Жаңа Apple Watch Series 12 S11 чипімен жұмыс істейді. Жаңа Health Sensing System жүйесінің арқасында сағат жүрек соғу жиілігін бұрынғыдан жиірек әрі дәлірек, яғни әр 5 секунд сайын өлшейді, ал жүрек соғу жиілігінің өзгергіштігін бұрынғыдан 24 есеге дейін жиірек өлшейді. Readiness функциясы күнделікті белсенділігіңізді ескеріп, ағзаның физикалық жүктемеге қаншалықты дайын екенін 0-ден 10-ға дейін бағалайды. Бұған қоса, сағат айналадағы дыбыстарды тануға мүмкіндік беретін жасанды интеллектке негізделген жаңа Audio Intelligence мүмкіндіктерін қолдайды.

Apple Watch Series 12 қашан шықты?

Apple 12-буындағы Apple Watch сағатын 2026 жылғы 9 қыркүйекте таныстырды. Ресми сатылым басталып кетті – Apple Watch Series 12-ге iSpace дүкенінен тапсырыс бере аласыз. Ал жаңа өнімдер мен арнайы ұсыныстар туралы алғашқылардың бірі болып білгіңіз келсе, қауымдастығымызға қосылып, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз.

Watch Series 12 дизайны мен дисплейі

Сағат өзіне тән әсем дизайнын сақтап қалды және бұрынғыдай 42 және 46 мм өлшемдерде ұсынылады. Ал корпус материалдарының қатары кеңейді: алюминий мен титанға керамика қосылды.

МатериалТүстер
АлюминийDark Bronze, Light Gold, Black, Space Gray
ТитанRadiant Gold, Natural
КерамикаPearl White, Night Blue

Series 12 моделіне көру бұрышы кең OLED матрицалы Always-On Retina дисплейі орнатылған. Оның жарықтығы 1-ден 2000 нитке дейін өзгереді: көмескі жарықта экран көзді қарықтырмайды, ал ашық күн астында ондағы ақпарат анық көрінеді. Алюминий модельдерде енді Ion-X орнына Ceramic Shield 2 қорғаныш қабаты қолданылады, ал титан және керамикалық модельдер сапфир әйнекпен қорғалған. Мұндай жабын экранның зақымдану қаупін азайтады.

Процессор және қуаттаусыз жұмыс істеу уақыты

S11 чипі барлық сенсорлар мен жасанды интеллектке негізделген мүмкіндіктердің жұмысын қамтамасыз етеді. Audio Intelligence құрамына мыналар кіреді:

  • Sound Recognition – айналаңыздағы дыбыстарды танып, сағат арқылы ескертеді (мысалы, құлаққап тағып отырғанда нәрестенің жылағанын, сиренаны немесе есік қоңырауын естімей қалсаңыз);
  • Live Rewind – әңгіменің соңғы 15 секундын мәтін түрінде көрсетеді (назарыңыз басқа жаққа ауып кетсе немесе айтылған сөзді естімей қалып, қайта сұрағыңыз келмесе, ыңғайлы);
  • Shazam – фондық режимде жаныңызда қандай ән ойнап тұрғанын автоматты түрде анықтап, оның атауын виджетте көрсетеді (ол үшін Smart Stack бөліміндегі Music Detection қосқышын алдын ала іске қосыңыз);
  • Siri Recap – әңгіменің қысқаша мазмұнын жасайды және жұмыс кездесуінен немесе дәрігер қабылдауынан кейін айтылған негізгі ақпаратты еске түсіруге көмектеседі – бұл мүмкіндік Siri арқылы қолжетімді.

Қазақстанда барлық мүмкіндіктер қолжетімді болады, алайда Live Rewind және Siri Recap әзірге тек ағылшын тілін қолдайды. Уақыт өте келе Apple қолдау көрсетілетін тілдер тізімін кеңейтуі мүмкін, бірақ әзірге қазақ тілінің қосылатыны туралы ақпарат жоқ.

Series 12 қалыпты пайдалану кезінде 24 сағатқа дейін, ал қуат үнемдеу режимінде 38 сағатқа дейін жұмыс істейді. Apple Watch Series 12 сыртта жаттыққанда 10 сағатқа дейін қуаттаусыз жұмыс істейді, бұл Series 11-мен салыстырғанда 25% ұзақ. Жылдам қуаттау мүмкіндігі де сақталған: сағатты 15 минут қуаттасаңыз, ол қалыпты режимде 12 сағатқа дейін жұмыс істейді, ал 5 минут қуаттау ұйқыны 10 сағат бойы бақылауға жеткілікті.

Денсаулықты бақылау функциялары және жаңа сенсорлар

Жаңа Health Sensing System жүйесі жаңартылған оптикалық және электрлік сенсорлар арқылы жұмыс істейді. Сағат күн бойы жүрек соғу жиілігін әр бес секунд сайын өлшейді: соның арқасында көбірек дерек жиналып, күнделікті белсенділік сақиналарында дәлірек көрсетіледі. Жүрек соғу жиілігінің өзгергіштігі, яғни HRV, әр бес минут сайын өлшенуі мүмкін – бұл бұрынғы буынмен салыстырғанда 24 есеге дейін жиірек.

