2026 жылғы 27 қазанда Apple M6 чипімен жабдықталған жаңа 14 дюймдік MacBook Pro моделін таныстырды. Орталық процессор (CPU) мен графикалық процессордың (GPU) әрқайсысында 12 ядро бар. M6 чипінде әрқайсысы 16 ядродан тұратын екі Neural Engine блогы бар. Жаңа ноутбук M5 чипімен жабдықталған алдыңғы модельге қарағанда өнімдірек. Ол жаңа macOS 27 операциялық жүйесімен жұмыс істейді, Siri AI мен Apple Intelligence функцияларының жаңартылған нұсқаларын қолдайды және қуат көзіне қосылмай 24 сағатқа дейін жұмыс істей алады.
Жаңа модельдің мүмкіндіктерімен танысып, ноутбугіңізді жаңарту қажет пе, жоқ па, соны шешуіңіз үшін MacBook Pro M6 туралы шолу дайындадық.
MacBook Pro M6 моделінде қандай жаңалықтар бар?
Ең басты өзгеріс орталық процессорға қатысты. Алдыңғы буын чипінің орталық процессорында 10 ядро болса, жаңа M6 чипінің орталық процессорында 12 ядро бар:

- есептеу қуатын көп қажет ететін тапсырмаларға арналған аса қуатты 2 ядро;
- жүктеме жоғары болғанда тапсырмаларды жылдам орындайтын өнімділігі жоғары 4 ядро;
- күнделікті тапсырмаларды орындауға арналған қуатты үнемдейтін 6 ядро.
Осының арқасында ноутбук қолданбаларды жылдамырақ ашады, пәрмендерге тезірек жауап береді және күрделі тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, бағдарламалық кодты құрастырып, фотосуреттерді өңдеп, жұмыс құжаттарын бір мезгілде қарай аласыз.
Графикалық процессордағы ядролар саны да 10-нан 12-ге дейін артып, графикалық өнімділік 30%-ға өсті. Бұл айырмашылық графикамен жұмыс істегенде, бейнежазбаларды өңдегенде және ойын ойнағанда анық байқалады. Кескіндерді жасауға және өңдеуге аз уақыт кетеді. Сәулелердің таралуын есептейтін үшінші буын технологиясы кескіндегі жарық пен көлеңкені шынайырақ көрсетеді.
Әрқайсысы 16 ядродан тұратын екі Neural Engine блогының арқасында жасанды интеллект қолданылатын тапсырмалар 1,9 есе жылдам орындалады. Графикалық процессордың әр ядросында нейрондық есептеулерді жеделдететін арнайы тетіктер бар. Олар жасанды интеллект қолданылатын тапсырмаларды орындау жылдамдығын M5 чипімен салыстырғанда қосымша 25%-ға арттырады.
Apple Intelligence пен жаңартылған Siri AI көмекшісінің мүмкіндіктері кеңейді. Siri AI қажетті ақпаратты хабарламалардан, электрондық хаттардан және фотосуреттерден іздей алады. Мысалы, сұрауыңыз бойынша билетіңіздің суретін немесе алдын ала брондаған қонақүйіңіздің мекенжайын тауып береді. Safari браузерінде Apple Intelligence ашық веб-беттерді тақырыптарына қарай топтастыруға көмектеседі және сайттардағы өзгерістер туралы хабарлайды. Мысалы, сізді қызықтырған тауардың бағасы төмендесе, бұл туралы хабарлама аласыз. Apple Intelligence функцияларының қолжетімділігі аймаққа және құрылғыда таңдалған тілге байланысты.
Негізгі нұсқада 16 ГБ бірыңғай жад бар. Жүйе ресурстарын көп пайдаланатын қолданбалармен жұмыс істеу үшін 24 немесе 32 ГБ жады бар нұсқалар қолайлырақ.
