ЖАҢА ӨНІМ 6 айға Яндекс Плюс сыйлаймыз
Apple Watch Series 10 GPS Light Blush Sport Band, S/M, 42мм, Қызғылт алтын
289 990 ₸
немесе24 166 ₸/айына 12 айға* бөліп төлеу
Trade-in
Жаңа құрылғыны сатып алу үшін 100 000 ₸-ге дейін алыңыз.
Саны
Тезірек алу
Өзі алып кету пункті
Әдетте 30 минут ішінде алуға дайын
Жеткізу
Толығырақ
Apple Watch Series 10
Сипаттама
Қарсы алыңыз, Apple Watch Series 10! Көлемді экран және жұқа әрі жеңіл дизайндағы үлкейтілген дисплей. Түнгі апноэ туралы хабарландырулары1 сияқты денсаулық пен фитнеске арналған озық функцияларға және жылдам зарядтау мүмкіндігіне қол жеткізіңіз.
Функциялар
- НЕГЕ APPLE WATCH SERIES 10—экран аумағы 30%-ға дейін үлкейтілген үлкенірек дисплей.2 Жіңішке, жеңіл және ыңғайлы дизайн.2 Денсаулық пен фитнеске арналған жетік функциялар маңызды деректер ұсынады.3 Қауіпсіздік функциялары қажет болған кезде сізге көмек шақырады.4 Жылдам зарядтау мүмкіндігі 30 минут ішінде батареяны 80%-ға дейін зарядтайды.5
- ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ—кез келген уақытта ЭКГ жасаңыз.6 Қалыптан тыс жүрек соғу ырғағы туралы хабарламалар немесе жоғары немесе төмен пульс туралы ескертулер алыңыз.7 Менструация циклін бақылаңыз және овуляцияны ретроспективті жолмен есептеп күнін болжайтын ақпарат алыңыз.8 Түндегі жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі көрсеткіштерін «Негізгі көрсеткіштер» қолданбасында көріңіз.9 Ұйқыңызды қадағалаңыз және ұйықтау кезіндегі апноэ болған жағдайда хабарлама алыңыз.1
- ҚУАТТЫ ФИТНЕС СЕРІКТЕС—Белсенділік сақиналары арқылы өмір салтыңызға қарай баптауға болатын барлық қозғалыстарыңызды өлшеңіз. «Жаттығу» қолданбасымен әр түрлі жаттығулар түрі үшін озық көрсеткіштер алыңыз. Жүктеме көмегімен жаттығуларыңыздың қарқынын бақылаңыз. Судағы шытырман оқиғаларыңыз үшін тереңдік және су температурасын өлшейтін датчикті пайдаланыңыз.
- БАЙЛАНЫСТА БОЛЫҢЫЗ—Хаттар жіберіңіз, қоңырауларды қабылдаңыз, музыка мен подкастар тыңдаңыз және хабарламалар алыңыз. Байланыста болу үшін Apple Watch Series 10 (GPS) iPhone құрылғысына немесе Wi-Fi желісіне қосулы болуы керек.
- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ФУНКЦИЯЛАРЫ—«Құлауды анықтау»10 және «Апатты анықтау» функциялары сіз қатты құлаған немесе жол апаты орын алған жағдайда құтқару қызметіне қоңырау шала алады. Ал «Төтенше қоңырау – SOS» функциясымен түймені басып көмек шақыруға болады.4 «Байланысқа шығу» функциясы жақын адамыңызға бара жатқан жеріңізге жақсы жеткеніңізді автоматты түрде хабарлайды.11
- ТАҢҒАЛАРЛЫҚ БЕРІКТІК—шытынауға қарсы берік және шаңға қарсы төзімділігі IP6X стандартымен сертификатталған. 50 метр тереңдікте суға төзімді.12
- КӨМІРТЕК БЕЙТАРАП—Apple Watch Series 10 таңдаулы баулармен жұптасқан кезде көміртек бейтарап болады. Apple корпорациясының қоршаған ортаны қорғауға қатысты міндеттемелері туралы толығырақ мәліметті com/2030 сайтынан қараңыз.
- ТАМАША ҮЙЛЕСІМ—Apple құрылғыларыңызбен және қызметтермен тамаша үйлеседі.13 Mac құрылғысының құлпын автоматты түрде ашыңыз.
- ОҢАЙ РЕТТЕЛЕДІ—Баулардың әртүрлі стильдері, материалдары және түстерімен, сондай-ақ толықтай реттелмелі циферблаттарымен құрылғыны көңіл-күйіңізге сәйкес бейімдей аласыз.
Құқықтық мәлімет
Apple Watch Series 10 үшін iOS 18 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған iPhone Xs немесе одан жаңа моделі қажет.
