2026 жылғы 9 қыркүйекте таныстырылған жаңа AirPods 5 құлаққаптары телефон арқылы сөйлесуге, музыка тыңдауға және спортпен шұғылдануға бұрынғыдан да ыңғайлы. Силикон ұштықтары жоқ құлаққаптардың пішіні өзгермегенімен, су мен терге төзімділігі артып, су мен шаңнан қорғаныс деңгейі IP57 стандартына сай болды. Жаңа құлаққаптар қуаттау тәсілі мен қосымша мүмкіндіктері жағынан ерекшеленетін екі нұсқада шығарылды. Екеуінде де жетілдірілген белсенді шуды басу жүйесі, H2 чипі және бірнеше тілде жұмыс істейтін Live Translation функциясы бар.

Жаңа буын құлаққаптары Apple құрылғыларын пайдаланушыларға, спортшылар мен саяхатшыларға қолайлы. Оларды Қазақстандағы Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкенінен сатып ала аласыз.

iSpace каталогынан өзіңізге лайық құлаққапты таңдаңыз:

AirPods 5 құлаққаптарының техникалық сипаттамалары

Анатомиялық пішінінің арқасында AirPods 5 құлаққа жақсы орналасады. Сонымен қатар құлақ бітеліп қалғандай жайсыздық тудыруы мүмкін силикон ұштықтары жоқ. AirPods 5 құлаққаптарының негізгі сипаттамалары:

  • H2 чипі;
  • жаңартылған көппортты акустикалық құрылым;
  • белсенді шуды басу жүйесі (ANC);
  • үш микрофон: бір ішкі және екі бағытталған микрофон;
  • Bluetooth 5.3 арқылы сымсыз байланыс;
  • IP57 стандартына сай су, тер және шаңнан қорғаныс.

Компания құлаққаптардың екі нұсқасын шығарды: бірі стандартты қуаттау қорабымен, екіншісі сымсыз қуаттауды қолдайтын қораппен жабдықталған. Екі нұсқада да ANC жүйесі бар, бірақ қосымша мүмкіндіктері бар үлгі бір рет қуаттағанда сәл ұзағырақ жұмыс істейді. Сондай-ақ бұл нұсқада дыбыс деңгейін реттеудің жаңа тәсілі қарастырылған: құлаққаптың сабы бойымен саусағыңызды жоғары немесе төмен сырғытсаңыз жеткілікті.

AirPods 5 пен AirPods 4 құлаққаптарын салыстыру

2026 жылы шыққан AirPods құлаққаптарына ауысқан дұрыс па? Егер шуды басу жүйесінің тиімділігі маңызды болса, әрине. Жаңа үлгі айналадағы бөгде дыбыстарды әлдеқайда жақсы бәсеңдетеді.

