Мазмұны
«Сұр» iPhone – Apple компаниясының ресми жеткізу арналары арқылы емес, өзге жолмен Қазақстанға әкелінген және жергілікті нарықта тиісті сертификаттаудан өтпеген түпнұсқа құрылғы. Мұндай смартфонды сатып алу тәуекелді болуы мүмкін: онда аймақтық шектеулер кездесуі, сондай-ақ кепілдік қызметін алу барысында қиындықтар туындауы ықтимал.
Сонымен қатар бейресми дүкендерде жаңа құрылғының орнына жалған немесе қалпына келтірілген модель сатылуы мүмкін. Ең дұрыс шешім – iPhone-ды брендтің ресми серіктесінен сатып алу. Қазақстанда Apple Premium Partner мәртебесіне ие ресми серіктес – iSpace.
«Сұр» iPhone деп Apple компаниясының ресми сату арналары арқылы емес, өзге жолмен Қазақстанға әкелінген түпнұсқа құрылғыны айтады. Мұндай смартфон жергілікті нарықта сатуға қажетті сертификаттаудан өтпегендіктен, оны пайдалану кезінде белгілі бір шектеулер болуы мүмкін. Мысалы, кепілдік қызметін алу барысында қиындықтар туындауы ықтимал.
Ресми және «сұр» құрылғылар брендтің бірдей зауыттарында шығарылады. Негізгі айырмашылық – құрылғының сатып алушыға қандай арна арқылы жеткізілгенінде. Алғашында ешқандай айырмашылық байқалмауы мүмкін: телефон жылдам жұмыс істейді, аккумуляторы күні бойы қуатын сақтайды. Алайда пайдаланушыға қолжетімді кейбір мүмкіндіктер шектеулі болуы ықтимал.

Құрылғыны сертификаттап, кейін ресми сатылымға шығару үшін ресми сатушы қажетті тіркеу рәсімдерінен өтуі керек. Сондықтан ресми құрылғы сәл қымбатырақ тұрады: оның бағасына кедендік төлемдер мен ҚҚС кіреді. Ал кедендік рәсімдеуден өтпеген телефон бастапқыда арзанырақ көрінуі мүмкін. Бірақ күтпеген жағдай туындаса, мұндай үнем кейін әлдеқайда көп шығынға ұласуы мүмкін. Сондықтан «сұр» iPhone сатып алу ұсынылмайды.
Сертификатталмаған iPhone сатып алғанда, жалған өнімге немесе суға түсіп, сынғаннан кейін бөгде шеберханада қалпына келтірілген құрылғыға тап болуыңыз мүмкін. Сырттай мұндай смартфонды түпнұсқадан ажырату қиын, алайда ықтимал ақаулар кейін ғана байқалуы мүмкін. Кедендік рәсімдеуден өтпеген iPhone әртүрлі өңірлерден әкелінеді. Осыған байланысты аппараттық немесе бағдарламалық шектеулер болуы ықтимал:
Бейресми дүкен тұтынушы құқықтарының толық көлемде қорғалуын әрдайым қамтамасыз ете бермейді. Кейде сатушы мәселені шешуден жалтаруы да мүмкін. Бұған қоса, 2025 жылдың наурызынан бастап барлық импорттаушылар құрылғының IMEI-кодын бірыңғай тізілімге енгізуге міндетті. Егер смартфоныңыздың IMEI-коды бұл тізілімде болмаса, оператор желісі құрылғыны бұғаттауы мүмкін: сіз қоңырау шала алмайсыз және интернетке қосыла алмайсыз.

«Сұр» құрылғы сатып алу кепілдік қызметін алу кезінде қиындықтарға әкелуі мүмкін. Apple ресми түрде 12 айлық кепілдік береді: зауыттық ақау анықталса, уәкілетті сервистік орталықта құрылғыңыз ауыстырылады немесе Apple стандарттарына сай жөнделеді. Алайда кейбір сервистік орталықтарда басқа өңірден сатып алынған құрылғыларға қызмет көрсетуге қатысты жергілікті шектеулер болуы мүмкін.
