Коронавирус пандемиясынан кейін іс-шаралар кеңістігі мәңгі өзгерді. Қазір көптеген компаниялар офлайн және онлайн режимінде қызметкерлерді бір үстел басына жинап, гибридті кездесу форматын белсенді қолдана бастады.

Мұндай шараларды қалай өткізуге болады? Оған қалай қатысу керек? Камераны қосу керек пе? Талқылап көрейік.

Көптеген зерттеулер онлайн қоңыраулар кезінде қосулы камера қатысушылардың қатыстылығын қолдайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, басқа сарапшылардың пікірінше, адамдар ZOOM және басқа веб-кездесу қолданбаларынан шаршаған. Тіпті “Zoom fatigue” термині – онлайн-бейнеконференцияларға байланысты психикалық шаршаңқылық түсінігі пайда болған.

Салауатты гибридті кездесулерді өткізу үшін сіз осы шектер арасында тепе-теңдік сақтауыңыз керек. Бұл жағдайда сізге мынадай 9 ереже көмектесе алады.

1. Бәрі бірдей жағдайда: камера не қосулы, не сөндірулі болады. Сіз бір шешімді таңдауыңыз керек, өйткені жиналыста біреу қосылып, біреу қосылмай отырса, қолайсыз жағдай қалыптасады. Елестетіп көріңізші: сізді барлық әріптестеріңіз көріп отырады және сіздің реакцияңызды түсінеді. Ал сіз басқа адамдардың реакциясын білмейсіз және бос кеңістікке сөйлеп отырғандай боласыз. Бұл жағымсыз әсер қалдырады. Сонымен қатар, камерасы өшірілген адам өзінің “белсенді” әріптестерімен салыстырғанда сұхбатқа азырақ қатысады. Және ол өзін байқату үшін көбірек күш салуы керек.

2. Шетін кездесулер мен тет-а-тет қоңыраулар кезінде әркез камераны қосып отырыңыз. Шетін мәселелерді талқылап, жағымсыз жаңалықтарды хабарлау немесе кері байланыс беру үшін қоңырау шалған кезде камера қосулы болуы керек. Себебі біздің бір-бірімізді түсіну қабілетіміз көбінесе әңгімелесушінің мимикасын ұғыну қабілетіне байланысты. Әсіресе эмоциялармен байланысты сигналдарды. Эмодзилер сол үшін ойлап табылған. Олар әңгімелесушілер бір-бірінің бетін көрмеген кезде орын алуы мүмкін қарым-қатынас олқылығын толтырады.

3. Гибрид –мерекелік іс-шаралар үшін қолайсыз формат. Егер жиналыстың мақсаты қандай да бір оқиғаны атап өту болса, онда барлық қатысушылар онлайн немесе бәрі офлайн болуы керек. Мұндай іс-шаралардың қалай өтетіні есіңізде болар: кеңседегі адамдар бәрі өзара қарым-қатынас құрып, ойнап-күліп, қол шапалақтап, бір-біріне құрмет көрсетіп жатады. Виртуалды қатысушылар олардың көңіл көтеруін тек сырттан бақылап отыра алады. Олар әріптестерінің арқаларына қарап, олардың не туралы сөйлесіп, қалай әзілдесіп жатқанын естімейді. Және бұл әңгіме-дүкенге қалағанындай қатыса алмайды. Сондықтан, егер қатысушылардың әрқайсысы кездесуге жеке қатыса алмайтын болса, онда оны барлығы үшін виртуалды етіңіз.

4. Онлайн-тимбилдингтерде камералар қосулы болуы керек. Егер кездесудің мақсаты командалық байланысты нығайту болса, онда камера қосулы болуы керек. Басқа жағдайларда, мейлі, ақпарат алмасу немесе кез келген басқа “іс-әрекетті келісімдеу” жағдайы болсын, камераны өшіріп қоюға болады.

5. Егер алда жасалатын қоңырау кезінде камералар қосулы болуы керек болса, командаға алдын ала ескертіңіз. Мұны кездесуге шақыру хатында жасауға болады. Сонда бұл ешкім үшін күтпеген жағдай болмайды. Қоңырау басталған кезде әріптестеріңізден камераларын қосуды өтініңіз. Сіз бұл өте маңызды кездесу екенін және олардың әрқайсысының әңгіме барысына қатысуы ыңғайлы болғанын қалайтыныңызды баса айта аласыз. Өйткені, сіз компьютерлермен емес, адамдармен жұмыс істейсіз.

