Apple iPhone 18 Pro Max моделін 9 қыркүйекте таныстырды. Смартфон A20 Pro чипімен, 6,9 дюймдік Super Retina XDR дисплейімен және әрқайсысы 48 Мп ажыратымдылықтағы үш камерамен жабдықталған. Негізгі жаңалықтардың қатарында механикалық түрде реттелетін диафрагма, ықшамдалған Dynamic Island және бейнені 45 сағатқа дейін ойнату мүмкіндігі бар. Қазақстандағы iSpace дүкендерінде сатылым 25 қыркүйекте басталады.

iPhone 18 Pro Max қашан таныстырылды?

Жаңа буындағы iPhone Pro Max 9 қыркүйекте таныстырылды. Қазақстанда жаңа смартфонды 25 қыркүйектен бастап сатып алуға болады. Соңғы жаңалықтарды әлеуметтік желілеріміз бен iSpace қауымдастығы арқылы қадағалай аласыз. Барлық жаңалықтан хабардар болып, жабық іс-шараларға шақыру алу үшін қауымдастыққа қосылыңыз.

Үлкен дисплей және дизайн

iPhone 18 Pro Max 6,9 дюймдік Super Retina XDR OLED дисплейімен жабдықталған. Оның негізгі сипаттамалары:

  • ажыратымдылығы – 2868 × 1320 пиксель;
  • пиксель тығыздығы – 460 ppi;
  • жаңарту жиілігі – 1-120 Гц (ProMotion технологиясы).

Қалыпты режимде экран жарықтығы 1000 нитке дейін, HDR контентін көрсеткенде 1600 нитке дейін, ал сыртта 3000 нитке дейін жетуі мүмкін. Соның арқасында күн ашық кезде де ұсақ мәтін мен кескіннің майда бөлшектері анық көрінеді. Мұндай үлкен экранда фотосуреттерді өңдеу, әлеуметтік желілерге арналған бейнелерді монтаждау, ойын ойнау, тіпті құжаттармен жұмыс істеу ыңғайлы. Контент анық көрінеді, ал кескіннің өлшемі көзге жайлы болады.

Dynamic Island сәл кішірейіп, экранның пайдалы аумағы ұлғайды. Сонымен қатар оның мүмкіндіктері де кеңейді: енді Dynamic Island аймағында бір уақытта үш Live Activities көрсетуге болады.

Смартфонның корпусы алюминийден жасалған, ал алдыңғы жағы Ceramic Shield 2, артқы жағы Ceramic Shield қорғаныс қабатымен қапталған. Салмағы сәл артқан: алдыңғы нұсқадағы 233 г-мен салыстырғанда жаңа модельдің салмағы 249 г. Ал өлшемдері өзгерген жоқ – 163,4 × 78 × 8,75 мм. iSpace дүкенінде алдын ала тапсырыс беруге болады, ал сатылым 25 қыркүйекте басталады.

iPhone 18 Pro Max камералары мен масштабтау мүмкіндігі

Жаңа iPhone 18 Pro Max жаңартылған камера жүйесімен жабдықталған. Ол үш модульден тұрады, ал негізгі камера реттелетін диафрагмамен толықтырылған. Объектив ішіндегі алты қалақша орнын өзгертіп, түсетін жарық мөлшері мен өріс тереңдігін дәлірек басқаруға мүмкіндік береді. Төрт режим қолжетімді: ƒ/1,48, ƒ/1,8, ƒ/2,8 және ƒ/4,0.

«Камера» қолданбасындағы параметрлерді өзгерту арқылы әртүрлі жарық жағдайында сапалы кадрлар түсіре аласыз. Енді фон оптикалық жолмен бұлыңғырланады, сондықтан «Портрет» режимінде нысан мен фонның шекарасы табиғи көрінеді. Бұған дейін, мысалы, шаштың жекелеген талдары немесе көзілдіріктің сабы фонмен араласып кетуі мүмкін еді. Барлық баптаудың қыр-сырын меңгергіңіз келмесе, автоматты режимді қоссаңыз жеткілікті. Камера жарық жағдайын өзі талдап, диафрагманы автоматты түрде реттейді. Нәтижесінде сапалы суреттер түсіре аласыз.

Алдыңғы камера өзгерген жоқ – бұл 18 Мп Center Stage камерасы. Ол бейне түсіргенде және бейнеқоңырау кезінде адамды кадрдың ортасында ұстап тұрады. Топтық селфи түсіргенде барлық адам кадрға сыятындай етіп көрініс аумағы автоматты түрде реттеледі, ал Dual Capture функциясы арқылы екі камерамен бір уақытта түсіруге болады. Бұл мүмкіндіктердің барлығымен өткен жылы танысқан едік.

Жаңа Apple Reference Image функциясы анықтамалық сурет жасайды. Оның көмегімен фотосуреттің нейрожеліде немесе Photoshop-та жасалмағанын, нақты камерамен түсірілгенін растауға болады.

Бейнені мына форматтарда жазуға болады: Dolby Vision форматындағы 4K 120 fps, ProRes RAW және Apple Log 2. Жаңа мүмкіндіктердің бірі – Cinematic әсерін түсіріліп қойған бейнеге кейін де қолдануға болады.

Жаңа iPhone батареясының жұмыс уақыты

Смартфон батареясының жұмыс уақыты бұрынғы барлық көрсеткіштен асып түсті: құрылғы бейнені 45 сағатқа дейін үздіксіз ойната алады. Бұл көрсеткіш eSIM нұсқасына қатысты. Салыстыру үшін, алдыңғы буындағы осы модель бейнені 39 сағатқа дейін, ал жаңа iPhone 18 Pro 36 сағатқа дейін ойната алады.

