Apple компаниясы жыл сайынғы WWDC 2026 конференциясында өз құрылғыларына арналған операциялық жүйелердің жаңа нұсқаларын таныстырды. Таныстырылымдағы басты жаңалықтар iOS 27, macOS 27, iPadOS 27 және басқа да операциялық жүйелерге қатысты болды.

Әзірлеушілер жасанды интеллектке және балалардың қауіпсіздігін күшейтетін жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударды. Siri AI көмекшісінің жаңа буыны ұсынылды: ол құрылғыларды пайдалануды бұрынғыдан да ыңғайлы етеді. Басқа жаңалықтардың қатарында операциялық жүйелердегі әйнек тәрізді дизайнның жетілдірілуі, фотосуреттерді өңдеу мен мазмұн жасаудың жеңілдеуі бар.

Бұл мақалада біз операциялық жүйелердің негізгі мүмкіндіктері және олардың қандай пайдасы бар екені туралы айтып береміз. Егер сіз бета-нұсқаларды қазір-ақ сынап көргіңіз келсе және көмек қажет болса, iSpace сарапшыларына хабарласыңыз. Біз барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, жаңа операциялық жүйені орнатуға көмектесеміз. Ал құрылғыңызды тиімді шарттармен жаңарту үшін Trade In, бөліп төлеу және несие мүмкіндіктерін ұсынамыз.

WWDC 2026 таныстырылымы қашан өтті?

WWDC 2026 конференциясы (Worldwide Developers Conference) 8 маусымда басталып, бес күнге созылды. Негізгі таныстырылымда күзде қолжетімді болатын басты жаңартулар көрсетілді. Дегенмен кейбір бета-нұсқаларды қазір-ақ пайдалануға болады.

WWDC 2026-да қандай негізгі жаңалықтар көрсетілді?

Конференцияда Apple компаниясы Apple Intelligence негізіндегі Siri AI көмекшісін таныстырды. Көмекшінің жаңа нұсқасы iPhone, Apple Watch, iPad, Mac және Apple Vision Pro құрылғыларына арналған.

Балалардың қауіпсіздігіне бөлек бөлім арналды. Communication Safety құралы орынсыз ақпаратты бұғаттайды, ал ата-аналар экран уақытын бақылауға арналған кеңейтілген мүмкіндіктерді пайдалана алады. Мысалы, олар аптаның әр күні үшін нақты қолданбаларға жеке кесте орната алады. Ата-аналар сондай-ақ баланың кіммен хат алмасатынын және кіммен қоңырау арқылы сөйлесе алатынын шектей алады.

iOS 27-де қандай жаңалық бар?

2026 жылғы конференцияның басты жаңалығы – Siri AI. Енді дауыстық көмекші:

  • жеке деректеріңіздегі ақпаратты түсініп, бұрынғы сөйлесулер негізінде жауап бере алады;
  • экрандағы ақпаратты тани алады – мысалы, одан әлеуметтік желідегі фотосуреттің қай жерде түсірілгенін анықтап беруді сұрауға болады;
  • экожүйедегі басқа құрылғыларда да әңгімені еркін жалғастыра алады.

iOS 27 тұрақтылығы мен жылдамдығы өте жоғары деңгейде. AirDrop арқылы файл жіберу 80%-ға, қолданбаларды іске қосу 30%-ға, ал түсірілімнен кейін фотосуреттерді жүктеу 70%-ға жылдамдады. iPhone пайдалану бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсті. Жалпы iOS 27-де екі жүзден астам жақсарту бар. Мысалы, «Фото» қолданбасында енді артық нысандарды өшіріп қана қоймай, суреттің шеттерін толықтырып кеңейтуге немесе дайын фотосуреттегі түсіру нүктесін өзгертуге болады. Айтпақшы, iCloud-тағы ортақ альбомдар енді Android пен Windows жүйелерінде де қолжетімді – демалыстан кейін достарыңызбен фотосурет бөлісу жеңілдейді.

iOS 27 iPhone 11-ден бастап барлық құрылғыларда жұмыс істейді. Ал жасанды интеллектке негізделген мүмкіндіктер iPhone 15 Pro және одан кейінгі модельдерде қолжетімді болады.

macOS 27-де қандай жаңалық бар?

Операциялық жүйенің ресми атауы – Golden Gate. Бұл атау Сан-Францискодағы әйгілі аспалы көпірден алынған. Жаңарту Intel процессоры бар модельдерден басқа барлық Mac құрылғылары үшін өзекті. Дизайн айтарлықтай өзгерді. Жаңа мүмкіндіктер пайда болды:

  • құралдарға арналған бірыңғай панель;
  • бүйірлік навигация блогындағы түрлі түсті белгішелер;
  • барлық терезелерге арналған бірдей дөңгеленген бұрыштар.