1Түнгі апноэ туралы хабарландыру функциясы Apple Watch Ultra 2 және Apple Watch Series 9 немесе одан жаңа модельдерінде бар. Ұйқыдағы апноэ диагнозы қойылмаған, 18 жастағы және одан үлкен жастағылардың ұйқы апноэсының орташа және асқынған белгілерін анықтауға арналған.
2Алдыңғы буындармен салыстырғанда.
3Функциялар өзгеруі мүмкін. Кейбір функциялар, қолданбалар және қызметтер барлық аймақта немесе барлық тілде жұмыс істемеуі мүмкін. Толық тізімді apple.com/watchos/feature‑availability сайтынан қараңыз.
4«Төтенше қоңырау – SOS» функциясы үшін Apple Watch немесе жақын маңдағы iPhone құрылғысынан интернет қосылымы бар ұялы байланыс немесе Wi-Fi қоңырауы қажет.
5Зарядтау уақыты жинаққа кіретін Apple Watch жылдам зарядтайтын магнитті USB-C кабелін пайдалану арқылы 0-ден 80 пайызға дейін және 0-ден 100 пайызға дейін есептелді. Сынақты Apple компаниясы 2024 жылғы тамыз айында iPhone құрылғысымен жұптастырылған өндіріске дейінгі Apple Watch Series 10 (GPS) құрылғысын пайдалана отырып жүзеге асырды; құрылғының барлығы бағдарламалық құралдың сынақ нұсқасымен, Apple Watch жылдам зарядтайтын магнитті USB-C кабелімен (A2515 моделі) және Apple 20 Вт USB-C қуат адаптерімен (A2305 моделі) тексерілді. Жылдам зарядтау сынағы заряды біткен Apple Watch құрылғыларымен жүргізілді. Зарядтау жылдамдығы Apple логосы шыққаннан бастап, құрылғының қосылғанға дейінгі уақытты есепке алады. Зарядтау уақыты аймаққа, параметрлерге және қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін; іс жүзіндегі нәтижелер де басқа болуы мүмкін.
6«ЭКГ» қолданбасы Apple Watch Series 4 және одан жаңа модельдерде қолжетімді (Apple Watch SE құрылғысынан басқа). Оның көмегімен бір тармақты электрокардиограммаға ұқсас ЭКГ жасауға болады. 22 жасқа толмаған қолданушыларға арналмаған.
7Қалыптан тыс жүрек соғысы туралы хабарлау функциясы үшін watchOS және iOS жүйелерінің ең соңғы нұсқасы қажет. 22 жастан кіші немесе жүрек фибрилляциясы диагнозы қойылған қолданушыларға арналмаған.
8«Циклді қадағалау» қолданбасы жүктілікті бақылауда ұстау құралы ретінде немесе қандай да бір ауруға диагноз қою үшін пайдаланылмауы керек.
9«Негізгі көрсеткіштер» қолданбасы тек денсаулықты бақылауға арналған және медициналық мақсатта пайдаланылмауы керек.
10«Құлауды анықтау» функциясының жаңартулары watchOS 8 және одан кейінгі нұсқасы орнатылған Apple Watch Series 4 және одан кейінгі модельдерде қолжетімді.
11«Байланысқа шығу» функциясын қолдану үшін хабарлама жіберушіде watchOS 11 немесе одан кейінгі нұсқасы, ал алушыда iOS 17 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылуы керек. Геолокацияны жіберу қызметі Оңтүстік Кореяда жұмыс істемейді және жергілікті ережелерге байланысты басқа аймақтарда қолжетімді болмауы мүмкін.
12Apple Watch Series 10 құрылғысы ISO 22810:2010 стандартына сәйкес 50 метр тереңдікте суға төзімді. Оларды терең емес суға түскенде пайдалануға болады, мысалы, бассейнде немесе теңізде жүзгенде. Apple Watch Series 10 құрылғысын суға сүңгігенде, су шаңғысын тепкенде, ағысы қатты не терең судағы басқа әрекеттер үшін пайдаланбаған жөн. Қалыпты тозу нәтижесінде суға төзімділігі уақыт өте келе азаюы мүмкін. Қосымша ақпратты support.apple.com/en‑us/HT205000 сайтынан қараңыз. Apple Watch Series 10 құрылғысының шаңға төзу көрсеткіші — IP6X.
13watchOS 11 үшін Apple Watch SE (2-буын), кез келген Apple Watch Ultra модельдері немесе Apple Watch Series 6 немесе одан жаңа модельдері iOS 18 немесе одан жаңа нұсқадағы iPhone Xs немесе одан жаңа құрылғылармен жұптастыруды талап етеді.
Warranty
Өзі алып кету пункті
Әдетте 30 минут ішінде алуға дайын
Жеткізу
289 990 ₸
немесе24 166 ₸/айына 12 айға* бөліп төлеу