2026 жылғы 26 қазанда Apple жаңа A20 Pro чипімен және OLED экранымен жабдықталған iPad mini 8 планшетін таныстырды. Алдыңғы буынмен салыстырғанда құрылғы жеңілдеп, корпусы жұқара түсті. Экран жиектері жіңішкергендіктен, оның диагоналі 0,2 дюймге ұлғайды. Жаңа модельдің өнімділігі, әсіресе графиканы өңдеу және жасанды интеллектке негізделген тапсырмаларды орындау жылдамдығы айтарлықтай артты. Фото және бейне түсіру үшін әрқайсысының ажыратымдылығы 12 Мп болатын негізгі және алдыңғы камералар қарастырылған, ал жоғары сапалы дыбысты жаңа Acoustic Display жүйесі қамтамасыз етеді. Планшет Apple Intelligence жүйесінің жаңа мүмкіндіктерін де қолдайды, бірақ олардың қолжетімділігі аймақ пен жүйе тіліне байланысты.
Сіздерге iPad mini 8 туралы толық шолу дайындадық: құрылғының жаңа мүмкіндіктерін қарастырып, оны алдыңғы буынмен салыстырамыз. Қазақстанда Apple компаниясының түпнұсқа құрылғыларын iSpace дүкенінен сатып алуға болады.
iPad mini 8 несімен ерекшеленеді?

Ең басты жаңалық – iPad mini топтамасында алғаш рет OLED экранының қолданылуы. Алдыңғы буындағы LCD экранынан айырмашылығы, OLED экранындағы әрбір пиксель өздігінен жарық шығарады. Соның арқасында қара түс қанығырақ көрініп, кескіннің контрастылығы артады.
Құрылғының жоғары өнімділігін жаңа A20 Pro процессоры қамтамасыз етеді. Ішкі жады 128 және 256 ГБ болатын нұсқаларында 5 ядролы, ал 512 ГБ нұсқасында 6 ядролы CPU орнатылған. Барлық нұсқада 7 ядролы GPU қолданылады. Графикалық өнімділік 2,7 есеге дейін, жасанды интеллектке байланысты тапсырмаларды орындау жылдамдығы 4,5 есеге дейін, ал CPU-дың көпағынды өнімділігі 60%-ға дейін артты.
Басқа да жаңалықтар:
- жылдам зарядтау мүмкіндігі – қуаты 35 Вт адаптермен 30 минутта 50%-ға дейін зарядтауға болады (батареяның жұмыс істеу уақыты өзгерген жоқ – бейнені 10 сағатқа дейін ойнатуға болады);
- негізгі камерадағы Adaptive True Tone жарқылы;
- Center Stage функциясы бар алдыңғы камераның корпустың ұзын жиегіне орналастырылуы;
- жаңа Acoustic Display жүйесінің арқасында дыбыс сапасының жақсаруы;
- осы топтамадағы планшеттерде алғаш рет қолданылған IP67 деңгейіндегі су мен шаңнан қорғаныс;
- Bluetooth 6, Wi-Fi 7 және Thread технологияларын қолдайтын N1 чипі;
- Wi-Fi + Cellular нұсқаларына арналған C2 модемі.
Жаңа модельде iPadOS 27 жүйесі алдын ала орнатылған, сондай-ақ Apple Intelligence жүйесінің кеңейтілген мүмкіндіктері қолжетімді. Мысалы, Сіз жаңартылған Siri жасанды интеллект көмекшісін пайдалана аласыз. Ол сұрақтарға жауап береді, мәтін жазып, оны өңдейді, Сізге қатысты мәліметтерді есте сақтайды, сондай-ақ хабарламалардан, электрондық хаттардан және фотосуреттерден қажетті ақпаратты табады. Бұл мүмкіндіктер тек қолдау көрсетілетін тілдерде жұмыс істейді, ал қазақ тілі әзірге олардың қатарына кірмейді.
