Мазмұны
Apple-дің macOS операциялық жүйесі (ОЖ) көптеген тапсырманы орындауға мүмкіндік береді: әлеуметтік желілерге арналған бейнелерді монтаждаудан бастап қаржылық есеп дайындауға дейін. Алайда тек Windows жүйесінде жұмыс істейтін кейбір қолданбалар мен бағдарламалар бар.
Жақсы жаңалық: 2026 жылы MacBook құрылғысында Windows жүйесін пайдалануға болады. Intel процессоры бар құрылғыларға Windows 10 жүйесі Boot Camp утилитасы арқылы орнатылады. Ал M сериялы чиптері бар модельдерде виртуалды орталарды пайдалану қажет. iSpace мамандары Apple техникаңызды баптауға және туындаған сұрақтарға жауап беруге әрқашан дайын.
Windows операциялық жүйесі мына жағдайларда қажет болуы мүмкін:
Mac компьютерінде екінші операциялық жүйені де пайдалануға болады. Ол үшін тағы бір ноутбук сатып алудың немесе қазіргі құрылғыңызды басқа құрылғыға ауыстырудың қажеті жоқ.
Intel процессоры бар Mac компьютерлері x86 архитектурасына негізделген. Windows жүйесін Boot Camp утилитасы арқылы орнатуға болады. Құрылғыны қосқан сайын қай операциялық жүйені іске қосатыныңызды таңдауыңыз қажет: macOS пен Windows бір уақытта емес, кезекпен жұмыс істейді.
Apple Silicon чиптері (M1 және одан кейінгі нұсқалар) орнатылған Mac құрылғылары Arm архитектурасын пайдаланады. Мұндай құрылғыларда Boot Camp жұмыс істемейді, сондықтан Windows жүйесін жеке операциялық жүйе ретінде тікелей орнату мүмкін емес. Дегенмен оны арнайы виртуалды машиналар мен эмуляторлардың көмегімен macOS жүйесіндегі бөлек терезеде іске қосуға болады. Кейде ескірген немесе үйлесімсіз драйверлердің салдарынан жұмыс барысында кідірістер туындауы мүмкін екенін ескерген жөн.
Mac компьютерінде Windows жүйесін пайдаланудың бірнеше тәсілі бар. Әдісті таңдағанда Mac моделін және оның процессорын ескеріңіз.

Boot Camp – көп жылдан бері қолданылып келе жатқан ресми құрал. Жаңа операциялық жүйені орнатпас бұрын деректердің сақтық көшірмесін Time Machine арқылы жасап алуға, Mac моделінің Windows жүйесімен үйлесімді екеніне көз жеткізуге және дискіде жеткілікті бос орын қалдыруға кеңес береміз. Кемінде 64 ГБ бос орын қажет, ал ыңғайлы жұмыс істеу үшін 128 ГБ немесе одан да көп орын болғаны дұрыс. MacBook құрылғысына Windows орнату жолы:
Бір операциялық жүйеден екіншісіне ауысу үшін ноутбукті қайта іске қосыңыз. Құрылғы жүктеліп жатқанда пернетақтадағы Option пернесін басып тұрып, қажетті дискіні таңдаңыз.
Маңызды: Boot Camp Windows 10 жүйесімен жұмыс істейді. Алайда бұл операциялық жүйеге ресми қолдау 2025 жылдың күзінде аяқталды. Сондықтан жүйеде түзетілмейтін қателер туындауы мүмкін, өйткені оған жаңартулар енді шығарылмайды.
Parallels Desktop Apple Silicon негізіндегі құрылғылармен жұмыс істейді. Windows жүйесі macOS ішінде жеке терезеде ашылады, сондықтан құрылғыны қайта іске қосудың қажеті жоқ. Бұл құралды пайдалану үшін жылдық жазылым рәсімдеу немесе тұрақты лицензия сатып алу қажет. Мұны әзірлеушінің ресми сайтында жасауға болады. Алдымен .dmg форматындағы файлды жүктеп алып, іске қосасыз.
Бағдарлама Windows 11 on Arm жүйесінің орнату нұсқасын өзі жүктеп алып, оны Mac компьютерінде жұмыс істеуге бейімдейді. Ортақ алмасу буферінің арқасында файлдарды macOS пен Windows арасында оңай тасымалдауға болады. Бұл күнделікті жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.
Parallels Desktop – виртуализацияға арналған жалғыз шешім емес. Мысалы, VMware Fusion жеке мақсатта пайдалануға арналған тегін лицензия ұсынады. Бағдарлама тұрақты жұмыс істейді, алайда оның macOS жүйесімен ықпалдасу мүмкіндіктері Parallels Desktop-пен салыстырғанда шектеулірек.
UTM – әртүрлі операциялық жүйелерді іске қосуға арналған бастапқы коды ашық тегін бағдарлама. Ол күнделікті тапсырмаларды жақсы орындайды, бірақ барлық ойынға бірдей қолайлы емес.
