Мазмұны
Осыдан он шақты жыл бұрын үстел үсті компьютерлерінің дәуірі кетіп бара жатқандай көрінген. Ноутбуктер жұқарып, қуаттана түсті, планшеттер шықты, смартфондар да көп жұмысты атқара бастады. Бәрі мобильділікке көшкендей болды. Шынында да, көп адамға ноутбук қана жеткілікті.
Бірақ тәжірибе көрсеткендей, күніне сегіз сағаттап бір орында отырып жұмыс істейтін адам үшін ең маңыздысы — жайлылық пен тұрақты жұмыс. Сондықтан 2026 жылы десктоп таңдау — ескі әдетке байланып қалу емес, саналы шешім. Әсіресе бұл үстел үсті компьютерінің ең мықты тұстарын бір құрылғыға жинаған iMac болса.
Қазіргі адам күніне орта есеппен 6–10 сағат экран алдында отырады екен. Кейде бұл ұйқыдан да көп уақыт. Сол себепті монитор сапасы денсаулыққа тікелей әсер етеді.
iMac 24 дюймдік Retina 4.5K дисплейімен жабдықталған. Экрандағы мәтін анық көрінеді, түстері табиғи, ал жарығы бөлмедегі ортаға қарай автоматты түрде бейімделеді. Мұндай дисплей көзді тез шаршатпайды, монитор мен көз арасында дұрыс қашықтық сақталады, арқа мен мойынға да артық күш түспейді. Сондықтан кешке қарай экраннан емес, жұмыстың өзінен ғана шаршайсыз.
Үстел үсті компьютерінің ең үлкен артықшылықтарының бірі — адамның психологиясына әсері. Ол белгілі бір орында тұрады. Компьютер алдына отырсаңыз — жұмыс басталды. Орныңыздан тұрдыңыз — жұмыс аяқталды. Осылайша ми жұмыс режимі мен демалыс режимін оңай ажыратады.
Көп адам бұны байқамағанымен, айналамыздың көңіл күйімізге тигізер әсері өте үлкен. Үйдегі жұмыс орны бөлек болған кезде, күн соңында ойыңызды жұмыстан босату да әлдеқайда жеңілірек болады.

Үстел үсті компьютерлерінде салқындату жүйесіне орын жеткілікті болғандықтан, олар артық шу шығармай, тұрақты жұмыс істейді.
Apple M4 чипімен жұмыс істейтін iMac бұл жағынан тіпті ерекше. Чиптің энергия тұтынуы төмен болғандықтан, компьютер ауыр тапсырмалар кезінде де қатты қызбайды. Желдеткіш сирек қосылады әрі дыбысы шықпайды десе де болады. Күні бойы ызыңдаған дыбыс мазаламайды да, корпусы да қызбайды — жайлы жұмыс үшін барлығы ойластырылған.
Үлкен экранның басты артықшылығы — бірнеше парақша мен ұяшықтарды қатар ашып қоюға мүмкіндік береді. Мысалы, бір жағында құжат ашық тұрса, екінші жағында кесте, ал төменде мессенджер тұруы мүмкін. Қосымшалар арасында қайта-қайта ауысып әуре болмайсыз — бәрі көз алдыңызда.
Әсіресе 24 дюймдік iMac-та бұл жақсы байқалады. Оның үстіне macOS жүйесі көп тапсырмамен жұмыс істеуге жақсы бейімделген: Stage Manager, виртуалды жұмыс үстелдері, қосымшалар арасында жылдам ауысу — бәрі M4 чипінің арқасында өте бірқалыпты жұмыс істейді. Тапсырма көбейген сайын мұндай ыңғайлылықтың қадірі тіпті жақсы сезіледі.
Адамның жұмысқа деген көңіл күйіне оның отырған жері қатты әсер етеді. Сондықтан күніңіздің көп бөлігін өткізетін орынның жайлы әрі көзге жағымды болуы маңызды.
Қалыңдығы небәрі 11,5 мм болатын iMac-та үстел астындағы бөлек жүйелік блоктың болмауы, артық сымдардың жоқтығы — бәрі жұмыс орнын жинақы әрі эстетика жағынан тартымды көрсетеді. Ол кәдімгі техника емес, интерьердің бір бөлігі сияқты көрінеді.
Жақсы ұйымдастырылған жұмыс орны адамның өзін де тәртіпке үйретеді. Үстел үсті компьютерімен диванға жатып жұмыс істеу жоқ. Үстелге отырдыңыз ба — автоматты түрде жұмыс режиміне өтесіз.
Үстел үсті компьютері күнде тасымалданбайды, құлап кетпейді, сөмкеде жүрмейді. Сондықтан әдетте ұзақ қызмет етеді.
iMac бұл жағынан да сенімді құрылғы саналады. Apple компьютерлері жылдар өтсе де өзектілігін жоғалтпайды әрі «ауыстыратын уақыт келді» деген сезім тудырмайды.
M4 чипінің қуаты қазіргі тапсырмаларды ғана емес, алдағы бірнеше жылдағы қажеттіліктерді де еркін көтереді. Сол себепті уақыт өте келе оның бағасы өзіне тұрарлық екені көрінеді — әсіресе күнделікті жайлылықпен салыстырғанда.