Мұнда да Siri AI көмекшісі пайда болды. Ол Spotlight жүйесіне кіріктірілген, әртүрлі сұрақтарға жауап бере алады және еркін әңгімелесуге мүмкіндік береді. Siri Visual Intelligence арқылы экрандағы ақпаратты таниды: мысалы, фотосурет бойынша интернеттен қажетті мәлімет таба алады.

iPadOS 27-де қандай жаңалық бар?

iPadOS 27 де Siri AI-мен жұмыс істеуге бейімделген. Мысалы, iPad-та Write with Siri функциясын қолдана аласыз – көмекші мәтінді өзі жазып береді немесе өңдейді. Ал жазылған мәтінді жылдам талдап, грамматиканы тексеру үшін Ask Siri функциясы бар. Жақсартулар көптапсырмалылыққа да қатысты. Енді мыналарды жасауға болады:

  • терезелерді кідіріссіз ауыстыру және жабу;
  • қолданба кеңейтімдерін жылдамырақ іске қосу;
  • мәзір жолағын экранға бекітіп, әр жолы қимылдарды қолданбау.

Liquid Glass визуалды стилі мұнда да, басқа операциялық жүйелердегідей, оңай бапталады. iPadOS 27 M1 және одан кейінгі процессорлары бар планшеттерде, сондай-ақ A сериялы чиптері бар кейбір модельдерде қолжетімді болады.

watchOS 27-де қандай жаңалық бар?

watchOS 27 де Siri AI-мен үйлесімді. Көмекшіге жеке қолданба берілді, онда сіздің диалогтарыңыз сақталады: әңгімені смартфонда бастап, сағатта жалғастыра аласыз. Ол еркін әңгімелесуге мүмкіндік береді: жаттығу бойынша кеңес сұраңыз, кез келген сұрақ қойыңыз – ауа райы болжамынан бастап жаңа сөздің мағынасына дейін. Спорт пен денсаулыққа арналған мүмкіндіктер кеңейді. Мысалы:

  • Workout Buddy бұрынғы жаттығуларыңыздың негізінде кеңес береді – енді iPhone-мен синхрондау қажет емес;
  • Apple Watch жүгіру жолында қанша қашықтықты еңсергеніңізді дәлірек есептеп, қателіктерді азайтады;
  • менопауза кезеңін бақылау мүмкіндігі пайда болды – егер құрылғы өзгерістерді байқаса, сізге хабарлама жіберіп, осы тақырып бойынша танымдық материалдар ұсынады.

Жаңа қимыл пайда болды: Smart Stack ішіндегі виджетті ашу үшін сұқ саусақ пен бас бармақты түйістірсеңіз жеткілікті. Smart Stack-пен жұмыс істеу де ыңғайлырақ бола түсті: ол батарея зарядын көрсетеді, жақында болатын туған күндерді еске салады немесе көліктің қай жерде қалғанын көрсетеді.

WWDC 2026: Apple несімен таңғалдырды?

Apple пайдаланушылары жаңартылған Siri AI көмекшісін көптен күткен еді. Ол түрлі қолданбаларда – «Телефонда» да, «Камерада» да пайда болды. Айтпақшы, смартфондарда ол Dynamic Island интерфейсіне орналастырылған. Siri AI сіздің деректеріңізді және экрандағы ақпаратты талдай алады. Google-мен ынтымақтастық та расталды – Gemini енді Apple Intelligence жүйесіне біріктірілген.

Әзірлеушілер visionOS 27 және tvOS 27 үшін де жаңа мүмкіндіктерді көрсетті. Оларда да жаңартылған Siri жұмыс істейді. iSpace сарапшыларынан жаңа функциялар туралы толығырақ ақпаратты блогымыздан күтіңіз.

Әзірлеушілерге арналған алғашқы бета-нұсқалар Apple сайтында қазірдің өзінде қолжетімді, ал ресми нұсқалар күзде шығады. Қазақстандағы Apple Premium Partner – iSpace сарапшылары құрылғыларды жаңартуға дұрыс дайындалуға кеңес береді: ең алдымен резервтік көшірме жасау қажет. Егер операциялық жүйені орнату және баптау бойынша сұрақтарыңыз болса, бізге онлайн немесе офлайн дүкендерде хабарласыңыз – көмектесуге әрдайым дайынбыз.

Егер гаджеттеріңізді жаңартқыңыз келсе, сарапшыларымыз сұранысыңызға сай құрылғы таңдауға көмектеседі. Офлайн дүкендерде соңғы үлгідегі техниканы еркін көріп, сатып алмас бұрын өзіңіз тексеріп көре аласыз. Немесе тауарларды интернет-дүкеннен жеткізу қызметімен бірден тапсырыс беріңіз.

FAQ

Apple-дің 2026 жылғы келесі іс-шарасы қандай болады?

Күзде Apple дәстүрлі жаңа өнімдер таныстырылымын өткізеді. Әдетте онда компания iPhone-ның жаңа буынын және басқа да жаңалықтарын ұсынады.

Apple әзірлеушілер конференциясы қанша уақытқа созылады?

Конференцияның стандартты ұзақтығы – 5 күн. Әдетте ол дүйсенбіден жұмаға дейін өтеді.

Siri AI қандай тілдерде қолжетімді?

Көмекші ағылшын тілінде жұмыс істейді. Уақыт өте келе қолжетімді тілдер қатары кеңеюі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз

MacBook Neo: ғажайып Apple әлеміне шақырамыз

Apple Creator Studio: жазылымға не кіреді, бағасы қанша және оны қалай рәсімдеуге болады?

Mac-тен Mac-ке көшу: деректерді көшіру қағидалары

2026 жылы оқу үшін ең үздік ноутбуктер рейтингі: мінсіз үлгіні қалай таңдау керек

Әрқашан хабардар болыңыз!

Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!