Apple жаңа iPhone 18 Pro моделін 2026 жылғы 9 қыркүйекте таныстырды. Флагман диафрагмасы реттелетін 48 Мп Fusion камерасымен, сондай-ақ жаңа құрылымдағы аккумулятормен жабдықталған. Құрылғы 6 ядролы CPU және 7 ядролы GPU бар A20 Pro чипімен жұмыс істейді әрі жетілдірілген Dynamic Island функциясын қолдайды. Бұл мақалада iPhone 18 Pro моделін алдыңғы буындардан ерекшелендіретін негізгі сипаттамаларға тоқталып, оның автономды жұмыс уақыты, өнімділігі және жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы айтамыз.

Алдын ала тапсырыс басталған сәтті өткізіп алмау және жаңа өнімдерді алғашқылардың бірі болып сатып алу үшін iSpace қауымдастығына қосылып, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз.

Apple iPhone 18 Pro таныстырылымында не көрсетті?

iPhone Pro желісінің таныстырылымы 2026 жылғы 9 қыркүйекте өтті. Негізгі жаңартулардың қатарында мыналарды атап өтуге болады:

  • өнімділіктің артуы;
  • автономды жұмыс уақытының айтарлықтай ұзаруы;
  • жетілдірілген кәсіби камера жүйесі.

Қазақстанда жаңа модельдің сатылымы 2026 жылғы 25 қыркүйекте басталады.

Жаңа смартфонның дизайны

Үлкенірек iPhone 18 Pro Max моделіне қарағанда, iPhone 18 Pro ықшамырақ: оның экранының диагоналі – 6,3 дюйм. Дизайндағы бірден көзге түсетін өзгерістердің бірі – жетілдірілген Dynamic Island. Енді ол хабарландыруларды көрсету кезінде кеңейе алады. Сонымен қатар бір мезетте үш Live Activities элементін көрсете алады. Құрылғы көпшілікке таныс Face ID жүйесін де қолдайды. Соның арқасында құрылғының құлпын ашу, сатып алуды растау және басқа да әрекеттер қауіпсіз орындалады.

Дизайндағы тағы бір жаңалық – Burgundy түсі. Құрылғы бұрыннан таныс реңктерде де ұсынылады:

  • Black;
  • Silver;
  • Glacier.

Жаңа модельдің корпусында қолданылған алюминийдің 85%-ы қайта өңделген материалдан жасалған, ал қайта пайдаланылған материалдардың жалпы үлесі 40%-ды құрайды.

Pro желісінің процессоры мен өнімділігі

iPhone 18 Pro сипаттамаларын қарастырғанда, жаңа A20 Pro процессорын ерекше атап өткен жөн. Ол 2 нанометрлік технологиялық үдеріс бойынша жасалған. Дәл осы чип жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңейтіп, есептеу және графикалық өнімділікті айтарлықтай арттырды.

6 ядролы CPU жалпы өнімділікке жауап береді, ал 7 ядролы GPU құрамындағы Neural Accelerators пен бөлек Dual 16-core Neural Engine графикалық есептеулер мен жасанды интеллектке байланысты тапсырмаларды жеделдетеді. A19 Pro-мен салыстырғанда жадтың өткізу қабілеті екі есе артқан.

7 ядролы GPU алдыңғы буынмен салыстырғанда графикалық өнімділікті 40%-ға дейін арттырады. Соның арқасында рендеринг пен бейнематериалдарды өңдеу жылдамырақ әрі тиімдірек орындалады. Ресурсты көп қажет ететін ойындарды ұнататын пайдаланушылар да айырмашылықты бірден байқай алады.

Жаңа модельдегі бу камерасының ауданы iPhone 17 Pro-мен салыстырғанда үш есе үлкен. Соның арқасында құрылғы графикаға жоғары талап қоятын ойындарда жоғары өнімділікті ұзақ уақыт тұрақты деңгейде ұстай алады.

Жасанды интеллектке байланысты тапсырмаларды орындау жылдамдығы алдыңғы буын чипімен салыстырғанда екі есе артқан. Мұндай нәтижеге жаңа Dual 16-core Neural Engine мүмкіндік береді.

Жаңа модель Apple Intelligence технологиясын қолдайды, алайда бұл мүмкіндік барлық тілде қолжетімді емес. Оның негізгі мүмкіндіктері:

  • Siri AI – дауыстық көмекші пайдаланушының жеке контекстін түсініп, соған сай әрекет етеді;
  • Onscreen Awareness – көмекші экрандағы ақпаратты талдап, соған сәйкес әрекеттерді орындайды;
  • Spatial Reframing – түсірілген фотосуреттің композициясын кейіннен өзгертуге көмектеседі;
  • Image Playground – жасанды интеллект көмегімен фотореалистік кескіндер жасайды.

Жасанды интеллектке байланысты кейбір тапсырмалар тікелей құрылғыда орындалады, ал күрделірек есептеулер үшін Private Cloud Compute пайдаланылады. Бұл пайдаланушы деректерін бұлтта сақтамай-ақ қосымша есептеу ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қашықтағы серверлерде орындалатын есептеулер кезінде де компанияның қауіпсіздік пен құпиялылық қағидаттары сақталады.

iPhone 18 Pro камералары

Басты жаңалық – диафрагмасы реттелетін 48 Мп негізгі Fusion камерасы. Пайдаланушы диафрагманы өзі реттей алады немесе камера жарық деңгейі мен қажетті анықтық тереңдігін ескеріп, оны автоматты түрде баптайды. Тіпті түнгі режимде де егжей-тегжейі анық әрі әсерлі фотосуреттер түсіруге болады. Топтық фотосуреттерде ұсақ бөлшектердің анық берілуі мен фонның сапалы өңделуі де бірден байқалады.

Pro Controls құралдар жинағы – «Камера» қолданбасындағы жаңа мүмкіндік. Ол кәсіби баптауларға жылдам өтіп, мына параметрлерді қолмен реттеуге мүмкіндік береді:

  • диафрагманы;
  • ысырма жылдамдығын;
  • ақ түс балансын.

Фотографиялық стильдер де жаңартылды. Тері реңктері мен түс параметрлерін дәлірек баптау үшін түйіршіктілік пен текстураның жаңа параметрлерін пайдалануға болады.

Apple Reference Image фотосуреттің түпнұсқалығын растауға көмектеседі. Камера сенсорлардан алынған деректерді тіркеп, солардың негізінде өзгертуге келмейтін эталондық кескін жасайды. Бұл мүмкіндік фотосуреттің түпнұсқалығын растауы қажет фотографтар мен басқа да мамандарға пайдалы. Мысалы, кескіннің нейрондық желі арқылы жасалмағанын, нақты фотосурет екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Күнделікті өмірде бұл функция жиі қажет болмауы мүмкін, алайда кескіннің түпнұсқалығын растау маңызды салаларда пайдалы құрал болмақ.

Бейне түсіру мүмкіндіктері де жаңартылды. «Таймлапс» режимінде 4K және Dolby Vision HDR форматында бейне түсіруге болады. Жаңартылған Audio Mix көмегімен музыкалық жолды бөлек өңдеп, дауыс сапасын жақсартуға болады.

Аккумулятор және автономды жұмыс уақыты

Жаңа модель жаңа құрылымдағы аккумулятормен жабдықталған. Смартфон бейнені үздіксіз 36 сағатқа дейін ойната алады.

Кабель арқылы қуаттағанда аккумуляторды небәрі 15 минутта 50%-ға дейін зарядтауға болады. Сымсыз қуаттау кезінде құрылғы 30 минутта 50%-ға дейін зарядталады.

iPhone 18 Pro кімдерге лайық?

Жаңа құрылғы озық мүмкіндіктерді, жоғары өнімділікті және ықшам өлшемді бағалайтын пайдаланушыларға лайық. Егер сіз жиі фото мен бейне түсірсеңіз немесе ресурсты көп қажет ететін ойындарды ұнатсаңыз, бұл модельге назар аударған жөн.

iPhone 18 Pro-ны қайдан сатып алуға болады?

25 қыркүйектен кейін флагманды Қазақстандағы Apple Premium Partner – iSpace дүкендерінен сатып ала аласыз. Бізде ресми кепілдігі бар түпнұсқа техника ғана ұсынылады. Құрылғыларға кепілдік мерзімі ішінде де, одан кейін де iSupport уәкілетті сервистік орталықтарында қызмет көрсетіледі.

Тапсырысты фирмалық дүкендерімізден өзіңіз алып кете аласыз – олар Астана, Алматы және басқа да қалалардың қолайлы аудандарында орналасқан. Дүкенге келу мүмкіндігі болмаса, Қазақстанның кез келген өңіріне курьерлік жеткізумен онлайн тапсырыс бере аласыз. Сатып алуды тиімдірек ету үшін Trade In бағдарламасын, несие немесе бөліп төлеу мүмкіндігін пайдалануға болады. Сатылым басталған кезде сізге хабарлаймыз, сондықтан алдын ала тапсырысты алғашқылардың бірі болып рәсімдей аласыз.

Apple таныстырылымында Pro желісінің тағы бір өкілі – iPhone 18 Pro Max көрсетілді. Бұл смартфон туралы ең қызықты мәліметтердің барлығын блогтағы шолуымызда жинақтадық.

FAQ

iPhone 18 Pro қашан сатылымға шығады?

Егер iPhone 18 Pro сатып алуды жоспарласаңыз, оның сатылымға шығатын күні – 2026 жылғы 25 қыркүйек. Бізде алдын ала тапсырыс рәсімдеуге болады.

Жаңа iPhone 18 Pro желісінде қандай түстер пайда болды?

Жаңа желідегі құрылғылар төрт түсте ұсынылады. Мүлде жаңа Burgundy түсінен бөлек, Glacier, Silver және Black нұсқалары қолжетімді.

Жаңа iPhone Pro-ны қайдан сатып алуға болады?

Жаңа модельді Қазақстандағы Apple Premium Partner – iSpace дүкендерінен сатып алуға болады. Құрылғының сатылымға шығуы туралы ақпаратты сайттан немесе Instagram парақшамыздан біле аласыз.

iPhone 18 Pro мен iPhone 17 Pro-ның айырмашылығы неде?

Жаңа модель алдыңғы буыннан автономды жұмыс уақытының ұзаруымен, өнімділіктің артуымен және жаңартылған камерасымен ерекшеленеді. Салқындату жүйесі мен Apple Intelligence мүмкіндіктері де жетілдірілген.

iPhone 18 Pro-да қандай жаңалықтар бар?

Негізгі аппараттық жаңартулар – A20 Pro процессоры, жетілдірілген Dynamic Island және диафрагмасы реттелетін 48 Мп Fusion камерасы. Apple жаңа модельге арналған түрлі түсті аксессуарлар желісін де таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыз

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!