастауға жатпайды:

  1. Толық емес тауарлар;
  2. Сатып алғаннан кейін дұрыс пайдаланбау салдарынан ақаулары пайда болған тауарлар;
  3. Біржолғы қаптамасы бүлінген тауарлар;
  4. SIM-карталарды қолдайтын абоненттік құрылғылар (ұялы телефондар, планшеттер, балалар сағаттары, Wi-Fi роутерлері).