Деректерді сақтау үшін сыйымдылығы 1, 2 және 4 ТБ болатын SSD жинақтауыштары ұсынылады. Фотосуреттер мұрағатын, бейнежазбалар мен жұмыс материалдарын сақтауға негізгі нұсқаның сыйымдылығы жеткілікті. Құрылғыда көлемді файлдарды сақтайтын болсаңыз, сыйымдылығы жоғары нұсқаны таңдаған ыңғайлы.
Бейнежазбаларды көргенде ноутбук 24 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Қуатты үнемдейтін процессордың арқасында ол қуат көзіне қосылмаған кезде де жоғары өнімділігін сақтайды. Ноутбук жылдам қуаттау мүмкіндігін де қолдайды. Үйлесімді 96 Вт USB-C қуаттағышын пайдалансаңыз, құрылғының батареясын 30 минутта 50%-ға дейін қуаттай аласыз. Соңғы жылдары кәсіби ноутбуктердің бір қуаттаумен жұмыс істеу уақыты едәуір ұзарды. Мысалы, 2026 жылғы жаңа модель MacBook Pro M1-ге қарағанда төрт сағат ұзақ жұмыс істейді.
MacBook Pro M6 ноутбугінің дизайны мен экраны
Apple ноутбуктің бұрыннан таныс дизайнын сақтап қалды. Алюминий корпусы Silver және Space Black түстерінде ұсынылады. Құрылғының қалыңдығы 1,55 см, ені 31,26 см, тереңдігі 22,12 см, ал салмағы 1,55 кг. Ықшам өлшемдерінің арқасында оны жұмысқа, оқуға немесе сапарға алып жүру ыңғайлы.

MacBook Pro M6 ноутбугінде 14,2 дюймдік Liquid Retina XDR экраны бар. HDR форматындағы бейнені көрсеткенде экранның жарықтығы 1600 нитке дейін жетеді, ал ProMotion технологиясы экранның жаңарту жиілігін 120 Гц-ке дейін арттырады. Экран кескіннің жарық және қараңғы тұстарындағы ұсақ бөлшектерді анық көрсетеді, ал жоғары жаңарту жиілігінің арқасында анимациялар бірқалыпты көрінеді. Жарық кеңседе жұмыс істесеңіз немесе жұмыс орныңыз терезенің жанында болса, нанотекстуралы әйнегі бар нұсқаны таңдай аласыз. Мұндай әйнек экранға түскен жарықтың шағылуын азайтады.
MacBook Pro ноутбугінде қажетті порттар мен ұяшықтар жеткілікті, сондықтан сыртқы құрылғылардың көпшілігін қосу үшін қосымша адаптер қажет емес:
- үш Thunderbolt 4 порты – деректерді 40 Гбит/с жылдамдықпен тасымалдауға және сыртқы экрандарды қосуға арналған;
- HDMI порты – кескінді теледидарға немесе мониторға шығаруға арналған;
- SDXC картасының ұясы – фотоаппарат пен бейнекамераның жад карталарын пайдалануға арналған;
- 3,5 мм аудио ұясы – сымды құлаққапты қосуға арналған;
- MagSafe 3 порты – ноутбукті қуаттауға арналған.
Ноутбукке екі сыртқы экранды қосып, оларды құрылғының өз экранымен қатар пайдалануға болады. Мысалы, ноутбук экранында құжаттар мен хат алмасу терезелерін, ал сыртқы экрандарда таныстырылымдар мен жұмыс бағдарламаларын аша аласыз.
Жаңа ноутбук заманауи сымсыз байланыс стандарттарын қолдайтын N1 чипімен жабдықталған. Bluetooth 6 арқылы үйлесімді сымсыз құрылғыларды қосуға, Wi-Fi 7 арқылы жоғары жылдамдықты интернетті пайдалануға, ал қуатты үнемдейтін Thread технологиясы арқылы ақылды үй құрылғыларын басқаруға болады.
Бейнеқоңырауларға арналған 12 Мп алдыңғы камера бұрыннан таныс екі функцияны қолдайды:
- Center Stage – бейнеқоңырау кезінде сізді автоматты түрде кадрдың ортасында ұстап тұрады;
- Desk View – үстеліңіздің бетін жоғарыдан көрсетеді.

