Apple техникасының сатушы-кеңесші

Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкені Сізді Apple сарапшылары командасының қатарына шақырады!

Apple-мен жұмыс істеу – бұл өз сегментінде ең жоғары қызмет көрсету стандарттары бар халықаралық деңгейдегі компанияда өзіңді көрсетудің бірегей мүмкіндігі.

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Сіз тәжірибелі сатушысыз немесе сату шеберлігін үйренгіңіз келетін жас мамансыз;
  • Сіз белсенді, көпшіл және ашық адамсыз;
  • Сіз кассалық тәртіпті, сату негіздерін білесіз немесе оны үйренгіңіз келеді;
  • Сіз шет тілдерін меңгергенсіз (ағылшын тіліне басымдық беріледі);
  • Сізде кәсіби өсуге және дамуға ұмтылыс бар;
  • Сізде ақша табуға ұмтылыс бар;
  • Сіз әрқашан жақсы көңіл-күйдесіз және сол көңіл-күйіңізді айналаңыздағы адамдармен бөлісесіз!


Міндеттер:

  • Сатып алушыларға кеңес беру және олардың қажеттіліктерін анықтау;
  • Премиум класты тауарларды сату;
  • Кассалық аппаратпен жұмыс істеу, кассалық құжаттарды толтыру;
  • Клиенттерді өткізілетін науқандар мен көрсетілетін қызметтер туралы хабардар ету;


Шарттар:

  • Қазақстан Республикасында Apple Premium Partner мәртебесіне ие алғашқы дүкенде жұмыс істеу;
  • Сату техникасына және өнім туралы білімге үйрету;
  • Үздік сатуларға арналған тоқсан сайынғы мотивациялық бағдарламалар; 
  • Әр қызметкердің командалық рухын жақсарту мақсатында өткізілетін тимбилдингтер, корпоративтік сапарлар;
  • Мансапты өсіру;
  • Жұмысқа ресми орналасу, барлық әлеуметтік кепілдіктер;
  • Жалақы + бонустар
  • Жұмыс кестесі: 2/2 10:00-ден 22:00-ге дейін


Командамызға қосыл!

Егер сіз өзіңізді вакансияның талаптарына сай келемін деп есептесеңіз, халықаралық компанияда дамығыңыз келсе, түйіндемеңізді мына электрондық мекенжайға жіберіңіз: +7 701 778 28 93 – Динара немесе сайттағы нысанды толтырыңыз.