Егер сізде iPhone, iPad немесе Apple Watch болса, iMac сол экожүйенің негізгі орталығына айналады.
iMac-та көшірген мәтінді бірден телефонға қоя аласыз. Қоңырау түссе, iPhone басқа бөлмеде тұрса да, компьютерден жауап бере бересіз.
iPad-ты Sidecar арқылы екінші монитор ретінде қолдануға болады. Ал Apple Pencil көмегімен ол iMac-қа қосылған кәдімгі графикалық планшетке айналады.
AirPods құрылғылар арасында автоматты түрде ауысады: фильм көріп отырғанда қоңырау келсе, құлаққап бірден телефонға қосылады. Әңгіме біткен соң қайта компьютерге оралады. Apple Watch болса, iMac-ты автоматты түрде ашады — құпиясөз енгізудің қажеті жоқ.
Ең ыңғайлысы — мұның бәрі ешқандай қосымша бағдарлама орнатпай-ақ жұмыс істейді. Сонымен қатар әр отбасы мүшесіне бөлек тіркелгі ашып беруге болады: әркімнің өз файлдары, өз баптауы, өз кеңістігі сақталады.
Жұмыс, жұмыс дей бермей, арасында демалу да керек емес пе? Бұл жайлы көп айтыла бермейді, дегенмен iMac осы міндетті де жақсы атқарады.
4480×2520 ажыратымдылығы бар 24 дюймдік экран мен 500 кд/м² жарықтық күн түсіп тұрған бөлмеде де сапалы сурет береді. P3 түстер палитрасы фильмдегі түстерді табиғи етіп көрсетеді — режиссер қалай ойластырса, солай көресіз.
Ал дыбыс жүйесі тіпті таңғалдырады. Корпус ішінде алты динамик орналасқан: төртеуі төменгі жиілікке, екеуі жоғары жиілікке жауап береді. Бұл жай ғана акустика емес, бұл жүйе керемет деген саундбарлармен бәйгелесе алады. Dolby Atmos қолдауының арқасында дыбыс жан-жағыңыздан естілетіндей әсер береді, құлақпен ғана естімей, соның ішіне кіріп кеткендай боласыз.
Егер үлкен теледидар қоюға орын болмаса, iMac үй кинотеатрының рөлін де еркін атқара алады.

macOS жүйесі бастапқыдан қауіпсіздікке басымдық беріп жасалған. Жүйенің архитектурасы көпқабатты қорғаныс береді. Gatekeeper, XProtect және қосымшаларды оқшаулау сияқты кіріктірілген қорғаныс құралдары компьютерді зиянды бағдарламалардан автоматты түрде қорғайды.
Соның арқасында Mac құрылғылары өте сенімді саналады. Ең бастысы — қосымша антивирус орнатудың, ақылы жазылым алудың немесе күрделі баптаулар жасаудың қажеті жоқ. Жүйе бәрін өзі бақылап, автоматты түрде қорғап отырады.
Mac-қа көшкенде көп адамды мазалайтын сұрақтың бірі: «Үйреніп қалған бағдарламаларым ашыла ма?» Жауабы — иә.
Microsoft Office macOS-та да бар: Word, Excel, PowerPoint бұрынғыдай жұмыс істейді және барлық файл форматын еш қиындықсыз ашады. Әріптестеріңіздің барлығы офисте істесе да — сіз macOS-та олармен теңдей жұмыс істей бересіз.
Сонымен қатар macOS-та Apple-дің өз қосымшалары да бар: Pages, Numbers және Keynote. Бұлар Word, Excel және PowerPoint-тың тегін баламалары саналады және Microsoft форматында файлдарды сақтай алады. Көпшілікке олардың мүмкіндігі күнделікті жұмысқа толық жетеді.
iMac — нарықтағы жалғыз десктоп емес. Бірақ жұмыс құралы қандай болуы керек деген сұраққа ең сәтті жауаптардың бірі дәл осы құрылғы сияқты. Қуатты, тыныш, әдемі әрі күн сайын отырып жұмыс істегің келетін компьютер.
Бір рет дұрыс шешім қабылдап, жылдар бойы жұмыстан ләззат алу — бұл шынымен тиімді таңдау. Ал оны Қазақстандағы Apple-дің ресми реселлері — iSpace дүкенінде жасай аласыз. Бізде iMac-ты бүкіл ел бойынша жеткізумен тапсырыс беруге болады. Тиімді сатып алу үшін бөліп төлеу, несие және Trade In қолжетімді.
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!