СипаттамаларыAirPods 5AirPods 4
ДизайныСиликон ұштықтары жоқ құлақішілік құлаққаптар
Бір құлаққаптың өлшемі, мм30,2 × 18,3 × 18,1
Салмағы, г4,3
Шуды басу жүйесіЕкі нұсқасында да бар. ANC жүйесі бар AirPods 4 үлгісімен салыстырғанда сыртқы шуды 1,5 есе тиімдірек басадыANC жүйесі құлаққаптардың тек бір нұсқасында бар
ДыбысыЖаңа акустикалық жүйе және жетілдірілген Adaptive EQ. Дыбысы анағұрлым қанық әрі әсерліДыбысты бейімдеп реттеу және кеңістіктік аудио
Дыбыс ойнату ұзақтығы, сағСтандартты қуаттау қорабы бар нұсқа: ANC қосулы кезде – 4 сағатқа дейін;ANC өшірулі кезде – 6 сағатқа дейін;ANC қосулы күйде қуаттау қорабымен бірге – 20 сағатқа дейін. Сымсыз қуаттау қорабы бар нұсқа: ANC қосулы кезде – 5 сағатқа дейін;ANC өшірулі кезде – 7 сағатқа дейін;ANC қосулы күйде қуаттау қорабымен бірге – 22 сағатқа дейін.Стандартты нұсқа: қосымша қуаттаусыз – 5 сағатқа дейін;қуаттау қорабымен бірге – 30 сағатқа дейін. ANC жүйесі бар нұсқа: ANC қосулы кезде – 4 сағатқа дейін;ANC өшірулі кезде – 5 сағатқа дейін;ANC қосулы күйде қуаттау қорабымен бірге – 20 сағатқа дейін.
ҚуаттауСтандартты қуаттау қорабы USB-C арқылы қуатталады. Сымсыз қуаттау қорабын Apple Watch қуаттау құрылғысымен немесе Qi стандартына сай сымсыз қуаттау құрылғысымен қуаттауға болады. 5 минуттық қуаттау 1 сағат жұмыс істеуге жеткілікті.Екі нұсқа да USB-C арқылы қуатталады. Мүмкіндігі кеңейтілген нұсқада сымсыз қуаттау қарастырылған. 5 минуттық қуаттау 1 сағат жұмыс істеуге жеткілікті.
Микрофондар (қоңыраулар)Сөйлеп тұрған адамның дауысын айналадағы шудан ажырату және студиялық сапада дыбыс жазуСөйлеп тұрған адамның дауысын айналадағы шудан ажырату
Қосымша мүмкіндіктерЖекелендірілген кеңістіктік аудио. Siri Interactions (бас қимылдары арқылы дауыстық көмекшінің сұрақтарына жауап беру). Conversation Awareness (сөйлесе бастаған кезде дыбыс деңгейі автоматты түрде төмендейді). Live Translation (қазақ тіліне қолдау көрсетілмейді). Мүмкіндігі кеңейтілген нұсқада «Find My» қызметіне арналған динамик бар. Сондай-ақ құлаққаптың сабы бойымен саусақты сырғыту арқылы дыбыс деңгейін реттеуге болады.Жекелендірілген кеңістіктік аудио. Siri Interactions. Мүмкіндігі кеңейтілген үлгіде Live Translation, Conversation Awareness және «Find My» қызметіне арналған динамик қарастырылған.
Су мен шаңнан қорғанысIP57IP54

Live Translation және Siri жүйесінің жасанды интеллектке негізделген мүмкіндіктерінің қолжетімділігі құлаққапқа қосылған құрылғыға байланысты. Бұл функциялар Apple Intelligence жүйесін қолдайтын iPhone үлгілерінде, қажетті тілге қолдау көрсетілген жағдайда жұмыс істейді. Apple Intelligence мүмкіндіктері алғаш рет iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілерінде қолжетімді болды. Оларды кейінгі үйлесімді iPhone модельдерінде де пайдалануға болады. Әзірге қазақ тіліне қолдау көрсетілмейді, бірақ ағылшын тілі мен тағы 8 тіл қолжетімді.

2026 жылғы жаңа AirPods кімдерге арналған?

AirPods 5 құлаққаптары ыңғайлы пішінімен және ықшам өлшемімен ерекшеленеді. Олар құлаққа жайлы орналасады және күнделікті қолдануға қолайлы. Құлаққаптарды телефонмен сөйлескенде, жаттығу жасағанда, музыка тыңдағанда және телехикаялар көргенде пайдалануға болады.

2026 жылғы AirPods құлаққаптары мына адамдарға лайық:

  1. Күнделікті қолдануға ыңғайлы құлаққап іздейтіндерге. Жаңа буын құлаққаптары жеңіл, ықшам әрі силикон ұштықтары жоқ. Олар құлақ арнасын тығыз жауып тұратын құлаққаптарды ұнатпайтын, бірақ құлақты түгел жауып тұратын үлкен құлаққаптарды да таққысы келмейтін адамдарға қолайлы.
  2. Спортпен шұғылданатын және белсенді өмір салтын ұстанатындарға. Серуен кезінде жаңбыр жауып кетсе немесе жаттығу кезінде терлесеңіз, алаңдаудың қажеті жоқ. Жаңа құлаққаптар IP57 стандартына сай ылғалдан жақсы қорғалған.
  3. Жиі саяхаттайтындарға. ANC жүйесінің арқасында құлаққаптарды ұшақта да, пойызда да пайдалану ыңғайлы. Ал құлаққаптың сабын басып, «Мөлдірлік» режиміне оңай ауыса аласыз. Бұл режим айналаңыздағы дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.

