Apple техникасының сатушы-кеңесші
Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкені Сізді Apple сарапшылары командасының қатарына шақырады!
Apple-мен жұмыс істеу – бұл өз сегментінде ең жоғары қызмет көрсету стандарттары бар халықаралық деңгейдегі компанияда өзіңді көрсетудің бірегей мүмкіндігі.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- Сіз тәжірибелі сатушысыз немесе сату шеберлігін үйренгіңіз келетін жас мамансыз;
- Сіз белсенді, көпшіл және ашық адамсыз;
- Сіз кассалық тәртіпті, сату негіздерін білесіз немесе оны үйренгіңіз келеді;
- Сіз шет тілдерін меңгергенсіз (ағылшын тіліне басымдық беріледі);
- Сізде кәсіби өсуге және дамуға ұмтылыс бар;
- Сізде ақша табуға ұмтылыс бар;
- Сіз әрқашан жақсы көңіл-күйдесіз және сол көңіл-күйіңізді айналаңыздағы адамдармен бөлісесіз!
Міндеттер:
- Сатып алушыларға кеңес беру және олардың қажеттіліктерін анықтау;
- Премиум класты тауарларды сату;
- Кассалық аппаратпен жұмыс істеу, кассалық құжаттарды толтыру;
- Клиенттерді өткізілетін науқандар мен көрсетілетін қызметтер туралы хабардар ету;
Шарттар:
- Қазақстан Республикасында Apple Premium Partner мәртебесіне ие алғашқы дүкенде жұмыс істеу;
- Сату техникасына және өнім туралы білімге үйрету;
- Үздік сатуларға арналған тоқсан сайынғы мотивациялық бағдарламалар;
- Әр қызметкердің командалық рухын жақсарту мақсатында өткізілетін тимбилдингтер, корпоративтік сапарлар;
- Мансапты өсіру;
- Жұмысқа ресми орналасу, барлық әлеуметтік кепілдіктер;
- Жалақы + бонустар
- Жұмыс кестесі: 2/2 10:00-ден 22:00-ге дейін
Командамызға қосыл!
Егер сіз өзіңізді вакансияның талаптарына сай келемін деп есептесеңіз, халықаралық компанияда дамығыңыз келсе, түйіндемеңізді мына электрондық мекенжайға жіберіңіз: +7 701 778 28 93 – Динара немесе сайттағы нысанды толтырыңыз.