Енді жаттығуға бару-бармауды шешкенде Readiness көрсеткішін ескеруге болады. Бұл функция белсенділікті, ағзаның физиологиялық көрсеткіштерін және ұйқы сапасын талдап, нәтижесінде 0-ден 10-ға дейін баға береді. Қарқынды жаттығудан немесе дұрыс ұйықтамағаннан кейін көрсеткіш төмендеуі мүмкін, ал жақсы демалған соң қайта көтеріледі. Баға күн ішінде жаңартылып отырады, сондықтан оны келесі физикалық жүктеме алдында тексеру ыңғайлы.

Денсаулықты бақылауға арналған бұрыннан таныс функциялар да сақталған: қандағы оттегі деңгейін өлшеу, ЭКГ, ұйқыны бақылау, жүрек соғу жиілігі шамадан тыс жоғары немесе төмен болғанда ескерту, ұйқы апноэсі мен гипертензияны анықтау. Apple Watch әлдеқашан жай аксессуар болудан қалып, үнемі жаныңызда жүріп, денсаулығыңызды бақылауға көмектесетін жеке көмекшіге айналды.

Apple Watch Series 12-нің жаңа мүмкіндіктерін смартфондағы жаңартылған «Денсаулық» қолданбасы толықтырады – ол биыл сәл кейінірек шығады. Ондағы мәліметтер толығырақ әрі нақтырақ болады. Longevity бөліміндегі Health Age функциясы денсаулықтың жекелеген көрсеткіштерін хронологиялық жаспен салыстырады. Егер олардың арасында айтарлықтай айырмашылық болса, денсаулыққа көбірек көңіл бөлуге негіз бар. Ал жеке ұсынымдар For You бөлімінде жаңартылып отырады. Қолданба iOS жүйесінің жаңартылған нұсқасы орнатылған және Apple Intelligence функциясын қолдайтын барлық iPhone модельдерінде жұмыс істейді.

Apple Watch Series 12 көмегімен фитнес және жаттығу

Apple қадам санау алгоритмдерін жаңартты: енді сағат үй ішінде жүргенде және жүгіргенде қашықтықты дәлірек анықтайды. Ал Steps кеңейтімі арқылы қадам санын тікелей циферблаттан көре аласыз.

Workout Buddy енді iPhone жақын жерде болмаса да, сағат Wi-Fi желісіне немесе ұялы байланысқа қосылған кезде жұмыс істейді. Функция жаттығу кезінде кеңес береді, алайда қазақ тілін қолдамайды – ағылшын немесе испан тілін пайдалануға болады.

Байланыс және үйлесімділік

2026 жылғы барлық жаңа Apple Watch модельдері Wi-Fi 4 және Bluetooth 5.3 технологияларын қолдайды. GPS және GPS + Cellular нұсқалары бар.

Сағат бірден watchOS 27 жүйесімен шығады. Оны алғаш рет баптау үшін iOS 27 жүйесін қолдайтын смартфон қажет – iPhone 11 және одан кейінгі кез келген модель жарайды.

Жаңа Apple Watch 12-ні қайдан сатып алуға болады?

Apple Watch Series 12 сағатын iSpace дүкенінен сатып алуға болады. Мұнда өндірушінің бір жылдық ресми кепілдігі бар түпнұсқа құрылғылар сатылады.

Тапсырысты онлайн рәсімдеп, курьер арқылы тікелей есігіңізге дейін жеткізуге болады немесе Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және басқа қалалардағы iSpace дүкендеріне келе аласыз. Сатып алу кезінде Trade In бағдарламасын, бөліп төлеуді немесе серіктес банктер ұсынатын несиені пайдалануға болады. Сұрақтарыңыз болса, мамандарымызбен дүкенде, телефон арқылы немесе сайттағы чатта байланыса аласыз – қуана көмектесеміз.

9 қыркүйекте Apple Watch Ultra 4 жаңа моделі де таныстырылды – ол туралы блогымызда толығырақ айтып береміз.

FAQ

Apple Watch Series 12-де қандай жаңалықтар бар?

Сағат Health Sensing System жүйесімен, S11 чипімен, жүрек соғу жиілігі мен HRV көрсеткішін жиірек өлшеу мүмкіндігімен, Readiness көрсеткішімен және Audio Intelligence функцияларымен жабдықталған. Сондай-ақ модельдер қатары керамикалық корпусы бар нұсқамен және жаңа түстермен толықты.

Жаңа Apple Watch 12-ні қайдан сатып алуға болады?

Apple Watch Series 12 Қазақстанда ресми түрде 25 қыркүйекте сатылымға шықты. Қажетті өлшемдегі, материалдағы және түстегі модельдің бар-жоғын ispace.kz сайтынан тексеруге болады.

Жаңа Apple Watch Series 12-де денсаулықты бақылауға арналған қандай функциялар пайда болды?

Series 12 жүрек соғу жиілігі мен HRV көрсеткішін жиірек өлшейді, ал Readiness ағзаның физикалық жүктемеге дайындығын 0-ден 10-ға дейін бағалайды. 2026 жылдың соңына қарай Apple iPhone-дағы «Денсаулық» қолданбасын жаңартуды жоспарлап отыр.

Apple Watch Series 12 қуаттаусыз қанша уақыт жұмыс істейді?

Сағаттың аккумуляторы қалыпты пайдалану кезінде 24 сағатқа дейін, ал қуат үнемдеу режимінде 38 сағатқа дейін жұмыс істейді.

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!