Жылдам қуаттау мүмкіндігі де жақсарған. 60 Вт адаптерді пайдаланғанда iPhone 18 Pro Max аккумуляторын небәрі 15 минутта 50%-ға дейін қуаттауға болады. Ал бес минуттық қуаттау алты сағатқа дейін бейне көруге жетеді.

Жаңа чиптің өнімділігі мен мүмкіндіктері

iPhone 18 Pro Max жаңа A20 Pro чипімен жабдықталған. Оның құрамында 6 ядролы CPU және Neural Accelerators жүйесі бар 7 ядролы GPU бар. Машиналық оқыту мен графикалық тапсырмаларды өңдеуге Dual Neural Engine де қатысады – смартфонда барлығы 32 ядро жұмыс істейді. Алдыңғы буынмен салыстырғанда графикалық процессордың өнімділігі 40%-ға артқан, ал жадтың өткізу қабілеті 50%-ға ұлғайған.

Инженерлер корпус ішіндегі бөлшектердің орналасуын өзгертті. Енді булану камерасы чип пен жадтың жанында орналасқан, ал оның беткі ауданы үш есе ұлғайтылған. Соның арқасында смартфон ұзақ уақыт ойын ойнағанда да шамадан тыс қызбайды және экран жарықтығын төмендетпейді.

Смартфон бірден iOS 27 жүйесімен ұсынылады әрі Apple Intelligence жүйесінің жаңа буынын және Siri-дің толық жаңартылған AI нұсқасын қолдайды. Енді зияткерлік көмекші контексті ескеріп, экранда не болып жатқанын түсіне алады. Мысалы, одан фотосуретті өңдеуді немесе электрондық поштадан қонақүйде бөлме броньдалғанын растайтын хатты тауып беруді сұрай аласыз.

iPhone 18 Pro Max пен iPhone 18 Pro арасындағы айырмашылық

iPhone 18 Pro Max пен iPhone 18 Pro сипаттамалары бір-біріне өте ұқсас. Негізгі айырмашылықтар батареяның жұмыс уақыты мен құрылғылардың өлшемдеріне байланысты.

СипаттамаiPhone 18 Pro MaxiPhone 18 Pro
Экран диагоналі6,9 дюйм6,3 дюйм
Ажыратымдылығы2868 × 13202622 × 1206
Салмағы249 г211 г
Батареяның жұмыс уақыты45 сағатқа дейін36 сағатқа дейін

Үлкен экранының арқасында жаңа модель ойын ойнауға, құжаттармен және кестелермен жұмыс істеуге, сондай-ақ фото және бейне контент әзірлеуге өте қолайлы. Ал батареясының ұзақ жұмыс істеуі смартфонды белсенді пайдаланатын, жиі фото және бейне түсіретін әрі сапарға жиі шығатын адамдар үшін ыңғайлы.

iPhone 18 Pro Max қайдан сатып алуға болады?

25 қыркүйектен бастап iPhone 18 Pro Max iSpace дүкендерінде сатылымға шығады. Смартфон төрт түсте ұсынылады: Black, Silver, Glacier және Burgundy. Ішкі жад көлемінің де төрт нұсқасы бар: 256 ГБ, 512 ГБ, 1 ТБ және 2 ТБ. Қолда бар модельдерді тексеріп, қолжетімді нұсқаларды қарап, құрылғыға iSpace сайтында тапсырыс бере аласыз.

iSpace дүкендерінде Apple компаниясының ресми кепілдігі бар түпнұсқа құрылғылар ұсынылады. Барлық құрылғыны Алматы, Астана және басқа қалалардағы фирмалық дүкендерде өзіңіз сынап көре аласыз – олар ашық сөрелерге қойылған. Онлайн сатып алуды қаласаңыз, сайттан қажетті конфигурацияны таңдап, жеткізуге тапсырыс бере аласыз.

Сатып алу кезінде бөліп төлеу немесе несие рәсімдеу мүмкіндігі бар, сондай-ақ Trade In бағдарламасы қолжетімді. iSpace мамандары әрқашан көмектесуге дайын – кеңесті онлайн да, дүкенде де ала аласыз.

Apple таныстырылым кезінде iPhone 18 Pro моделін де көрсетті. Ықшам нұсқа туралы толығырақ блогтан оқи аласыз.

FAQ

iPhone 18 Pro Max қашан сатылымға шығады?

Қазақстанда iPhone 18 Pro Max сатылымы 25 қыркүйекте басталады. Модельдердің бар-жоғын және қолжетімді конфигурацияларды iSpace сайтынан тексеруге болады.

Жаңа iPhone қандай түстерде ұсынылады?

Смартфон төрт түсте ұсынылады. Black және Silver классикалық түстер қатарын жалғастырса, Glacier және Burgundy бұл топтамада алғаш рет пайда болды.

Жаңа iPhone Pro Max моделін қайдан сатып алуға болады?

Сатылым басталғаннан кейін смартфонды Қазақстандағы Apple Premium Partner – iSpace дүкендерінен сатып алуға болады. Қолжетімді түстерді, жад көлемінің нұсқаларын және сатып алу шарттарын ispace.kz сайтынан көре аласыз.

Apple iPhone 18 Pro Max моделіне қандай жаңалықтар қосты?

Негізгі камера түсіру кезінде қолмен реттеуге болатын механикалық айнымалы диафрагмамен жабдықталды. A20 Pro чипі графикалық және жасанды интеллектке қатысты тапсырмаларды өңдеуді жеделдетті, ал бейне ойнату уақыты 39 сағаттан 45 сағатқа дейін артты.

Сондай-ақ оқыңыз

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!