MacBook Air Trade-in арқылы небәрі айына 18 583 ₸-ден бастап Толығырақ
Кіру

iPad Air 13 M2, 128 ГБ Wi-Fi+4G 2024, күлгін

Артикул: MV6U3QA/A

689 990 ₸

Түс - күлгін

Internal Memory Size

Trade-in

Жаңа құрылғыны сатып алу үшін 100 000 ₸-ге дейін алыңыз.

Тезірек алу

Өзі алып кету пункті

Недоступно

Жеткізу

Төлем мүмкіндіктерімен танысыңыз.

Толығырақ

iPad Air

Толығырақ

Сипаттама

Дизайны жаңартылған 13 дюйм iPad Air жасындай жылдам Apple M3 чипінің суперкүшіне ие. Ол таңғаларлық Liquid Retina дисплейімен, бұрынғыдан а жақсырақ бейне қоңырауларға арналған 12MP Center Stage алдыңғы камерамен, сондай-ақ жарықтың жылдамдығындай Wi-Fi 6E және 5G мүмкіндігімен жасақталған. Сонымен қатар ол Apple Pencil Pro және Magic Keyboard пернетақтасымен және Smart Folio қабымен жұмыс істейді. Осылайша кез келген жерден бірнеше тапсырма орындауға, оқуға, жұмыс істеуге, ойнауға және контент жасауға болады.

Функциялар

  • 13 ДЮЙМ LIQUID RETINA ДИСПЛЕЙ—Көз жауын алар Liquid Retina дисплейінде P3 түстердің кең ауқымы, True Tone және аса төмен шағылысу сияқты озық технологиялар бар, солардың арқасында экраннан бәрі ғажап көрінеді.1
  • ӨНІМДІЛІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ЖАД—M2 чипі көлемі бір уақытта үлкен қосымшалар арасында оп-оңай ауысуға және графикасы қанық ойындарды ойнауға мүмкіндік береді. Күні бойы істей беретін аккумулятормен жол-жөнекей жұмыс істеп, ойнай бересіз.4 Қосымшаларға, музыкаға, фильмдерге және басқасына қажет болатын көлемге қарай 1 ТБ-қа дейін тұрақты жад таңдаңыз.5
  • IPADOS + ҚОСЫМШАЛАР—iPadOS жүйесімен iPad өнімдірек, түсінуге оңайырақ әрі әлдеқайда әмбебап бола түседі. iPadOS жүйесінде бір уақытта бірнеше қосымшаны іске қосып, фотосуретті өңдеп, бөлісуге болады. Көлемін өзгертіп, бірінің үстіне бірін қойып, пайдалана беруге болатын қосымшалары мен сыртқы дисплей қосу мүмкіндігі бар «Көрініс реттеушісі» бір уақытта көп жұмысты атқару ісін жеңілдетеді. iPad Air құрылғысы Safari, Хабарлар және Keynote сияқты негізгі қосымшаларды және App Store дүкенінде алуға болатын тағы миллионнан астам қосымшаны ұсынады.
  • APPLE PENCIL ЖӘНЕ MAGIC KEYBOARD ПЕРНЕТАҚТАСЫ—Apple Pencil Pro аксессуары iPad Air құрылғысын иммерсив кенепке және Apple компаниясының үздік жазба жазу құралына айналдырады. Apple Pencil (USB-C) құралы да iPad Air құрылғысымен үйлесімді. Magic Keyboard пернетақтасы арқылы мәтін теру оңай, ол орнатылған шыны трекпад ұсына отырып, iPad құрылғысына қорғаныш қаптама болады. Аксессуарлар бөлек сатылады.
  • ОЗЫҚ КАМЕРАЛАР—iPad Air «Ортада қалу» функциясы бар көлденең жағындағы 12 Мп ультра кең бұрышты алдыңғы камерамен жасақталған, онымен видеоконференция жүргізіп, «Портрет» режимінде мықты селфи түсіруге болады. 12 Мп кең бұрышты артқы камера – фотосуреттер мен
    4K видео түсіру үшін ең керемет шешім. Көлденең жағында орналасқан стереодинамик пен екі микрофоннан шыққан керемет дыбыстан ләззат алыңыз.
  • ҚОСЫЛЫМ МҮМКІНДІКТЕРІ—Wi-Fi 6E желісі фото, құжат және үлкен көлемдегі видеофайлдарды лезде жіберетін жылдам сымсыз байланыс береді.2 Wi-Fi желісінен алыста болғанда, 5G мүмкіндігімен басқа жерлерде де байланыста боласыз.3 USB-C қосқышымен сыртқы дисплейлерді және басқасын жалғауға болады.

TOUCH ID АРҚЫЛЫ ҚҰЛЫП АШУ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУ—Touch ID функциясы жоғарғы түймеге ендірілген, осылайша саусақ ізін iPad Air құрылғыңыздың құлпын ашу, қосымшаларға кіру және
Apple Pay арқылы қауіпсіз түрде төлем жасау үшін пайдалана аласыз.

Warranty

Кепілдік
Иә
Кепілдік мерзімі
12
Кепілдіктерді бағалау критерийлері
Сериялық нөмір

Өзі алып кету пункті

Недоступно

Жеткізу

689 990 ₸