iPadOS 27 жүйесінде бірнеше тапсырманы қатар орындау мүмкіндіктері жетілдірілді: енді терезелердің өлшемі мен орнын өзгертіп, жұмыс кеңістігін қажеттіліктеріңізге қарай реттей аласыз. Safari браузерінде сайттардағы жаңартуларды қадағалап, маңызды өзгерістер туралы хабарлайтын Notify Me функциясы пайда болды. Мысалы, ол Сіз іздеген тауардың қайтадан сатылымға шыққанын хабарлайды.
iPad mini 8 дизайны мен дисплейі

Алдыңғы буынмен салыстырғанда iPad mini 8 экранының диагоналі 8,3 дюймнен 8,5 дюймге дейін ұлғайды. Құрылғының өлшемдері іс жүзінде өзгерген жоқ: экран жиектері 24%-ға жіңішкеріп, соның есебінен экран үлкейді.
Бұл топтамада алғаш рет ажыратымдылығы 2316 × 1512 пиксель болатын Super Retina XDR OLED дисплейі қолданылды. Экран P3 кең түстер ауқымын қолдайды, сондықтан түстер мен реңктер шынайырақ көрінеді. SDR мазмұнын көрсеткенде экранның жарықтығы 500 ниттен 600 нитке дейін артты. Сонымен қатар жаңа модель HDR мазмұнын қолдайды, оны ойнатқанда экранның жарықтығы 1200 нитке жетеді.
Ішкі жады 256 және 512 ГБ болатын модельдерде кәдімгі немесе нанотекстуралы әйнекті таңдауға болады. Нанотекстуралы әйнек жарықтың шағылысуын азайтады. Сондықтан планшет әртүрлі жарық жағдайында, тіпті күн ашық кезде далада сурет салуға да қолайлы.
Экранның ұлғаюына қарамастан, Apple iPad mini 8 корпусын бұрынғыдан да ықшам етті. Құрылғы жұқарып, жеңілдегендіктен, оны қолда ұстау бұрынғыдан да ыңғайлы.
| Сипаттамалары | iPad mini (A20 Pro) | iPad mini (A17 Pro) |
| Биіктігі, мм | 132,6 | 134,8 |
| Ені, мм | 195,3 | 195,4 |
| Қалыңдығы, мм | 5,4 | 6,3 |
| Wi-Fi нұсқасының салмағы, г | 255 | 293 |
| Wi-Fi + Cellular нұсқасының салмағы, г | 263 | 297 |
Корпус толығымен қайта өңделген алюминийден жасалған. Құрылғы Midnight және Starlight деп аталатын екі түсте ұсынылады.
Камералар, дыбыс және қосымша мүмкіндіктер

2026 жылы шыққан жаңа iPad mini моделінің ажыратымдылығы 12 Мп болатын алдыңғы камерасы корпустың ұзын жиегіне орналастырылған. Бұл әсіресе планшетті көлденең ұстап, жұмыс бабымен бейнеқоңырау шалғанда ыңғайлы. Камера бұрыннан таныс Center Stage технологиясын қолдайды: бейнекездесу кезінде қозғалысыңызды қадағалап, Сізді кадрдың ортасында ұстап тұрады.
Негізгі камераның ажыратымдылығы – 12 Мп. Ол жаңа Adaptive True Tone жарқылымен жабдықталған. Бұл жарқыл жарық аз кезде қосымша жарық беріп, құжаттарды сканерлегенде айқын көлеңкелерді азайтады. Сонымен қатар камера қозғалыс кезінде бейнені бірқалыпты түсіруге көмектесетін автоматты тұрақтандыру мүмкіндігін қолдайды.
Apple әдеттегі стереодинамиктердің орнына жаңа Acoustic Display жүйесін қолданды. Жүйедегі арнайы дыбыс таратқыштар экранды аздап дірілдетіп, төмен жиілікті дыбыстарды шығарады. Ал жоғары жиілікті дыбыстарды корпус пен әйнектің арасына жасырылған динамиктер шығарады. Соның арқасында дыбыс қаттырақ, анығырақ әрі көлемдірек естіледі. Бұл әсіресе фильм көргенде және музыка тыңдағанда байқалады.
