Сіз жай естіп қана қоймайсыз.
Сіз сезінесіз.
Теңдессіз дыбыс сапасы, жайлылық және ұсақ-түйекке ымырасыз
көңіл бөлу – осы сатып алған бұйымыңыз сіздің үйіңізге және жеке
ләззатыңызға салынған ең жағымды инвестицияңыз болары анық.
ТАЛҒАМПАЗ ДИЗАЙН.
Даниялық бренд өмір салтыңызға сай, үй интерьерімен үйлесетін, уақытсыз заттарды жасайды.
ПРЕМИУМ ДЫБЫС.
Дыбыс өнер болуы мүмкін. Тек ұйытатын, таза, егжей-тегжейлі дыбыс. Сіз әр нотаны сезінесіз.
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
Уақытынан озық технологиялар — күнделікті өмірге түсінікті әрі ыңғайлы.
Әркімге қолайлы
құрылғылар.
Мінсіз сапа, қарапайым және сонымен бірге сәнді көріністегі технологиялық жаңашылдық таң қалдырады және жай ғана баурап алады.
Үйге арналған аудиожүйелер.
Олар озық технологиялар мен жоғары сапалы дыбысты біріктіріп,
үй жағдайында қайталанбас атмосфераны қалыптастырады.

Тасымалды үндеткіштер.
Керемет теңдестірілген дыбыс музыканы сезінуге мүмкіндік беретін
нанғысыз айқындық пен тереңдікте ойнатылады.

Құлаққаптар.
Қай жерде болсаңыз да, сізді дыбыстар әлемінің тұңғиығына батырып,
музыканы жасаушы ойлағандай сезінуге мүмкіндік береді.

Bang & Olufsen -
шабытқа жетелейтін жол.
Біздің блогты тамашалай отырып, бренд туралы, оның тарихы мен философиясы,
технологиялары мен өнімдері жөнінде көбірек біліңіз.

Жоғары ажыратымдылықтан ләззат алу: Bang & Olufsen ұсынатын премиум акустика
Bang & Olufsen даниялық бренді таныстыруды қажет етпейді. 96 жыл бойы компания бүгінгі күні акустикалық құрылғылар нарығында эталон болып саналатын техниканы шығарып келеді.

Bang & Olufsen: музыкаға, дизайн мен технологияларға зор ілтипатпен
Сіз әрине Bang & Olufsen туралы естіген шығарсыз. Бұл Hi-End класты аудиотехниканы өндіретін даниялық компания. Оның дизайнға деген өнертапқыш көзқарасы технологиялық инновацияларды күнделікті өмірге шебер енгізуге мүмкіндік береді. Егжей-тегжейлерге көңіл бөлуі соншалық, бұл сізде өзіңізді ең үздік акустикамен қоршап алуға ұмтылысыңызды тудырары сөзсіз. Бір кездері Apple негізін қалаушылар Стив Джобс пен Стив Возняк та B&O өнімдеріне қарсы тұра алмай, компанияның клиенттеріне айналған, ал бұл, көп нәрсені білдірсе керек.

Bang & Olufsen Beoplay Portal: тамаша ойын гарнитурасы
Геймерлер қуануда: дат брендi Bang & Olufsen жоғары деңгейлі сымсыз ойын гарнитурасын шығарды. Beoplay Portal Bluetooth қосылымын және Xbox консоліне үздіксіз қосылуды қолдайды. Бұл ойын десе көз алдымызға елестейтін ашық түсті, дөрекі пішінді әлсіз құлаққаптар емес.