Әрине, бейресми сатушылар да құрылғыны жөндеп бере алады. Ең жақсы жағдайда олар оны өз есебінен жөндейді немесе бастапқыда сатып алынған елге жібереді, бұл біраз уақыт алуы мүмкін. Ең нашар жағдайда құрылғы сапасы күмәнді бөлшектермен қарапайым шеберханада жөнделуі мүмкін.
«Сұр» құрылғы сатып алмау үшін iPhone-ды бірден ресми серіктестерден, мысалы, iSpace дүкенінен алған дұрыс. Осылайша Қазақстанда пайдалануға сертификатталған жаңа әрі түпнұсқа құрылғы сатып алғаныңызға сенімді боласыз.
Ал жалған өнімге тап болмау үшін iPhone-ды сатып алмас бұрын мұқият тексеріп алыңыз. Ол үшін мына жеті әрекет жеткілікті:
Иә, бұған біраз уақыт жұмсауға тура келеді. Бірақ есесіне құрылғының түпнұсқа екеніне сенімді боласыз.
Егер құрылғы сіздің өңіріңізге арналмаған болса, ол бұзылған жағдайда кепілдік пен сервистік қызмет көрсетуге қатысты шектеулер туындауы мүмкін. Сонымен қатар бағдарламалық және аппараттық шектеулер болуы ықтимал екенін де ескерген жөн.
Брендтің ресми өкілінен сатып алу – жалған өнімнен қорғанудың сенімді жолы:
Ресми сатушыларды таңдаңыз: Қазақстанда Apple Premium Partner мәртебесіне ие жалғыз серіктес – iSpace. Дүкенде смартфон таңдауға және оны баптауға көмектесетін мамандардан кеңес ала аласыз. Ықтимал мәселе туындаса, iSupport сервистік орталығына жүгінуге болады. Ал сатып алу бюджетке шамадан тыс салмақ түсірмеуі үшін Trade In, бөліп төлеу және несие мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
«Сұр» iPhone дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда не?
«Сұр» iPhone – Қазақстанға бейресми жолмен әкелінген түпнұсқа құрылғы. Мұндай құрылғыда аппараттық немесе бағдарламалық шектеулер болуы мүмкін.
Өңірге байланысты қандай шектеулер кездеседі?
Гонконгқа арналған кейбір модельдер eSIM-ді қолдамайды. Ал Жапонияға арналған кейбір модельдерде дыбыс өшірілген болса да, камера ысырмасының дыбысы өшпеуі мүмкін.
iPhone операторға «бұғатталған» болуы мүмкін бе?
Иә, мұндай жағдай болуы мүмкін. Ондай кезде телефон тек белгілі бір оператордың SIM-картасымен ғана жұмыс істейді.
Қазақстанда «сұр» iPhone-ға кепілдік бар ма?
Өндіруші кепілдігі түпнұсқа құрылғыларға қолданылады. Алайда қызмет көрсету шарттары құрылғының сатып алынған өңіріне және нақты сервистік орталықтың ішкі саясатына байланысты болуы мүмкін.
Жалған немесе қалпына келтірілген iPhone қандай қауіп төндіреді?
Жалған өнімді толыққанды Apple смартфоны деп айту қиын: ол түпнұсқаға тек сыртқы дизайнымен ғана ұқсауы мүмкін. Қалпына келтірілген модельдерде сапасы күмәнді бөлшектер кездесуі ықтимал, ал Apple Pay немесе FaceTime сияқты кейбір функциялар нашар жұмыс істеуі немесе мүлде болмауы мүмкін.
Сериялық нөмір мен кепілдіктің қолданылу мәртебесін қалай тексеруге болады?
Сериялық нөмірді көру үшін «Баптаулар» бөліміне кіріп, «Негізгі» және «Осы құрылғы туралы» бөлімдерін таңдаңыз. Кепілдіктің қолданылу мәртебесін checkcoverage.apple.com сайтында тексеруге болады: ол үшін «Қызмет көрсету және жөндеу құқығы» бөліміне өтіңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Siri-дің 10 пайдалы пәрмені: уақыт үнемдеу үшін iPhone-ға не айту керек
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!