2025 жылдың наурыз айында Apple жанкүйерлерін бірден екі жаңа планшет моделімен қуантты: 11 дюймдік iPad 2025 және 11 және 13 дюймдік өлшемдегі iPad Air M3. Базалық модельдің жаңартылуын біз көптен күткен едік, өйткені соңғы апгрейд үш жыл бұрын болған. Ал «әуе» желісі небәрі бір жыл бұрын жаңарғанымен, Apple инженерлері оны одан әрі жетілдіруді жөн көрді.

2025 жылғы iPad қалай өзгергенін баяндаймыз.

11 дюймдік экраны және ұлғайтылған жадысы бар базалық iPad

Жаңа модель 2022 жылы шыққан iPad 10 A14-тің орнына келді. Оның дизайны мен өлшемдері өзгеріссіз қалды, бірақ аппараттық бөлігі елеулі жаңартуларға ие болды.

Енді базалық планшет iPhone 14 Pro-дағы A16 Bionic процессорында жұмыс істейді. Сондықтан бұл модельді iPad A16 деп те атайды. Айта кетейік, халық арасында оны көбінесе iPad 11 Gen деп атайды, бірақ Apple бұл буынға ерекше мән бермейді.

Сыртқы көрінісі мен өлшемдері

2025 жылғы iPad алюминий корпусында жасалған. Алдыңғы беті шетінен шетіне дейін шынымен жабылған. Жоғарғы жиегінде динамиктер мен Touch ID қадағасы бар қосу түймесі орналасқан. Төменгі жағында динамиктер мен USB-C жалғағышы бар. Сол жақта аксессуарларды қосуға арналған Smart Connector, ал оң жақта дыбысты реттеу түймелері орналасқан. iPad 2025 жеңіл әрі мобильді құрылғы болып қала берді. Оның салмағы – 477/481 г (Wi-Fi/5G). Габариттері – 248,6 × 179,5 × 7 мм. Қолжетімді түстер: көгілдір, қызғылт, сары және күміс.

Не өзгерді?

  • CPU ядро саны – 5, ал GPU – 4 ядролы. Neural Engine – 16 ядролы. Алдыңғы iPad 10 моделінде CPU 6 ядролы болғанымен, жаңа iPad 30%-ға қуаттырақ.
  • Жады көлемі ұлғайды: 128, 256 және 512 ГБ. Бұрын 64 және 256 ГБ болатын.
  • Экран диагоналі 11 дюйм болды, ал бұрынғы нұсқада 10,9 дюйм еді.

16 чипі бар iPad оқу, қарапайым жұмыс, демалыс және ойын-сауық үшін өте қолайлы құрылғы. Liquid Retina үлкен экраны IPS матрицасымен және LED-жарықтандыруымен жабдықталған, бұл оны фильм қарау, графикалармен, диаграммалармен және кестелермен жұмыс істеуге ыңғайлы етеді. True Tone функциясы көздің шаршауын азайтады, ал Multi-Touch қимылдары планшеттің басқаруын интуитивті және ыңғайлы етеді.

A16 чипі барлық заманауи қосымшаларды оңай «үдетеді». Сіз тіпті 4K бейнені орната аласыз – процесс тегіс және жылдам болады. Назар аударыңыз: A16 чипі Apple Intelligence қызметін қолдамайды. Төзімді батарея бейнені ойнату режимінде зарядтаусыз 10 сағатқа дейін кепілдік береді. Және бұл стандартты жұмыс күнінен де көп.

Қашықтан бейне қоңыраулар шалу және конент жасау үшін 12 пиксельді камералар (негізгі және фронталдық) қамтамасыз етілген. Кіріктірілген микрофондар басқа адамға жақсы естілетініне кепілдік береді, ал стерео динамиктер таза және қатты дыбыс шығарады.

iPad Air M3: бірден екі экран өлшемі – желіде бірінші рет

«Әуе» желісі де айтарлықтай жаңартылды. Бұрын тек MacBook Pro-да болған M3 чипсеті енді планшеттерде де қолжетімді. iPad Air M1-мен салыстырғанда жаңартылған нұсқа 35%-ға жылдамырақ, ал оның графикалық өнімділігі 40%-ға жоғары. Apple Intelligence қолдауы, сәулелерді аппараттық трассировка және динамикалық кэштеу бар. Рейтрейсингті қолдайтын ойындардағы (мысалы, Diablo Immortal) графика таңғажайып болады!

11″ және 13″ iPad Air төрт әмбебап түсте ұсынылған: «сұр ғарыш», күлгін, көгілдір және «жұлдызды жарық».

iPad Air M3 сипаттамалары

  • Бір модельдің екі нұсқасы: 11 (247.6×178.5×6.1 мм, салмағы – 460 г) және 13 (280.6×214.9×6.1 мм, салмағы – 617 г) дюйм.
  • Liquid Retina дисплейі IPS матрицасымен және шағылысқа қарсы жабыны бар. 11 дюймдік модельдің ең жоғары жарықтығы – 500 нит, 13-дюймдік – 600 нит.
  • М3 чипі (8 ядролы CPU, 9 – GPU). Neural Engine 16 ядроны қамтиды және ол iPad Air M1 қарағанда, 60%-ға жылдамырақ.
  • RAM – 8 ГБ.
  • Негізгі кең бұрышты камера 12 МП, сандық 5 есе үлкейтумен және 4K бейне жазу мүмкіндігі бар. Фронталдық – Center Stage функциясы бар және бейнені тұрақтандырумен 12 МП.
  • Жады көлемі: 128, 256, 512 ГБ және 1 ТБ.
  • Автономдылық: Интернетте серфинг режимінде (Wi-Fi бойынша) немесе бейнелерді қарау кезінде зарядтаусыз 10 сағатқа дейін.

iPad Air M3 қуат пен портативтілікті біріктіреді. Бұл — креатившілер, студенттер, блогерлер және сапарда жүріп, талап етілетін қосымшаларда контент өңдейтіндер үшін керемет планшет.

Аксессуарлармен одан да жақсы болады

Планшеттің мүмкіндіктерін толық ашу үшін стилус пен пернетақта көмектеседі. iPad A16 Apple Pencil USB-C және Apple Pencil 1-ші буынын қолдайды. Ал iPad Air 2025 Apple Pencil USB-C мен жетілдірілген Apple Pencil Pro-мен үйлесімді.

Стилус — сурет салатындарға, графикамен жұмыс істейтіндерге немесе қолмен жазып үйренгендерге таптырмас құрал: жазылған мәтін оңай баспаға айналады.

Егер сіз көп мәтін теріп, планшетті компьютер ретінде пайдалануды жоспарласаңыз, пернетақтасы бар қапшықсыз қиын болады. 2025 жылғы iPad 11″ Magic Keyboard Folio-ны қолдайды. Ал iPad Air M3 үшін жаңа Magic Keyboard ұсынылған – онда үлкенірек трекпад пен функцияларға жылдам қол жеткізуге арналған 14 перне бар.

Қорытынды2025 жылы қай iPad-ты таңдау керек?

Сонымен, осы шолуда қарастырылған модельдердің қайсысы сіздің міндеттеріңізге сәйкес келетінін қорытындылайық.

А16-ға iPad 11″ – веб-серфинг, оқу және видео өңдеу үшін тамаша таңдау. Бұл баға мен мүмкіндіктердің оңтайлы үйлесімін ұсынатын әмбебап күнделікті планшет. Ал iPad Air M3 (11″ немесе 13″) – қуаттырақ, сондықтан ауыр тапсырмаларға жақсы бейімделген: монтаж, графика және көптапсырмалылық. Сондықтан жұмыс пен шығармашылық үшін жақсы таңдау. 11-дюймдік моделі саяхаттауға ыңғайлы, ал 13-дюймдік моделі – кестелер мен ұсақ элементтермен жұмыс істеу үшін қолайлы.

Қазақстанда 2025 жылғы iPad-ты iSpace-тен сатып алуға болады! Біз – Қазақстанда Apple-дің ресми серіктесіміз. Сізге оңтайлы модельді, жады көлемін және керек-жарақтарды таңдауға көмектесеміз. Сондай-ақ ыңғайлы төлем әдістерін ұсынамыз: бөліп төлеу, несие, Trade-in бағдарламасы. Онлайн сатып алсаңыз, Қазақстан бойынша жеткізіп береміз!

СОНДАЙ-АҚ ОҚЫҢЫЗ

iSpace: iPhone-ды Trade-in арқылы сатып алған кезде 100 000 теңгеге дейін сыйға алыңыз

Apple техниканы қай жерден сатып алған дұрыс?

Қазақстанда Apple кепілдігі қалай жұмыс істейді және сервистік қызмет туралы не білуіңіз керек?

Суретшінің көзімен Apple планшеттеріне шолу: шығармашылыққа арналған ең жақсы модельдер

MacBook, iPhone және iPad аккумуляторының қызмет мерзімін қалай ұзартуға болады?

Будьте в курсе всегда!

Подпишитесь на рассылку и узнавайте первым о новых акциях и спецпредложениях магазина!