Планшет Apple Pencil қаламдарымен үйлесімді. Apple Pencil (USB-C) көмегімен жазба жазуға, құжаттармен жұмыс істеуге және нобай салуға болады. Мүмкіндіктері кеңірек Apple Pencil Pro қаламы қысу мен айналдыру қимылдарын таниды, ал тактильді кері байланыс функциясы күрделі графикамен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Файлдарды тасымалдау, қосымша құрылғыларды жалғау және планшетті зарядтау үшін USB-C порты қолданылады.
Сымсыз байланысты N1 чипі қамтамасыз етеді. iPad mini құрылғысының сымсыз байланыс мүмкіндіктері:
- желіге жоғары жылдамдықпен қосылуға мүмкіндік беретін Wi-Fi 7;
- құлаққаптарды, пернетақталарды және басқа да үйлесімді қосымша құрылғыларды жалғауға арналған Bluetooth 6;
- ақылды үй жүйесіндегі үйлесімді құрылғылармен байланыс орнатуға арналған Thread.
Wi-Fi желісіне тәуелді болғыңыз келмесе, планшеттің Wi-Fi + Cellular нұсқасын таңдаңыз. Ол C2 модемімен жабдықталған және 5G мен eSIM технологияларын қолдайды. Дегенмен 5G желісінің қолжетімділігі байланыс операторыңызға байланысты.
Жаңа модель ішкі жады 128, 256 және 512 ГБ болатын үш нұсқада ұсынылады. Күнделікті жұмысқа 128 ГБ жады да жеткілікті, ал көп дерек сақтайтындар үшін 512 ГБ нұсқасы қолайлы. Таңдаған нұсқаңыз iPad mini 8 бағасына да әсер етеді.
iPad mini 8 қайдан сатып алуға болады?
Қазақстанда iPad mini 8 сатып алу немесе оған алдын ала тапсырыс беру үшін Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкеніне жүгіне аласыз. Мамандарымыз құрылғыны таңдауға және баптауға қуана көмектеседі, ал дүкендерімізде ресми кепілдігі бар түпнұсқа құрылғылар ғана сатылады.
Құрылғыны Астана, Алматы және басқа қалалардағы фирмалық дүкендерден алып кете аласыз немесе елдің кез келген өңіріне жеткізу үшін онлайн тапсырыс бере аласыз. Trade In бағдарламасы арқылы ескі құрылғыңызды жаңасына ауыстыра аласыз немесе жаңа құрылғыны бөліп төлеу не несие арқылы сатып ала аласыз. iSpace Community қауымдастығына қосылып, арнайы ұсыныстар туралы алғашқылардың бірі болып хабардар болыңыз.
FAQ
iPad mini 8 қашан шықты?
Жаңа модель 2026 жылғы 26 қазанда таныстырылды. Қазақстанда оған iSpace дүкенінде алдын ала тапсырыс беруге болады.
iPad mini 8 моделінің iPad mini 7 моделінен айырмашылығы неде?
Планшет өнімділігі жоғары A20 Pro чипімен, диагоналі 8,5 дюйм болатын OLED дисплейімен (экран жиектері 24%-ға жіңішкерген) және Acoustic Display дыбыс жүйесімен жабдықталған. Жаңа модель Apple Intelligence жүйесінің кеңейтілген мүмкіндіктерін қолдайды.
iPad mini 8 кімдерге лайық?
Планшет жұмысқа, оқуға және шығармашылықпен айналысуға арналған ықшам құрылғы іздегендердің бәріне лайық. Оны құжаттарды өңдеу, жазба жазу, сурет салу және фильм көру үшін пайдалану ыңғайлы.
Сондай-ақ оқыңыз
Әрқашан хабардар болыңыз!
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!