AirPods 5 телефон арқылы сөйлесуге де өте қолайлы. Құлаққаптар екі бағытталған және бір ішкі микрофонмен жабдықталған. Voice Isolation технологиясының арқасында әңгімелесушіңіз дауысыңызды анық естиді, ал айналадағы шу сөйлесуге кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе дәмханада отырып қоңырауға жауап беру қажет болғанда немесе көршілеріңіз үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда ыңғайлы. Егер құлаққаптың бір рет қуаттағанда ұзақ жұмыс істеуі маңызды болса, сымсыз қуаттауды қолдайтын, қосымша мүмкіндіктері бар үлгіге назар аударған жөн.

AirPods 5 құлаққаптарын қайдан сатып алуға болады?

Жаңа буын Apple құлаққаптарын Қазақстандағы Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкенінен сатып ала аласыз. Біз тек өндірушінің кепілдігі бар түпнұсқа құрылғыларды ұсынамыз.

Тапсырысты интернет арқылы рәсімдесеңіз, курьер құлаққаптарды үйіңізге дейін мұқият жеткізіп береді. Ал құрылғыны сатып алмас бұрын сынап көргіңіз келсе, Астана, Алматы және басқа қалалардағы фирмалық дүкендеріміздің өзіңізге ыңғайлысына келіңіз. Мұнда сатылымдағы құрылғыларды қолыңызға ұстап, тексеріп көре аласыз.

Trade In бағдарламасы, несиеге алу және бөліп төлеу мүмкіндіктері құрылғыңызды тиімді әрі қолайлы шарттармен жаңартуға көмектеседі. Ал арнайы ұсыныстарымыздан хабардар болып отыру үшін iSpace клубына қосылыңыз.

FAQ

AirPods 5 қашан шықты?

Apple жаңа құлаққаптарын 2026 жылғы 9 қыркүйекте таныстырды. Қазақстанда олар 25 қыркүйектен бастап сатылымға шықты.

Жаңа AirPods қанша тұрады?

Жаңа AirPods құлаққаптарының бағасы таңдалған нұсқаға байланысты және 82 990 теңгеден басталады. Қазіргі бағасын ispace.kz сайтынан біле аласыз.

AirPods 5 қандай жаңалықтарымен ерекшеленеді?

2026 жылғы AirPods құлаққаптарының екі нұсқасы да жетілдірілген белсенді шуды басу жүйесімен, жаңа акустикалық құрылыммен және жақсартылған Adaptive EQ технологиясымен жабдықталған. Сымсыз қуаттауды қолдайтын нұсқада дыбыс деңгейін реттеудің жаңа тәсілі пайда болды: құлаққаптың сабы бойымен саусағыңызды жоғары немесе төмен сырғытсаңыз жеткілікті.

AirPods 5 пен AirPods 4 құлаққаптарының айырмашылығы қандай?

Жаңа құлаққаптардың екі нұсқасында да белсенді шуды басу жүйесі бар, ал алдыңғы буында бұл мүмкіндік тек бір нұсқада қарастырылған. Сондай-ақ 2026 жылғы құлаққаптар жаңа акустикалық құрылымымен және IP57 стандартына сай су, тер және шаңнан қорғанысымен ерекшеленеді.

Жаңа Apple құлаққаптары бір рет қуаттағанда қанша уақыт жұмыс істейді?

Құлаққаптардың бір рет қуаттағанда жұмыс істеу ұзақтығы таңдалған нұсқаға және шуды басу режиміне байланысты. Стандартты қуаттау қорабы бар үлгі ANC қосылғанда 4 сағатқа дейін, ал өшірілгенде 6 сағатқа дейін жұмыс істейді. ANC қосылғанда қуаттау қорабын пайдаланып, жалпы 20 сағатқа дейін музыка тыңдауға болады.

Сымсыз қуаттауды қолдайтын, қосымша мүмкіндіктері бар үлгі ANC қосылғанда 5 сағатқа дейін, ал өшірілгенде 7 сағатқа дейін дыбыс ойнатады. ANC қосылғанда қуаттау қорабымен бірге жалпы жұмыс істеу ұзақтығы 22 сағатқа дейін жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!