Ақылы CrossOver құралы Wine негізіндегі үйлесімділік қабаты арқылы жекелеген бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл тек белгілі бір қолданбаларды пайдалану қажет болған жағдайда ыңғайлы.

Екінші операциялық жүйені пайдаланғанда қолданбалар мен жалпы жүйенің жұмысы баяулап кетуі мүмкін деген алаңдаушылық туындауы ықтимал. Алайда 2026 жылғы синтетикалық өнімділік сынақтары Arm процессорларында виртуалды жүйенің тұрақты жұмыс істейтінін көрсетеді.
| Тапсырма | Қалай жұмыс істейді |
| Microsoft Office, браузерлер, корпоративтік порталдар | Әдетте жылдам әрі еш қиындықсыз жұмыс істейді |
| Бухгалтерлік бағдарламалар | Жұмыс істеуі бағдарламаның нұсқасы мен баптауларына байланысты |
| Әзірлеу және тестілеу | IDE орталарында және браузерлерде жұмыс істеуге, сондай-ақ Windows қолданбаларын тестілеуге қолайлы |
| Инженерлік және сәулеттік бағдарламалар | Қарапайым жобалар әдетте қалыпты жұмыс істейді |
| Ойындар | Негізінен жүйелік талаптары жоғары емес ойындар іске қосылады |
Түпнұсқа MacBook пен Mac компьютерлерін Қазақстандағы Apple Premium Partner – iSpace дүкенінен сатып алуға болады. Біз өндірушінің кепілдігі бар сапалы техниканы ұсынамыз. Құрылғыларды өзіңіз сынап көру үшін Астана, Алматы, Шымкент және басқа қалалардағы өзіңізге ыңғайлы дүкендеріміздің біріне келіңіз. Сондай-ақ тапсырысты онлайн рәсімдеп, Қазақстанның кез келген өңіріне жеткізу қызметін пайдалана аласыз.
Қай тәсілді таңдасаңыз да, мамандарымыз техника таңдауға және оны баптауға көмектесуге әрқашан дайын. Олардан телефон арқылы, сайттағы чатта немесе дүкендерімізде тікелей кеңес ала аласыз.
Техникаңызды жаңартқыңыз келсе, Trade In айырбастау бағдарламасын пайдаланыңыз: ескі құрылғыңызды әкелесіз, біз оның құнын бағалап, сол соманы жаңа құрылғының бағасынан шегереміз. Сондай-ақ қолайлы төлем шарттарымен бөліп төлеу немесе несие рәсімдеуге болады. Қажет болған жағдайда iSupport уәкілетті сервис орталығына жүгіне аласыз – инженерлер Apple стандарттарына сай жұмыс істеп, тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланады.
Біздің каталогтан Mac таңдаңыз:
Хотите ещё больше интересных лайфхаков и обзоров, подписывайтесь на наши соцсети и следите за обновлениями в блоге.
Тағы да пайдалы кеңестер мен шолуларды көргіңіз келсе, әлеуметтік желілерімізге жазылып, блогтағы жаңартуларды қадағалаңыз.
Mac компьютеріне Windows не үшін орнатылады?
Windows жүйесі macOS жүйесінде қолжетімсіз арнайы бағдарламаларды пайдалану үшін қажет болуы мүмкін. Олардың қатарына бухгалтерлік бағдарламалар, корпоративтік және оқу сервистері, ойындар, кеңсе бағдарламалары мен инженерлік бағдарламалық жасақтама жатады.
MacBook құрылғысына Windows орнатуға бола ма?
Иә, болады. Intel чиптері бар модельдерге Windows 10 жүйесін Boot Camp арқылы орнатуға болады. Apple Silicon орнатылған құрылғыларда Windows 11 on Arm жүйесін виртуалды ортада, мысалы, Parallels Desktop көмегімен іске қосуға болады.
Қандай MacBook модельдері Windows жүйесін қолдайды?
Boot Camp бағдарламасымен үйлесімді Intel процессоры бар MacBook модельдеріне Windows жүйесін тікелей орнатуға болады. Apple Silicon (M1 және одан кейінгі нұсқалар) орнатылған MacBook құрылғыларында Boot Camp қолданылмайды, сондықтан Windows виртуалды орта арқылы іске қосылады.
Mac компьютеріне Windows орнатудың кемшіліктері бар ма?
Виртуалды машина құрылғы жадынан орын алады және оның есептеу ресурстарын пайдаланады. Кейде драйверлердің, ойындардың, USB арқылы қосылатын құрылғылардың және кейбір бағдарламалардың үйлесімділігіне қатысты шектеулер кездеседі. Кейбір драйверлер заманауи бағдарламалық жасақтамамен үйлеспеуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарға жазылыңыз және дүкеннің жаңа акциялары мен арнайы ұсыныстары туралы бірінші болып біліңіз!