Мазмұны
Apple смартфондарының ішінде Pro сериясының үлгілері дәстүрлі түрде ең озық құрылғылардың қатарынан орын алады. Бұл смартфондар жоғары өнімділігімен, жетілдірілген камераларымен және батареяларының ұзақ жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Әр жаңа буын сайын олардың мүмкіндіктері кеңейе түседі. Мәселен, 2026 жылғы смартфондарға жаңа чип орнатылып, негізгі 48 Мп камерада диафрагма саңылауын өзгерту мүмкіндігі пайда болды. Сондай-ақ фото және бейне түсіруге арналған қосымша кәсіби баптаулар енгізілді.
Егер сіз үшін жоғары жылдамдық, батареяның күні бойы жұмыс істеуі және кәсіби деңгейде түсіруге мүмкіндік беретін камера маңызды болса, жаңа үлгіге ауысу тиімді шешім болуы мүмкін. Ал жаңа смартфонды сатып алған дұрыс па деген сұраққа жауап беру үшін iPhone 17 Pro мен iPhone 18 Pro арасындағы айырмашылықтарды егжей-тегжейлі қарастырайық. Қазақстандағы Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкенінде Trade In бағдарламасы арқылы смартфоныңызды тиімді шарттармен жаңарта аласыз.
Смартфон таңдағанда, әдетте, оның өнімділігі мен қосымша мүмкіндіктеріне назар аударылады. Apple компаниясы Pro сериясының әр буынында екі үлгі ұсынады.
| Сипаттамасы | iPhone 17 Pro | iPhone 17 Pro Max | iPhone 18 Pro | iPhone 18 Pro Max |
|---|---|---|---|---|
| Чип | A19 Pro: 6 ядролы CPU, Neural Accelerators жүйесі бар 6 ядролы GPU және 16 ядролы Neural Engine | A20 Pro: 6 ядролы CPU, Neural Accelerators жүйесі бар 7 ядролы GPU және 32 ядролы Neural Engine | ||
| Экран | Super Retina XDR OLED | |||
| Экран диагоналі | 6,3 дюйм | 6,9 дюйм | 6,3 дюйм | 6,9 дюйм |
| Жарықтығы | 3000 нитке дейін | |||
| Экранның жаңару жиілігі | 1-120 Гц, ProMotion технологиясы | |||
| Батареяның жұмыс істеу ұзақтығы | 31 сағатқа дейін | 37 сағатқа дейін | 34 сағатқа дейін | 43 сағатқа дейін |
| Кабель арқылы жылдам қуаттау | 20 минутта 50%-ға дейін (USB-C кабелі және қуаты кемінде 45 Вт адаптер) | 20 минутта 50%-ға дейін (USB-C кабелі және қуаты кемінде 45 Вт адаптер) | 15 минутта 50%-ға дейін (USB-C кабелі және қуаты кемінде 60 Вт адаптер) | 15 минутта 50%-ға дейін (USB-C кабелі және қуаты кемінде 60 Вт адаптер) |
iPhone 17 Pro Max пен iPhone 18 Pro Max үлгілерінің техникалық сипаттамаларын салыстырғанда, ең алдымен, батареяларының жұмыс істеу ұзақтығы мен өнімділігіндегі айырмашылықтар байқалады.
Жаңа үлгілердің өлшемдері алдыңғы буынмен салыстырғанда өзгерген жоқ. Экран диагоналі 6,3 дюйм болатын үлгілердің өлшемдері 150 × 71,9 × 8,75 мм, ал 6,9 дюймдік үлгілердікі 163,4 × 78 × 8,75 мм.
Дегенмен жаңа смартфондардың салмағы артқан. 2025 жылғы үлгілердің салмағы тиісінше 204 және 231 г болса, 2026 жылғы құрылғылардың салмағы тиісінше 211 және 249 г болды. Күнделікті пайдаланғанда бұл айырмашылықты байқау қиын. Төрт үлгінің де корпусы тұтас алюминийден жасалған. Артқы беті Ceramic Shield қорғаныш қабатымен, ал алдыңғы беті одан да берік Ceramic Shield 2 қабатымен қорғалған.
Негізгі басқару элементтері өзгерген жоқ: дыбыс деңгейін реттеу түймелері, әрекет түймесі, камераны басқару түймесі, микрофондар, стереодинамиктер және USB-C ұясы.
2026 жылғы үлгілерде Dynamic Island ықшамдалып, көбірек ақпарат көрсететін болды. Енді Dynamic Island аймағында Live Activities функциясы арқылы бір уақытта үш әрекеттің орындалу барысын бақылауға болады. Face ID бұрынғыдай жұмыс істейді.