Бірақ камераны қосу туралы шешімді қатысушылардың еркіне қалдыру – нашар идея. Өйткені мұны жасағысы келмейтіндердің саны басым болары анық. Іс жүзінде “қашықтан жұмыс істейтіндер” үшін өшірілген камера кеңсе киімін кимей, пижамада қала беру мүмкіндігін білдіреді.

6. Камерадан қашқақтау – қызметкерлердің өздері үшін онша жақсы идея емес. Өз сыртқы келбетімізге қамқорлық жасау біздің өз-өзімізді бағалауымызға әсер ететіні туралы көптеген зерттеулер бар. Бірақ кейде адам босаңсып: мен үйдемін, камера өшірулі, мені ешкім көрмейді – әдемі киініп, өзіме күтім жасаудың не керегі бар деп ойлайды. Егер бұл үнемі орын алатын болса, онда болашақта өз-өзіне қарау мотивациясы түпкілікті жойылуы мүмкін. Бұл бейсаналық түрде болады. Және керісінше: біз өз түрімізге сенімді болсақ және кез келген уақытта камераны қосуға дайын болсақ, біз өзімізді жақсы сезінеміз.

7. Гибридті кездесулерде виртуалды қатысушылар бірінші болып сөйлеуі керекАдамдарға өздері жеке танитын және физикалық тұрғыдан жақын адамдарды көбірек бағалау тән. Бұл кездесуге виртуалды түрде қатысатын әріптестерге қатысты алалаушылық тудыруы мүмкін. Олар әуел бастан анағұрлым тиімсіз жағдайда болады. Сондықтан сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіретін уақыт орын алған әр сәтте онлайн қатысушыларға басымдық беріңіз. Осылайша сіз араларыңыздағы қашықтықты байқатпай, тең құқықылы жағдай жасай аласыз.

8. Гибридті кездесудің виртуалды қатысушылары нені көретіні туралы ойланып көріңіз. Егер сіз веб-камерасы бар келіссіөздер бөлмесінде онлайн кездесу өткізсеңіз, онда ешкім одан қашқақтамайтындай етуге тырысыңыз. Бұл виртуалды қатысушыларға теріс қарап тұрумен бірдей. Өзіңізді осы камера туралы тағы бір адам ретінде ойлауға үйретіңіз.

Шағын, орта және үлкен келіссөздер бөлмелері үшін технологиялық шешімдерді Logitech бренді ұсынады. Олардың құрамына кіретін камералар автоматты түрде кадрлеу функциясымен жабдықталған. Сіз бүкіл бөлмені түсіруді, белсенді спикерді бөліп көрсетуді немесе екі форматты біріктіруді таңдай аласыз. Автоматты масштабтаудың арқасында ешкім кадр сыртында қалмайды. Видео кинематографиялық сапада таратылады және қуатты, көлемді дыбыспен сүйемелденеді.

Қорытынды

Әлем әлдеқашан жаңа “қалыптылықта” өмір сүріп келеді. Онлайн кездесулер бүгінде ешкімге экзотикалық нәрсе болып көрінбейді және адамдар тіпті ең маңызды мәселелердің өзін қашықтан шешуге болатындығына үйренген. Әрине, егер команда осы мақалада сипатталған гибридті кездесу әдебін ұстанатын болса.

Егер сізде жоғары деңгейде келіссөздер өткізу қажеттілігі туындаса немесе сіз гибридті жұмыс форматын қолданатын болсаңыз, біз сізге Logitech шешімдерінің көмегімен өнімді жұмыс ортасын ұйымдастыруға көмектесеміз. Сіз олардың мүмкіндіктерін кеңсеңізде тегін сынап көре аласыз. Біз сізге демо жинағын әкеліп, оны қосып береміз және оның қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз.

Будьте в курсе всегда!

Подпишитесь на рассылку и узнавайте первым о новых акциях и спецпредложениях магазина!  

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған