Trade In арқылы iPhone 18 Pro небәрі 463 990 ₸-ден Сатып алу- Trade In арқылы iPhone 18 Pro небәрі 463 990 ₸-ден
AirPods + Yandex Plus — небәрі 88 970 ₸-ден. Сатып алу- AirPods + Yandex Plus — небәрі 88 970 ₸-ден.

Жылдың басты жұмасы басталды

Техниканы жаңартудың ең қолайлы уақыты — қазір. iSpace-тің осы маусымдағы ең тиімді ұсыныстарын жіберіп алмаңыз.

Mac-ты таңдаңыз

Жобаларыңызға сәйкес модельді табыңыз — бейнені өңдеу, графикамен жұмыс немесе жаңа қосымша жасау. AI құралдарымен таңғаларлық мүмкіндіктер сізді күтеді.
Mac-ты таңдаңыз

iPhone-ды таңдаңыз

Бұл смартфон кез келген идеяңызға дайын. Эстетикалық бейнелер түсіріңіз, Reels-ті жолда өңдеңіз, ойындарға батыңыз және әр сәтті жақындарыңызбен бөлісіңіз.
iPhone-ды таңдаңыз

Өз ырғағыңызға сәйкес құрылғыны таңдаңыз

Кез келген іста бөлшектер маңызды — қолыңызда сәйкес құрылғылар болса, рахат одан да артады. Шығармашылық, спорт, демалыс және күнделікті өмір үшін дәл сізге сәйкес техниканы табыңыз.
Өз ырғағыңызға сәйкес құрылғыны таңдаңыз
Example

Жаңалықтар кеңістігі.
Әр сәтте.

iSpace — Қазақстандағы халықаралық дүкендер желісі және Apple Premium Partner. Біз тек ресми кепілдікпен жаңа түпнұсқа Apple техникасын, сондай-ақ ыңғайлы сервистерді ұсынамыз: Trade In, бөліп төлеу, несие және бүкіл ел бойынша жеткізу. Жыл сайын біз iSpace клубының мүшелерімен бірге Apple презентациясын тамашалаймыз, негізгі жаңалықтарды талқылаймыз және күрделі технологияларды қарапайым тілмен түсіндіреміз.

iSpace адалдық бағдарламасына қосылып, Қазақстандағы Apple-қауымдастықтың бір бөлігіне айналыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Акцияға қатысты барлық сұрақтардың жауабын осы жерден табасыз.

Black Friday 2026 iSpace-те: Apple техникасына жеңілдіктер

Жыл сайын барлығы асыға күтетін Black Friday кезінде дүкендер ең сұранысқа ие тауарларын арзандатылған бағамен сатады. iSpace бұл науқанға да қатысып, өз клиенттеріне арнайы жеңілдіктер ұсынады. Осы кезеңде сіз түпнұсқа Apple құрылғыларын айтарлықтай төмен бағамен сатып ала аласыз.

Black Friday дегеніміз не?

Black Friday ұғымы АҚШ-та XIX ғасырда қалыптасқан. Бұл күннің не себепті осылай аталатыны жөнінде бірнеше нұсқа бар, алайда бүгінде ол бүкіл әлемде кеңінен танымал. Осы күні сатып алушылар ең тиімді ұсыныстарды пайдалана алады. Қазақстанда да Black Friday науқаны белсенді түрде өтеді – қарашаның соңында көптеген бөлшек сауда орындары үлкен жеңілдіктер жариялайды.

Қазақстанда Black Friday жиі бір күнмен шектелмейді. Осы уақытта сіз өзіңізге немесе жақыныңызға Apple құрылғыларын тиімді бағамен сатып ала аласыз.

iSpace-та Black Friday қалай өтеді?

iSpace компаниясы жыл сайын Black Friday науқанын өткізіп, Apple техникасына жеңілдіктер ұсынып, сатып алушылар үшін тиімді ұсыныстар жасайды. Егер сіз Apple өнімдерін сатып алғыңыз келсе және олардың түпнұсқалығына сенімді болғыңыз келсе, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және басқа қалалардағы ресми дүкендерімізге келіңіз. Мұнда заманауи құрылғылар еркін қарап көруге мүмкіндік беретін ашық қойылымда ұсынылған.

Егер сіз интернет арқылы сатып алуды жөн көрсеңіз, құрылғыларды интернет-дүкеніміз арқылы тапсырыс бере аласыз. Тапсырыс Қазақстанның кез келген өңіріне жеткізіледі.

Біздің кеңесіміз – сатып алғыңыз келетін үлгілерді алдын ала таңдап алыңыз. Жеңілдікке қатысатын барлық құрылғылар осы бетте көрсетілген.