iSpace - Қазақстандағы Apple Premium Partner
iSpace - Apple компаниясының Қазақстандағы ресми серіктесі. Дүкендер желісінен iPhone, Mac, iPad, Apple Watch, AirPods, Apple TV және оларға арналған керек-жарақтарды таба аласыз. Мамандар құрылғыны таңдауға, баптауға және деректерді көшіруге көмектеседі. Сатып алуды тиімді ету үшін Trade In бағдарламасы, бөліп төлеу мүмкіндігі және Қазақстан бойынша жеткізу қызметі ұсынылады.
Кепілдік, техникалық қызмет көрсету және қолдау
Ресми iSpace дүкендерінде Apple құрылғылары өндірушінің 12 айлық кепілдігімен сатылады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету қажет болса, қайда жүгінуге болады? Біздің уәкілетті қызмет көрсету орталықтарымызға кепілдік мерзімі ішінде де, ол аяқталғаннан кейін де жүгіне аласыз. Инженерлер Apple стандарттарына сай арнайы дайындықтан өтеді және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланады.
Құрылғыны жеке қажеттіліктеріңізге сай таңдауға көмектесу
Қай iPhone үлгісін таңдау керегін немесе MacBook үшін қанша жад қажет екенін білмейсіз бе? iSpace мамандары қажеттіліктеріңізге сай құрылғылар мен керек-жарақтарды таңдауға көмектеседі. Сатып алғаннан кейін олар құрылғыны баптап, деректеріңізді көшіріп бере алады. Дүкенде де, онлайн да кеңес алуға болады.
Apple құрылғыларын неліктен iSpace дүкенінен сатып алған жөн?
Түпнұсқа Apple құрылғыларын қайдан сатып алуды әлі шешпесеңіз, iSpace дүкеніне келіңіз. Мұнда iPhone, Mac, iPad, Apple Watch және AirPods құрылғыларының жаңа үлгілері мен оларға арналған керек-жарақтар бар. Сатып алмас бұрын оларды дүкенде өзіңіз қолданып көре аласыз.
Қазақстандағы iSpace дүкендер желісі Apple Premium Partner мәртебесіне ие. Біз жұмысымызда брендтің барлық стандарттарын сақтаймыз.
iSpace дүкенін таңдаудың артықшылықтары:
- ресми кепілдік және уәкілетті қызмет көрсету орталығы;
- құрылғыны таңдаудан бастап баптауға дейінгі барлық кезеңде мамандардың көмегі;
- Қазақстан бойынша сенімді жеткізу және тапсырысты желідегі дүкендердің бірінен өзіңіз алып кету мүмкіндігі;
- серіктес банктер арқылы бөліп төлеу мен несиеге сатып алудың тиімді шарттары;
- Trade In бағдарламасы бойынша ескі құрылғыны жаңасына айырбастау мүмкіндігі;
- келесі сатып алуларыңыздың ақысын төлеуге пайдалануға болатын ыңғайлы бонустық бағдарлама.
Барлық жаңа өнімдер туралы хабардар болып, арнайы ұсыныстарымызды алғашқылардың бірі болып алғыңыз келе ме? Қауымдастығымызға қосылыңыз.












