iPad
Ең жоғары баға 1781990 ₸
iPad – Apple шығарған бірнеше үлгіден тұратын планшеттер сериясы. Бұл гаджет құжаттармен, иллюстрациялармен, кітаптармен жұмыс істеуге бейімделген, сонымен қатар ойын ойнауға да мүмкіндік береді, ал графикасы консоль деңгейінде болады. Мұның барлығын қамтамасыз ететін – Apple жылдар бойы дамытып, қолдап келе жатқан, бірізді стандарттар мен тұрақтылықты сақтайтын iPadOS жүйесі.
Apple iPad буындары
2010 жылдан бері бренд үнемі жаңартылып тұратын 4 желіні ұсынды. 11-ші буындағы iPad – күнделікті қолдануға арналған әмбебап көмекші. Оның 11 дюймдік экраны, жылдам процессоры және заманауи байланыс стандарттарын қолдауы оқу, жұмыс және демалыс үшін ыңғайлы етеді.
7-ші буындағы iPad mini – желідегі ең ықшам үлгі. Оны көбіне көп саяхаттайтын, гаджетті жолда жиі пайдаланатын немесе балаға қолайлы құрылғы іздейтіндер таңдайды. 8,3 дюймдік экраны, жаңа A17 Pro процессоры және кіріктірілген жасанды интеллекті шығармашылық пен ойын-сауыққа өте қолайлы.
7-ші буындағы iPad Air жұқа корпуста қуатты жабдыққа ие болды. Оны студенттер, дизайнерлер және құжаттармен немесе шығармашылық жобалармен жұмыс істейтіндер жиі қолданады. Құрылғы екі өлшемде (11 және 13 дюйм) шығарылады және Apple стилустарын мен пернетақтасын қолдайды.
7-ші буындағы iPad Pro ноутбугыңызды алмастыра алады. Оны фотографтар, суретшілер, бағдарламашылар және ауыр бағдарламалармен жұмыс істейтіндер таңдайды. Бұл үлгі де екі конфигурацияда шығарылады, жад көлемі 2 ТБ-қа дейін жетеді және сапалы дисплеймен жабдықталған.
iPad түрленімдері
Apple компаниясының планшеті бірнеше модификацияда ұсынылады. Бұл үлгілерді ерекшелендіретін факторлар:
• экран көлемі – ықшам 8,3 дюймнен бастап кең 13 дюймге дейін;
• жинақтауыш жад – сериясына қарай 128 ГБ-тан 2 ТБ-қа дейін;
• байланыс түрі – Wi-Fi қолдауы немесе кеңейтілген Cellular нұсқасы.
Қол жетімді аксессуарлар жиынтығы үлгілерге қарай өзгереді, алайда барлық планшеттер стилус пен пернетақтамен үйлесімді. Корпус түстері де сериясына байланысты өзгереді – қанық сарыдан ұстамды сұрға дейін.
Планшеттердің артықшылықтары мен үлгілері
Бүгінде iPad-ты бірнеше танымал үлгіде сатып алуға болады, олардың қатарында:
1. iPad A16 – жеткілікті функционалды әрі ұзақмерзімді, жинақтауыш пен жедел жады қоры мол;
2. iPad mini A17 Pro – ықшам әрі ыңғайлы, ашық әрі анық дисплейі эскиздерге таптырмас;
3. iPad Air M3 – өнімділігі жоғары, сәулелерді қадағалау технологиясының арқасында графика үшін қолайлы;
4. iPad Pro M4 – ең қуаттысы, оны код жазу, графика және бейнемонтаж үшін таңдайды.
M сериялы фирмалық процессорлар планшеттерді соншалықты қуатты етті, олар 4K форматындағы бейнемонтажды немесе 3D-графиканы еш қиындықсыз орындайды. Сонымен қатар, гаджет мүлде дыбыссыз жұмыс істейді. Retina дисплейі, жоғары жарықтығы, тамаша түстік берілісі және олеофобты қабаттамасы суретті шынайы әрі жайлы етіп көрсетеді.
Техникалық сипаттамалар
Заманауи iPad үлгілері бейнеқоңыраулар кезінде адамды автоматты түрде кадрда ұстап тұратын Center Stage функциясымен жабдықталған 12 Мп-қа дейінгі камераларға ие. Батарея қуаты жеткілікті автономдылық береді – қуаттамай 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Қауіпсіздік үшін Touch ID сканері немесе Face ID жүйесі қолданылады.
Стандартты нұсқада көлденең стереодинамиктер мен екі микрофон бар. 7-ші буындағы iPad Pro үлгісінде 4 микрофон мен 4 динамик орнатылған, олар студиялық сападағы дыбыс береді.
Барлық планшеттер 5G және eSIM қолдайды. Порттар үлгісіне қарай өзгереді: стандартты нұсқада – USB-C, ал iPad Pro модельдерінде оның орнына Thunderbolt / USB 4 қолданылады.
iPad-ты қалай таңдау керек?
Apple iPad сатып алмас бұрын, басты критерийлер мен өзіңізге қажетті міндеттерді айқындап алыңыз. Біз келесі параметрлерді бөліп көрсетеміз:
1. Дисплей түрі – Liquid Retina бейнероликтерде көріністі жақсы жеткізеді, Retina XDR фотосуреттерді өңдеуге қолайлы, ал Ultra Retina XDR креаторларға ұнайды.
2. Экранның қосымша функциялары – 120 Гц жаңарту жиілігін қолдау графикамен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
3. Аксессуарларды қолдау – 1-ші буындағы стилус қарапайым міндеттерге жарайды, ал сурет салу үшін Apple Pencil Pro немесе Apple Pencil (USB-C) таңдаған жөн.
Жаңа iPad-ты тек сенімді дүкендерден сатып алыңыз. iSpace дүкенінде біз ең жаңа Apple гаджеттерін ұсынамыз – олардың барлығы ашық қолжетімді. Сондай-ақ, сайт арқылы онлайн тапсырыс беріп, Қазақстан бойынша жеткізіп алуға болады. Бізде салыстыру функциясы бар: әртүрлі үлгілердің айырмашылықтарын қарап, өзіңізге идеалды гаджетті таңдаңыз. Сонымен бірге шолулар, толық сипаттамалар және пікірлер де қолжетімді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қай iPad үлгілері ең танымал?
Қарапайым міндеттер үшін көбіне iPad Air M3 таңдалады, ал ауқымды жұмыс жобалары үшін – iPad Pro M4. Дегенмен, ұсынылып отырған барлық заманауи үлгілер де үлкен сұранысқа ие.
Қазақстанда iPad қанша тұрады?
Астанада Apple iPad бағасы 258 990 ₸-ден басталады. Нақты баға сериясына және шыққан жылына байланысты өзгереді. Сондай-ақ құрылғыны бөліп төлеу (рассрочка) немесе несие арқылы сатып алу мүмкіндігі бар.
iPad-ты ресми түрде қайдан сатып алуға болады?
Қазақстанда iPad-ты iSpace дүкендерінен сатып ала аласыз. Біз Apple Premium Partner мәртебесіне ие болып, тек түпнұсқа өнімдерді толық жинақтамасымен ұсынамыз. Планшетпен бірге сізге ресми кепілдік те беріледі.
iPad планшетіне қандай кепілдік беріледі?
Айпадқа кепілдік мерзімі – 12 айға дейін, бұл стандартты шарт. Егер құрылғы істен шықса, біздің сервис орталығымызға жүгіне аласыз.