Мазмұны
AirPods Pro 3 2025 жылғы таныстырылымнан кейін көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Өзгерістерге қысқаша тоқталсақ: дыбыс сапасы жақсарды, шуды басу жүйесі күшейтілді, ал құлаққап құлаққа бұрынғыдан да тығызырақ отырғызылды – сондықтан олармен жаттығу жасау жеңілдей түсті. Бұл шолуда біз жаңа AirPods Pro 3 моделінің ерекшеліктерін және оның күнделікті қолданудағы артықшылықтарын талқылаймыз.
AirPods Pro 3-тің құлағыңыздан түсіп қалуы енді өте қиын. Жаңа пішіннің ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін әзірлеушілер 10 000-нан астам құлақ пішінін зерттеген. Құлаққаптың корпусы кішірейтіліп, ал ауырлық орталығы құлақ жастықшаларының арқасында сәл өзгертілді.
Айтпақшы, құлақ жастықшалары енді көбік материалынан жасалған, ал жинақта бірден бес өлшем ұсынылады – олардың ішінде жаңа XXS те бар. iPhone-ға алғаш қосылғанда арнайы акустикалық тесттен өтуге болады. Ол құлаққаптың құлаққа қаншалықты дұрыс отырғанын талдап, қажет болса басқа өлшемді таңдауды ұсынады.
AirPods Pro 3 пен AirPods Pro 2-ні салыстырсақ, жаңа модель шаңнан, терден және судан қорғаныс жағынан да басым. Бұрынғы нұсқада IP54 қорғаныс деңгейі болса, жаңа модельде ол IP57-ге жетті. Демек, құрылғыны жаңбыр астында да, қарқынды жаттығулар кезінде де еркін қолдануға болады.
AirPods Pro 3-тің шуды басу технологиясы ерекше назар аударуға тұрарлық. Жүйеде бірнеше арналы акустикалық құрылым қолданылып, ол ауа ағынын дәл реттеп, кеңістіктік дыбысты қамтамасыз етеді. Не өзгерді?
Айта кетсек, ашықтық режимінде AirPods Pro 3 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады, ал құрал қорабынан қуаттау арқылы жалпы уақыты 24 сағатқа жетеді.
Белсенді шуды басу AirPods Pro 2-мен салыстырғанда екі есе, ал алғашқы AirPods Pro-ға қарағанда төрт есе нәтижелі. Интеллектуалды Adaptive EQ дыбыс теңгерім жүйесі дыбыс сапасын жақсартып, төменгі жиілікті күшейтеді және дыбыс өрісін кеңейтеді. Ал ашықтық режимінде сыртқы дыбыстар мен дауыстар табиғи әрі анық естіледі.
Жаңа модельдегі құлаққаптар жаттығуларды жаңа деңгейге шығарды – мұнда Apple компаниясы тарихындағы ең кішкентай кіріктірілген жүрек соғысын бақылау сенсоры орнатылған. Ол инфрақызыл сәулелер арқылы жаттығу кезіндегі жүрек соғысын қадағалайды. AirPods Pro 3-те тағы қандай жаңалықтар бар?
Айта кету керек, бұл функциялардың барлығы тек жаңа жасанды интеллект үлгісін қолдайтын iPhone-ға қосылғанда және негізгі тіл ағылшын болып орнатылғанда ғана қолжетімді.
Live Translation мүмкіндігі қосымша бағдарлама орнатпай-ақ әртүрлі тілде сөйлейтін адамдармен түсінісуге жол ашады. Жүйе дыбысты талдап, Apple Intelligence көмегімен сөйлеуді табиғи дауысқа жақын етіп аударады. Егер әңгімелесушінің мұндай мүмкіндікті қолдайтын AirPods құлаққаптары болмаса, iPhone-ды да қолдануға болады: ол көлденең ұсталғанда мәтінді экранда көрсетеді. Бұл мүмкіндік AirPods Pro 2 және AirPods 4 (ANC) үлгілерінде де қолжетімді.
Қазіргі уақытта Live Translation тек ағылшын, француз, неміс, португал және испан тілдерінде жұмыс істейді. Биыл оған жапон, итальян, корей және қарапайым қытай тілі қосылмақ.
AirPods Pro 3-тегі жаңартулар естуді қорғауға да әсер етті – әзірлеушілер өткен жылы алғаш енгізілген кешенді есту қорғау жүйесін жетілдіруді жалғастырып келеді. Арнайы тест үй жағдайында есту қабілетін тексеріп, ғылыми негізделген нәтижелер береді. Бұл көрсеткіштер AirPods Pro және AirPods Pro 2 үлгілеріне қарағанда нақтырақ, себебі жаңа нұсқада шуды басу технологиясы жетілдірілген.
AirPods Pro 3 құлаққаптарын есту құрылғысының орнына да пайдалануға болады. Мысалы, шулы ортада дауыс күшейту мүмкіндігі автоматты түрде іске қосылып, сөйлеген сөзді айқын жеткізеді, ал қосымша шуды азайтады.
Жаңа AirPods Pro 3 Bluetooth арқылы жұмыс істейді, дыбыс сапасы жақсарған, батареясы ұзаққа жетеді және жаттығуларға бейімделген. Жасанды интеллекттің көмегімен құлаққаптар сөйлеуді нақты уақытта аударады, жаттығу кезінде ынталандырады және «Fitness» қосымшасындағы белсенділік сақиналарын жабуға жәрдемдеседі.
Алайда, кейбір Apple Intelligence мүмкіндіктерінде аймақтық және тілдік шектеулер бар екенін ескерген жөн. Бұл қызметтерді пайдалану үшін құрылғыдағы негізгі тілді ағылшын етіп орнату қажет.
Жаңа AirPods Pro 3-тің барлық функцияларын сынап көру және бағасын нақты білу үшін iSpace дүкендеріне келе аласыз. Қазақстанда олар Астана, Алматы, Шымкент және басқа қалаларда орналасқан. Сайттан өзіңізге ыңғайлы мекенжайды қарап, келіп, шуды басу сапасын немесе тікелей аударма мүмкіндігін байқап көріңіз. Егер сұрақтарыңыз болса, біздің мамандарға жолығыңыз. Ал егер құлаққапты дәл қазір сатып алғыңыз келсе, онлайн тапсырыс беріп, бүкіл ел бойынша жеткізуді пайдалана аласыз.
Қосымша оқыңыз
iSpace Apple Premium Partner дүкендеріндегі trade-in
Apple Watch SE 3, Ultra 3 немесе Series 11: қайсысын таңдау керек?
Apple iOS 26: телефоныңызға қандай жаңа мүмкіндіктер келді?
Әркім білуге тиісті AirPods 8 функциясы
2025 жылы видеомонтаж бен графика үшін ең үздік Mac компьютерлері
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!