2025 жылғы смартфондар Silver, Cosmic Orange және Deep Blue түстерінде шығарылды. Ал 2026 жылы түстер қатарына Glacier, Burgundy және Black қосылып, Silver түсі де сақталды.

iPhone 17 Pro мен iPhone 18 Pro үлгілерінің сыртқы көрінісін салыстырғанда, ең алдымен, корпус түстері мен Dynamic Island өлшемінің өзгергені байқалады. Ал корпус материалдары мен құрылғылардың өлшемдері өзгерген жоқ. Экран диагоналі 6,9 дюйм болатын үлгілерде де осындай айырмашылықтар бар.
2026 жылғы смартфондардың негізгі 48 Мп Fusion камерасына диафрагма саңылауын өзгерту мүмкіндігі қосылды (алдыңғы буында оның өлшемі тұрақты болатын). Арнайы қалақшалар қозғалып, объективке түсетін жарық мөлшерін реттейді. Соның арқасында смартфон камерасының мүмкіндіктері кәсіби фотоаппараттың мүмкіндіктеріне жақындай түседі. Онымен табиғат көріністерін бұрынғыдан да анық түсіріп, портреттерде артқы фонды оңай бұлдыратуға болады. Тіпті жарық аз жерде де фотосуреттер сапалы шығады. Ал барлық баптауды өзіңіз реттегіңіз келмесе, алаңдамаңыз: смартфондарда автоматты түсіру режимі бар.

«Камера» қолданбасындағы жаңа кәсіби баптаулар түсіру параметрлерін дәлірек реттеуге мүмкіндік береді. Артқы фонның бұлыңғырлану дәрежесін өз қалауыңызша реттеп, қозғалыстағы нысандарды анық түсіре аласыз. Photographic Styles 3 көмегімен тері реңкін жұмсартып көрсетуге немесе фотосуреттерге пленкаға түсірілгендей реңк беруге болады.
Төрт үлгіде де 48 Мп-ге дейінгі ажыратымдылықпен макротүсірілім жасауға болады. Fusion ультракеңбұрышты камерасының (48 Мп) және алдыңғы Center Stage камерасының (18 Мп) ажыратымдылығы өзгерген жоқ.

Смартфон таңдағанда, әдетте, камерасының мүмкіндіктеріне, батареясының жұмыс істеу ұзақтығына және жалпы өнімділігіне назар аударылады. Егер төменде айтылған мүмкіндіктер сізге қажет болса, 2026 жылғы үлгілерге ауысуға болады.
Сонымен қатар iPhone 17 сериясының смартфондары да әлі де жақсы таңдау болып саналады. Олар қуатты чиппен, жарық әрі пайдалануға ыңғайлы экранмен және кәсіби камералар жүйесімен жабдықталған. Бұл мүмкіндіктер күнделікті тапсырмаларды орындауға, жұмыс істеуге және сапалы фото және бейнематериалдар жасауға жеткілікті.
Қазақстандағы Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкенінен өндірушінің кепілдігі бар түпнұсқа құрылғыларды, соның ішінде жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max үлгілерін сатып ала аласыз. Олардың ішкі жады 256 ГБ, 512 ГБ, 1 ТБ және 2 ТБ болатын нұсқалары ұсынылған. Смартфондар Glacier, Burgundy, Silver және Black түстерінде қолжетімді.
Сондай-ақ Deep Blue, Cosmic Orange және Silver түстеріндегі, ішкі жады 256 ГБ, 512 ГБ, 1 ТБ және 2 ТБ болатын iPhone 17 Pro және iPhone 17 Pro Max үлгілері де бар. Сайтта смартфондарды өзара салыстыруға арналған ыңғайлы құрал бар. Құрылғылардың сипаттамаларын салыстырып, өзіңізге ең қолайлысын таңдаңыз. Ал көмек қажет болса, мамандарымызға хабарласыңыз.
Тапсырысты онлайн рәсімдесеңіз, Қазақстан бойынша курьерлік жеткізу қызметін пайдалана аласыз. Ал құрылғыларды сатып алмас бұрын өзіңіз пайдаланып көргіңіз келсе, Алматы, Астана және басқа қалалардағы дүкендерімізге келіңіз. Trade In бағдарламасы арқылы ескі құрылғыңызды өткізіп, екі құрылғының бағасындағы айырманы төлеп, жаңасын тиімді шарттармен ала аласыз. Сондай-ақ смартфонды несиеге немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Арнайы ұсыныстарымызды пайдалану үшін iSpace Community қауымдастығына қосылыңыз.
Жаңа үлгіге қуаттырақ чип пен диафрагма саңылауын өзгертуге болатын негізгі камера орнатылған. Сондай-ақ батареяның жұмыс істеу ұзақтығы үш сағатқа артқан.
Негізгі өзгерістер камераға, чипке және батареяның жұмыс істеу ұзақтығына қатысты. Жаңа үлгінің өлшемдері өзгермегенімен, салмағы сәл артып, 249 г болды. Dynamic Island ықшамдалып, смартфонның түстер қатарына ерекше Glacier және Burgundy реңктері қосылды.
Егер сіз үшін жоғары өнімділік, батареяның ұзақ жұмыс істеуі және фото және бейне түсіруге арналған жаңа мүмкіндіктер маңызды болса, жаңа үлгіні таңдаңыз. Дегенмен iPhone 17 сериясының құрылғылары да ойын ойнауға, кәсіби деңгейде фото және бейне түсіруге, сондай-ақ қуатты көп қажет ететін қолданбалармен жұмыс істеуге жарайды. Егер сізге ең жаңа технологиялар аса маңызды болмаса, алдыңғы буын үлгісін таңдай аласыз.
Жаңа озық үлгілер соңғы буындағы процессормен және диафрагма саңылауын өзгертуге болатын камерамен жабдықталған. Dynamic Island ықшамдалғанымен, енді бір уақытта үш виджетке дейін көрсете алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!