Ноутбук алты динамиктен тұратын дыбыс жүйесімен және дыбысты студиялық сапада жазуға арналған үш микрофонмен жабдықталған.
MacBook Pro M6 кімдерге қолайлы?
Шолуды қарапайым сұрақпен аяқтайық. Жаңа модельге ауысу кімдерге тиімді? Бейнежазбалар мен 3D графиканы өңдеу жылдамдығының артуы контент жасаушылар үшін пайдалы болады. Дизайнерлер Affinity бағдарламасында графиканы өңдегенде, ал әзірлеушілер Xcode бағдарламасында бағдарламалық кодты құрастырғанда тапсырмаларын жылдамырақ орындай алады.
Жаңа модель студенттер мен кеңсе қызметкерлеріне де қолайлы. Ноутбук қайта қуаттамай-ақ ұзақ жұмыс істейді әрі кәсіби қолданбаларды іске қосуға қуаты жеткілікті. M5 чипімен жабдықталған модельден ауыссаңыз, өнімділіктің артқанын әсіресе жасанды интеллект қолданылатын тапсырмаларды орындағанда және графикамен жұмыс істегенде байқайсыз. Intel процессоры немесе M1-M4 чиптерінің бірі орнатылған ноутбуктен ауыссаңыз, өнімділіктегі айырмашылық барлық жұмыс түрінде әлдеқайда анық байқалады.
Айта кетейік, 2026 жылдың қазан айында Apple сенсорлық экраны бар алғашқы MacBook моделін де таныстырды.
MacBook Pro M6 ноутбугін қайдан сатып алуға болады?
Қазақстанда MacBook Pro M6 ноутбугін Apple Premium Partner мәртебесіне ие iSpace дүкенінен сатып ала аласыз. Сатылымдағы барлық құрылғылар түпнұсқа және оларға Apple компаниясының кепілдігі беріледі. Толығырақ білгіңіз келе ме? Мамандарымыз құрылғыны таңдауға және баптауға көмектесуге дайын.
Ноутбукке сайтымыз арқылы тапсырыс беріп, үйіңізге жеткізуді рәсімдей аласыз. Құрылғыны сатып алмас бұрын сынап көргіңіз келсе, дүкендерімізге келіңіз. Бізде Trade In бағдарламасы бар. Сондай-ақ ноутбукті еліміздегі танымал банктер арқылы несиеге немесе бөліп төлеу шартымен сатып ала аласыз. Жаңа өнімдер туралы алғашқылардың бірі болып біліп, тек қауымдастық мүшелеріне арналған ұсыныстарды пайдалану үшін iSpace Community қауымдастығына қосылыңыз.
Құрылғыңызды сайтымыздан таңдаңыз.
FAQ
MacBook Pro M6 қашан шықты?
Apple жаңа ноутбукті 2026 жылғы 27 қазанда таныстырды. MacBook Pro M6 Қазақстанда 13 қарашада сатылымға шықты.
MacBook Pro M6 ноутбугінің техникалық сипаттамалары қандай?
MacBook Pro M6 ноутбугінің негізгі сипаттамалары мынадай: M6 чипінің орталық процессорында (CPU) да, графикалық процессорында (GPU) да 12 ядродан бар. Чипте әрқайсысы 16 ядродан тұратын екі Neural Engine блогы бар. Негізгі нұсқада 16 ГБ бірыңғай жад пен сыйымдылығы 1 ТБ SSD жинақтауышы бар. Диагоналі 14,2 дюйм болатын Liquid Retina XDR экранымен жабдықталған ноутбук бір қуаттаумен 24 сағатқа дейін жұмыс істей алады.
MacBook Pro M6 мен M5 модельдерінің айырмашылығы қандай?
Негізгі жаңалықтар – M6 чипі мен N1 сымсыз байланыс чипі. M6 чипінің арқасында графикалық өнімділік 30%-ға артты, ал N1 чипі Bluetooth 6 және Wi-Fi 7 стандарттарын қолдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Әрқашан хабардар болыңыз!
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!


